58. Техникалық жай-күйін анықтау
438. Техникалық жай-күйін анықтауға қатысты жалпы нұсқаулар осы Қағиданың 10-тарауында айтылған.
439. Электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау алдыңғы куәландыру актісін қолданумен куәландыру нәтижесі және байқалған тозулар, ақаулар, істен шығу мәліметтері және кеме иесімен ұсынылған құжат бойынша жүргізілген жөндеу және ауыстырулар (ақаулық актісімен, сынау актісімен, өлшеу нәтижесімен, формулярмен, журналдармен) бойынша анықталады.
440. Электр жабдықтың тозу, ақаулық нормасы ұйымдастырушы-дайындаушының техникалық шарттарымен, нұсқаулықтарымен және Кеме қатынасы тіркелімімен танылған нормативтік құжаттармен, сондай-ақ осы тараудың нұсқауларына сәйкес белгіленеді.
441. Электр жабдықтың техникалық жай-күйі, егер оның жағдайы жұмысқа қабілетті, оқшаулаудың қарсыласуы нормада, ал тозу, ақаулық параметрлері қажетті мәннен асып кетпейтін болса жарамды деп табылады.
442. Электр жабдықтың техникалық жай-күйі жарамсыз деп табылады, егер:
1) мегаомметр немесе басқа ұқсас құралдың көмегімен оқшаулаудың қарсыласуын өлшеу осы Қағиданың 10-қосымшасында белгіленген рұқсат етілген мәннен төмен болса;
2) еспелі электр қондырғының басты электрлік машинасының коллектор және байланыс дөңгелектерінің, кемелік электр станциясының генераторының және электр доңғалақтарының 50 кВт және одан жоғары күшпен соғуы ұйымдастырушы-дайындаушымен белгіленген техникалық шарттар, немесе технологиялық нұсқаулықтар мәнінен асып кетсе, ал мынадай мәліметтер болмаған жағдайда:
коллектор және байланыс доңғалақтарының диаметрі - 125 мм - 0,08 мм дейін;
коллектор және байланыс доңғалақтарының диаметрі - 125 мм - 0,1 мм дейінгі кезде;
3) еспелі электр қондырғының басты электрлік машиналары, кемелік электр станциялардың генераторлары және жауапты құрылғылардың электрлік қозғалтқыштарында, техникалық шарттармен немесе ұйыдастырушы-дайындаушымен рұқсат етілген параметрлер мәнінен асатын тозу және ақаулар болса;
4) еспелі электр қондырғының басты электрлі машинасының немесе кемелік электр станциясында орнатылған коммутация сыныбының режимінде 1,5 жоғары болуымен коммутацияның нашарлауы;
5) резерв болмаған кезде, еспелі электр қондырғының басты машиналарына немесе кемелік электр станцияның генераторларына (қоздырғыштар, вентиляторлар және с.с.) қызмет ететін жөнделмеген қосымша электр жабдықтар;
6) жөнделмеген кернеудің реттегіштері, коммутация аппараттары, қорғаулар, еспелі электрлік қондырғының басты электр машиналарының бақылау және сигнал берулер;
7) жауапты құрылғылардың жөнделмеген электр жетектері;
8) нәтижесінде жауапты тұтынушыларға және өрт қауіпсіздігіне электр энергиясын таратуды қамтамасыз етпейтін, жөнделмеген электр станцияның басты таратқыш қалқаны;
9) кабельді оқшаулаудың зақымдануын ылғалдылықты өлшеумен және ескіру дәрежесін табу (сырының кетуі, шіруі, кебуі);
10) авариялық көздердің және электр энергиясын тұтынушылардың жөнделмеуі;
11) жарылыстан қорғайтын электр құрал-жабдықтың жарылыс қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуі немесе зақымдануы;
12) кеменің қауіпсіз пайдалануына кедергі келтіретін, электр құрал-жабдықтың басқа табылған жарамсыздықтары.
