Пайдалану жөніндегі нұсқаулық (Техникалық паспорт) Өзі сорып алатын



жүктеу 284,5 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі284,5 Kb.
#25202


Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

(Техникалық паспорт)

ӨЗІ СОРЫП АЛАТЫН

СҰЙЫҚТЫҚТЫ-САҚИНАЛЫ СОРҒЫЛАР
СК



1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ОРНАТУ

СК сериясындағы сұйықтықты-сақиналы сорғылар солярка мен мазутты, абразивті бөлшектері жоқ таза суды және химиялық агрессивті емес сұйықтықтарды айдау үшін ұсынылады. Айрықша жұмыс істеу принципінің арқасында олар өзі сорып алатын сорғы қажет болған жағдайда не болмаса сұйықтық ағыны жеткіліксіз, тұрақты емес немесе ауамен араласқан болған кезде тамаша шешім болып табылады.

Сорғы атмосфералық ықпалдан қорғалған жайларда немесе жерлерде орнатылуы тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сорғының ағынды бөлігі қауіпті! Жұмыс дөңгелегі пышақ сияқты өткір!

!!! Сорғының қозғалтқышы электр желісіне қосылып тұрған кезде сорғыш және арынды саңылауларды қолмен ұстауға, сорғыны аударуға қатаң тыйым салынады.

!!! Электр сорғы желіге қосылып тұрған кезде білік және жұмыс дөңгелегі айналымының бос жүрісін тексеруге қатаң тыйым салынады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға сорғыға жақындауға және оны қосылған күйде, сонымен қатар қосылмаған күйде ұстауға, сорғының электр сымын қолмен ұстауға рұқсат бермеңіз.

2. ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

СК сериясындағы сорғылар қатты картоннан жасалған қораптарда орнатуға дайын күйде паспортпен бірге жеткізіледі. Сорғы қатты бетке орнатылады, соруға арналған шлангқа, шығыс құбырға және қорек желісіне жалғанады.

Сорғы температурасы 0ºС-тан +40ºС дейінгі жабық жайларда және ауа-райы ықпалдарынан қорғалған жерде орнатылуы тиіс. Сорғыдан суы бар ыдысқа дейін сорып алатын құбыр өткізіледі, оның жалпы манометрлік биіктігі 9 метрден аспауы тиіс. Сорып алатын құбыр жолының ішкі диаметрі сорғының кіріс келтеқұбырынан аз болмауы тиіс. Сорып алатын құбырдың аяқ жағында кері клапан орнатылады. Сорғыны бірінші рет іске қоспастан бұрын сорғының корпусына және сорып алатын құбырға су құю қажет. Сонымен қатар сорғы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген жағдайда және сорып алатын құбырға ауа кірген жағдайда су құю қажет болады.

Су сорғы корпусындағы саңылау арқылы құйылады. Су құю үшін су құюға арналған саңылаудың тығынын алып тастау керек. Су құйып болғаннан кейін тығынды қайтадан орнына салу қажет. Егер су бағанының биіктігі 20 метрден биік болса, арынды құбырда кері клапанды орнатуға кеңес беріледі.



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сорғының сусыз жұмысы оны істен шығарады!

Сорғыны пайдалану кезінде келесі талаптар сақталуы тиіс:



- сұйықтықтың температурасы

- жұмыс кернеуі: СКm үшін

СК үшін

- шуыл деңгейі



- сорып алу биіктігі

- максималды жұмыс қысымы



0-ден +90ºС дейін (солярка мен мазут үшін +55ºС дейін)

220В/50Гц ± 5%

380В/50Гц ± 5%

74 дб аспайды

9 м дейін

2,2 атм дейін



3. ЭЛЕКТРЛІК ЖАЛҒАУ

СК сериясындағы сорғылар қосуға дайын. Сорғыны қоспастан бұрын желі кернеуінің сорғы жапсырмасындағы анықтамалық деректерге сәйкестігін тексеріңіз.

Бір фазалы сорғылар үшін: қорек кабелін жалғау кезінде екі бұранданы бұрап шешу қажет, қозғалтқыштың корпусындағы қақпақты шешіп, кабельдің ұштарын жалғау қажет:

нөл, фаза – L1, L2; жерлендіру ұшы – жерлендіру клеммасына жалғанады.

Жұмыс дөңгелегі айналымының дұрыс бағытын корпустың бүйір жағындағы стрелка көрсетеді.

Үш фазалы қозғалтқыштар үшін дұрыс айналмаған жағдайда екі фазаны ауыстыру керек. Бір фазалы сорғылар үшін конденсаторға жалғанған сымдарды айырбастау керек.



4. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

1. Сорғылар МемСТ 27570.0-87, МемСТ 27570.30-91 талаптарына сәйкес жасалған.

2. Жазатайым оқиғалардың орын алуына жол бермеу үшін сорғыны қорек кабелінен көтеруге немесе тасымалдауға қатаң тыйым салынады.

3. Сорғыны жанып жатқан немесе химиялық белсенді сұйықтықтарды айдау үшін, сонымен қатар жарылыс болу қауіпі бар жерлерде пайдалануға тыйым салынады.



4. Сорғыны сусыз пайдалануға тыйым салынады.
жүктеу 284,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау