Зертханалық сабақ 11. Ауыр және жеңіл фракциядағы, күшті, орташа, әлсіз магниттілік түпшайма минералдарын анықтау
Әлсіз магниттілігі бар минералдарды анықтау. Құрамында қоспа түріндегі магнитофор элементтері бар минералдар; пироксендер, амфиболдар, сфен, эпидоттар-әлсіз магнитті минералдарға жатады.Типтік кендік металдар-уранит, силикат, моноцит, сфалерит және жердің сирек тотықтары.
Сфалерит ZnS- түпшаймаларда сирек полиметалдар кен орындарына жақын жерлерде көрінеді. Оның құрамында темір қоспасы бар.Түсі қою-қоңырдан қызыл-қоңырға дейін, қызыл-қоңырлау, бұрғылт (темір мөлшеріне байланысты) магниттілік қасиетіне ие.Түйірлері- бұрыс бұрышты пішінде, дөңгелектелген пішінде сирек. Бағытталған жарылу жазықтығында алмазды жылтырлығы бар, сынықта-майлы,сызығы-қоңыр.Тығыздығы 3,3-4,2; қаттылығы 3,5-4.Минерал сынғыш,бастырғанда бұрышты, пластиналы қызыл-бұрғылт түсті сынықтарға жеңіл сынады.
Диагностикасы: сырт пішіні бойынша анықтау қиын, бірақ мырыштың микрохимиялық реакциялары. Және поляризацияланған жарықта зерттеу (2,370-2,428) арқылы анықтайды. Эпидот- аса қызықтырмайды, жиі кездеседі. Түсі ашық-жасыл, сары-жасыл, жасыл-сары. Түйірлері- әдетте дұрыс емес, ұзындау, бұрышты, сызатты (жарылулары бар). Жазықтықта шынылы жылтырлығы бар, сынықпа –майлы, сынғыш минерал.Қаттылығы 5-6; тығыздығы3,3-5-3,5. Оптикалық тұрақтылары (1,735-1,785) арқылы дигностикаланады.
Шпинель:- (Mg,Fe) AlO- түпшаймаларды жиі кездеседі, бірақ минералогиялық талдауда анықталады. Өзен, теңіз жағалауы, көл маңындағы зерттеулерде өте қызықты. Түиірлері әдетте дөңестелеген жұмыртқа және шар тәрізді пішінге ие. Қаттылығы-7,5-8,0; тығыздығы-3,6-4,0; бағытталған жарылулары жоқ, жылтырлығы- шынылық. Сынғыш минерал. Түсі-жасылдан көгілдірге дейін немесе қызылдан қою-қоңырға дейін. Поляризацияланған жарықта (1,72-1,77) зерттеумен диагностикаланады.
Сфен Ca Ti(SiO)О –конверт пішінді моноклинді кристалдар түрінде түпшаймаларды жиі кездеседі. Түсі-сары-қоңыр әртүрлі реңді, жасыл-қоңыр түрі сирек болады. Бағытталған жарылулары жақсы, жылтырлығы- шынылымайлы алмазды. Қаттылығы-5; тығыздығы-3,5; Титанның микрореакциялары және оптикалық константалары (1,97-2,09) бойынша анықталады.
2. Орташа магниттілігі бар минералдарға құрамында темір жанұясының элементтері (темір, никель, кобальт) марганец, хром, сирек жер элементтері жатады. Мысалы: сиикаттар, тотықтар.(окислы)
Ильменит- (Fe, Mg)TiO-тұпшаймаларда кеңінен таралған. Ол жоғары беттік жағдайларға төзімді, жаксы жуылады, түйірлері дөңгеленген, дқрыс емс пішіді. Қаттылығы -5-6; бағытталған жарылулары жоқ, сынығы түзу емес. Тығыздығы 4,4-4,8; түсі смолалы-қара, тотыққан түйірері, лимониттің таттанған-қоңыр қабықшасымен жабылған, сызаты-қара немесе сарғыш- қара.