443. Жауапсыз мақсаттағы электр жабдық жарамсыз кезде, сондай-ақ бұл жабдықтың жұмысы кезінде, бұл жабдықтың параметрлері жарамсыздық салдарынан ұйымдастырушы-дайындаушымен рұқсат етілмеген мәндермен сипатталса, мұндай жабдықты пайдалануға тыйым салынады, бірақ кеме пайдалануға жарамды болып танылуы мүмкін.
444. Кемелік электр станция генераторларының біреуінің жарамсыз кезінде, егер өзге генераторлардың қуаты жүру және авариялық режимді, ал жүзбелі крандарда - жүктеме механизмдерінің жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті болса электр жабдықтары әрі қарай пайдалануға жарамды деп танылады.
12-бөлім. Радио байланыс құралдарын және навигациялық жабдықтарды куәландыру
59. Жалпы нұсқаулар
445. Осы тарауда радио байланыс құралдарын және навигациялық жабдықты куәландыру (бұдан әрі - жабдық) бойынша нұсқаулар айтылады.
446. Кемеде жаңа жабдықты орнату немесе осындай жабдықтың басқа түріне ауыстыру, құрал жабдықтың және оның қондырғысына техникалық құжаттаманы Кеме қатынасы тіркелімімен келіскен жағдайда жүргізіледі.
447. Куәландырудың барлық түрінде құрал-жабдық қарауға қажетті жағдайларда ашуды немесе қайта монтаждауды рұқсат етуді қамтамасыз етумен дайындалады.
Жабдықты іс-қимыл кезінде тексеру үшін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне жұмыс жағдайында ұсынылады.
Жабдықты әрбір куәландыру радиостанция бастығы немесе жабдыққа жауапты маманның қатысуымен жүргізіледі.
Куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері техникалық құжаттамалармен: сызбалар, схемалар, жазбалар, формулярлар және паспорттар, радиотелеграмма (радиотелефон) журналымен танысады.
448. Куәландыруға, сондай-ақ жабдықтың міндетті құрамын талап ететін Кеме қатынасы тіркелімінің Қағидасына қосымша жүзу қауіпсіздігін нығайту мақсатында кемеде кеме иесінің шығаруымен орнатылған жабдықтарда жатады.
449. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жабдықтың кеме жүзу алдында тексерілгені туралы құжаттың, монтаждау, жөндеу, ретке келтіру және сынау жүргізілгеннен кейінгі жөнделгенін және құрал-жабдықтың жинақтылығын растайтын құжаттарды және Кеме қатынасы тіркелімінің мойындау туралы куәлігі бар, ұйымның өкілімен қол қойылғанын тексереді.
450. «Т» және «К» сыныптың кемелері, ПВ/КВ-сыз, егер кеме иесімен құзырлы ұйымның көрсетілген кемені пайдалану ауданы Кеме қатынасы тіркелімімен берілген сыныптамалық куәлікте, тәулік бойы дыбыстық вахтаны таситын, жағалаулық радиотелефонды станциялардың - УКВ дециметрлік толқын әрекетінің үзіліссіз зонасы болып табылатын қорытындысы ұсынылған жағдайда ғана жарамды деп табылады.
451. Жабдыққа алғашқы куәландыруды Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес, осы Қағиданың 3-тарауы § 1 ескере отырып жүргізеді.
60. Сыныптамалық куәландыру
452. Жабдықты сыныптамалық куәландыру кемені сыныптамалық куәландыру мерзімінде жүргізіледі.
453. Жабдықты сыныптамалық куәландыру осы Қағиданың 455-тармағының 1)-7) тармақшаларының нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі.
Сонымен бірге кеме иесі қосымша мынадай өлшеудің нәтижелерін ұсынады:
1) жабдықтың қорек тізбегіндегі оқшаулаудың қарсыласуы;
2) жабдықтың жерге қосылуының қарсыласуы.
454. Жабдықты сыныптамалық куәландырудың нәтижесі кемені сыныптамалық куәландыру актісінде көрсетіледі.
61. Жыл сайынғы куәландыру
455. Жабдықты жыл сайынғы куәландыру кемені жыл сайынғы куәландыру мерзімінде жүргізіледі және мыналар кіреді:
1) осы Қағиданың 447-тармағына сәйкес техникалық құжаттаманың және 450-тармаққа сәйкес кеме иесінің құжаттарының болуын тексеру;
2) жабдық орналасқан үй-жайды куәландыру;
3) жабдықтың құрамын тексеру;
4) жабдықтың орналасуын және бекітілуін тексеру;
5) қорек көзін әрекетте тексеру;
6) антенді құрылғыны және жерге орналастыруды тексеру;
7) жабдықтың техникалық жай-күйін тексеру және оны іс-қимылда тексеру.
Жыл сайынғы куәландыру нәтижесі кемені жыл сайынғы куәландыру актісінде жазылады.
62. Техникалық жай-күйін анықтау
456. Жабдықтың техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актісін қолданумен куәландыру және осы Қағиданың 449-тармағына сәйкес тексеру және пайдаланудағы байқалған ақаулар және істен шығулар туралы мәліметтер, кемелік құжаттама бойынша (радиотелеграфтық және радиотелефонды журнал) жүргізілген, жөндеу және құрал-жабдықты ауыстыру нәтижелері бойынша белгіленеді.
457. Жабдық жарамсыз деп оның жұмысқа қабілеттілігінің немесе жұмыс режимінің ішінара бұзылуы, шақыру және жұмыс жиілігі күйінің бұзылуы, таратқыш әрекетінің алыстығын талап ететін, антеннаға берілетін күштің сәйкес келмеуі, негізгі өлшеу құралдарының жарамсыздығы, оқшаулаудың аз қарсыласуы айтылады.
458. Егер жабдықты куәландыру кезінде, кеменің жүзуіне анық қауіп тудыратын ақаулар немесе жарамсыздықтар байқалса, құрал-жабдықтың техникалық жай-күйі жарамсыз деп табылады, ал кеме белгіленген ауданда жүзуге жарамды деп табылмайды.
Пайдалану шегін белгілеумен (жүзу ауданы бойынша, алып жүрумен) кеменің пайдалануға жарамды деп тану мүмкіндігі, әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.
459. Кеме қатынасы тіркелімінің талап етілген міндетті құрамнан тыс кемеде орнатылған жабдықтың жарамсыздығы, осы Қағиданың 133-тармағына сәйкес белгіленген ауданда кеменің жүзуге жарамсыз деп танудың негізі болып табылмайды.
460. Жабдықты куәландыру кезінде, оны іс-қимылда тексеру жүргізіледі, сонымен бірге магнитті компастар және механикалық лагы сыртқы байқауға ұшырайды.
13-бөлім. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтарды және құрылғыларды куәландыру
63. Жалпы нұсқаулар
461. Осы бөлімде мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыстармен ластануды болдырмау бойынша жабдықтарды және құрылғыларды куәландыру регламенттеледі (бұдан әрі - кемелерден ластануды болдырмауға арналған жабдық).
Куәландыру үшін Кеме қатынасының тіркелімінің қызметкеріне ұсынылатын экологиялық қауіпсіздік бойынша жабдықтар тізімі осы Қағиданың 11-қосымшасында белгіленген.
462. Сүзгіш жабдықты және ағын суларды өңдеуге арналған қондырғыларды жөндеуден соң, Кеме қатынасының тіркелімінің қызметкеріне Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар зертханаларда орындалған, талдау нәтижелері ұсынылады.
463. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтарды алғашқы куәландыруды Кеме қатынасы тіркелімінің талабына сәйкес және осы Қағиданың 3-тарауын § 1 ескере отырып жүргізеді.
464. Кемені жыл сайынғы және сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері экологиялық қауіпсіздігінің шарты бойынша жергілікті жүзу есептерін тексереді, экологиялық қауіпсіздігінің шарты бойынша жергілікті жүзу кемелері әдістемесінің есебі осы Қағиданың 30-қосымшасына сәйкес жүргізілген.