Диагностикасы: магниттілігі аз, титанға сәйкес реакциялар.
Вольфрамит- (Fe, Mn)WO-түпшаймаларда сирек кездеседі. Бағытталған жарылулары жақсы, сондықтан тез ысқыланады және үгітіледі. Түсі-темірлі қара, кір-сұр, сары. Түйірлері пластиналы, бұрышты. Сызаты қызыл- қоңырдан сары- бұрғылтқа дейін. Жылтыры-жартылыай металдық, қаттылығы- 5,0-5,5; тығыздығы 6,7-7,5.
Диагностикасы: вольфрамға тән реакциялар.
Гематит FeO- түпшаймаға тән. Түйірлері бұрышты дұрыс емес. Түсі қызыл-бұрғылы немесе қара шие тәрізді түстес, қара. Қаттылығы-3,5-5,5-6,5 дейін. Тығыздығы- 5,0-5,3. Бағытталған жарылулары жоқ, сынығы түзу емес, сызаты- штдей қызыл, кейде бұрғылт реңмен.
Диагностикасы: Сызаты, бағытталған жарылулары бойынша Fe тән микрохимиялық реакциялар.
Лимонит FeO және HO- түпшаймаларда кең таралған- мүйізді алдамыш, актиналит.
Түйірлер аз жуылған. Түсі қою жасылдан қараға дейін. Жылтырлығы- шынылық. Сызат түсі-сұр жасыл немесе ақ жасыл. Қаттылығы 5-6; тығыздығы- 3,0-3,4; бағытталған жарылулары жақсы.
Диагностика; сызаты, бағытталған жарылулары бойынша.
3.Күшті магниттілігі бар минералдарды анықтау. Түпшаймлардағы күшті магнитті фракция түпшайманың жалпы массасының 10-15 құрайды. Фракция құрамына қою боялған минералдар кіреді, сондықтан ол бірыңғай қара түсті. Фракцияның меншікті салмағы-4.
Магнетит (FeFeO) түпшаймалардың кең тараған минералы. Тасымалдауда жақсы сақталады. Кристаллдар –магниттілік қабілетті ұшталған қырлы, сатылы октаэдрлар. Магнетит тығыз жұқа- түйірлі агрегаттарда тегіс емес, бұдырлы түйірлер қалпында байқалады. Қаттылығы-5-6, шықырлап сынады. Тығыздығы-4,9-5,2; жылтырлығы-күшті металдықтан мөлдір емеске дейін. Түсі- қара, бұрғылт, қызғылт немесе татты- сары. Сызаты- қара. Сырт пішіні және күшті магнитттілігімен анықталады. (түйірлері қашықтықта болат инеге тартылады). Концентрлі HCl ериді және Fe, Fe реакцияларын көрсетеді.
Титанотмагнетит FeTiO FeFe ішінде. Магнетиттің жұқа пластина түрінде ильменит бөлінуінің өсуін көрсетеді. Ол магнетитпен көп ерекшеленбейді, өте ұқсас. Түйірлері бұрыс формада бұрышты, сынықта ұшталған. Магнетитке қарағанда магниттілігі төмен. Титанның реакциялары бойынша анықталады.
Пироттин – түпшаймаларда сирек кездеседі. Түйірлері тез ысқыланады, тотығады, ыдырайды. Күшті магнитті, қою-қола түсті, бұрғылт немесе қара жолақты. Жылтырлығы-металдық, сызаты- қара. Түйірлері бұрыс, бұрышты пішінде, каттылығы -3,5-4,5; тығыздығы 4,5-4,7. Микроскоп астында қола түсі бойынша және күкірттің реакциялары бойынша диагностикаланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Минералдың магниттілігінің сипаттамасы.
2. Әлсіз магнитті минералдардың сипаттамасы
3. Орташа магнитті минералдардың сипаттамасы қандай?
4. Күшті магнитті минералдардың сипаттамасы
5. Ильменит қандай қаситеттерге ие?
Достарыңызбен бөлісу: |