64. Кезекті куәландыру
465. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтарды кезекті куәландыру жалпы кемелік жүйелерді куәландырумен қатар жүргізіледі.
466. Кезекті куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеме иесімен жасалған қарау актісіне және жоспарланған жөндеу және ауыстыру көлемінің тозулар және ақаулары жазылған, Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтың ақаулықтарына талдау жүргізу қажет.
467. Кеме иесімен ұсынылған қарау және ақаулық актісін талдау нәтижесі, өлшеу және сынау нәтижелері және іріктелген бақылау осы Қағиданың 468 — 471-тармақ нұсқауларын ескере отырып Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жөндеу жұмысының көлемін келіседі және Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдық элементтерін осы Қағиданың 31-қосымшасына сәйкес жөндеу және ауыстыру бойынша талаптарды ұсынумен кезекті куәландыру актісін жасайды.
468. Сорғылар, сепараторлар, сүзгіштер, арматуралар және басқа да кемелерден ластануды болдырмау құрамына кіретін элементтер бөлшектенген күйде куәландырылады.
Қажет болған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері құбырдың орауын шешуді, олардың ішкі бетін қарау және қалдық қалыңдығын өлшеу үшін бөлшектеуді талап ете алады.
469. Қысым астындағы жұмыс жағдайында табылатын, кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтарға ішкі куәландыру жүргізіледі, сонымен бірге тетік, тыныштандырып бұрғылап тесу қалқандары, иректүтікті қыздырғыш бөлгіш аралықтар және техникалық жай-күйі және бекітілуі тексерілген басқа элементтері қаралады.
470. Бөліктерін ашу және бөлшектенген жағдайда, ағындағы суларды өңдеуге арналған қондырғы куәландыру алдында мұқият тазартылған, жуылған және залалсыздандырылған болуы қажет.
471. Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар зертханаларда орындалған сүзгіш жабдығын жөндеуден және пайдаланылған суларды өңдеуден кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне талдаудың қорытындысы ұсынылады.
472. Кезекті куәландыру кезінде инсинераторға ішкі куәландыру жүргізіледі.
Инсинераторға ішкі куәландыруға мынадай жолмен жүргізеді:
1) ашық тиелген бункерлер, люктер және қылталар;
2) беті тазартылған жалын және газ кеңістігін;
3) жалғастырудағы және пісірілген жердегі, люк жанындағы, қылта және фланцтердегі, сонымен қатар коррозиялық тозу пайда болуы мүмкін жерлердегі инсинератор бөліктерінен оқшаулауды шешу;
4) инсинератордың іргетасқа және корпусқа бекітілуі тазартылған және қарауға рұқсат қамтамасыз етілген:
5) қажет болған жағдайда куәландыруға кедергі келтіретін ішкі инсинератордың ішкі құрылғылары шығарылады және бөлшектенеді.
Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері күлдіктің, футеровканың, форсунка құрылғысының, шиберлер, инсинератордың іргетасқа бекітілу және ішкі бетінің жағдайын тексереді.
65. Сыныптамалық куәландыру
473. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері атқарылған жұмыстың көлемі және сапасын растайтын құжаттарды, қабылдау жұмысының актілерін, ауыстырылған құрал-жабдықтың, материалдың, түтіктің, арматураның, гидравликалық сынаулардың сертификаттарын тексереді.
474. Сыныптамалық куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кезекті куәландыру кезіндегі барлық талаптар орындалғандығына, жөндеу және кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтарды ауыстыру бойынша барлық жұмыстар аяқталғандығына, ал құжаттар осы Қағиданың 473-тармағында көрсетілген нұсқауларға сәйкес үлгіде ресімделгендігіне көз жеткізеді.
475. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтар куәландыру және тексеру кезінде осы Қағиданың 477-486-тармақ нұсқауларын басшылыққа алады.
476. Сыныптамалық куәландыру оң нәтижесінде кемеге мұнайдан, пайдаланылған судан және қоқыстардан ластануды болдырмау туралы куәлік беріледі.
66. Жыл сайынғы куәландыру
477. Сүзгіш жабдықты және пайдаланылған суларды өңдеуге арналған қондырғыны жыл сайынғы куәландыру кезінде, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар зертханада орындалған куәландыру күнінен екі айдан аспаған байқаулардың талдау нәтижелері ұсыналады.
478. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері нормасы техникалық шарттарда немесе сүзгіш жабдықтың паспортында көрсетілген, сүзгіш элементтер және сүзгіш материалдардың борттық қорының болуын тексереді.
479. Сигнализаторды, автоматтық өлшеу жүйелерін, балластық тастау және жуатын суларды тіркеу және басқару, тұнба танкілеріндегі «мұнай-су» бөлу шекараларын анықтауға арналған құралдарды, мұнайы бар суларды айдау, беру және жинау жүйелерін куәландыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сыртқы тексеруді және оларды әрекетте тексеруді жүргізеді, сондай-ақ тозу, саңылау, қарсыласудың оқшаулануын өлшеу және т.б. туралы актілердің болуын тексереді.
480. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықта орнатылған сақтандырғыш клапандарды тексереді.
Сақтандырғыш клапандар 1,1 аспайтын жұмыс қысымына тексеріледі және кеме иесімен пломбыланады.
481. Ағын суларды өңдеуге арналған қондырғыны әрекетте тексеру Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімімен кемеде құралған пайдаланылған суларда немесе борт сыртындағы суларда куәландыру шартына байланысты, жүргізіледі.
482. Пайдаланылған суларды айдау, беру және шығару жүйелері іс-қимылда тексеріледі.
483. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулықтың болуын тексереді және инсинераторға іс-қимылда сыртқы қарау жүргізеді және тексереді.
Сыртқы қарау кезінде: қыздыру бөлігіндегі оқшаулау жағдайын, экрандардың жағдайын және бекітілуін, инсинераторлардың қоршауын (олар болса), жинақтаушы құрал-жабдықтың орналасуын және бектілуін, форсунды құрылғылар, құбырлар, арматуралар, автоматтау құрылғылары, сигнал беру және бақылау, сорғылар және вентиляторлар, жүгі бар бункерлердің қақпағының жабылу беріктілігі; тұйықталудың болуы және әрекеті, отын бөлігін жинауға арналған түп қойманың болуын, жанбаған қалдықтарда сақтауға арналған, жабылатын сыйымдылықпен алмалы бекітудің болуы, инсинератор бөлмесіндегі өрт сөндіру құралы тексеріледі.
Техникалық құжаттамада көрсетілген қоқысты әр түрде және режимде тікелей мақсаты бойынша әрекетте тексеру кезінде: жану процесінің тура және жанама мүмкіндігін, блоктау жұмысын, форсунканың ППЗС 621-тармағына сәйкес өшірілу мүмкіндігін, автоматтандыру, сигнал беру және бақылау құралдарының дұрыс жұмыс істеуін, инсинератор бөлмесіндегі желдеткіш жұмысының жүйесі тексеріледі.
484. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жабдықты пайдалану бойынша нұсқаулықтың болуын тексереді, қоқысты өңдеуге арналған құрылғыға сыртқы қарауды жүргізеді және іс-қимылда тексеру жүргізеді.
485. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген ілмек арматураның мұнайы бар суларды және пайдаланылған суларды борттың сыртына ағызу жүйесінің пломбылау схемасының бар болуын тексереді.
486. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша осы Қағиданың 515-тармағында көрсетілген кемелерде мұнайдың құйылуымен күресу бойынша кемелік жинақтың жинақтылығын және болуын және оның элементтерінің техникалық жай-күйін тексереді.
487. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықты жыл сайынғы куәландырудың нәтижесі жыл сайынғы куәландыру актісінде көрсетіледі.
67. Гидравликалық сынау
488. Құрама цистерналарды, айдау, беру және мұнайы бар және пайдаланылған суларды шығару жүйелерін гидравликалық сынау алғашқы сыныптамалық куәландырудан кейінгі екіншісінің алдында және әрі қарай олардың арасындағы екі кезеңнен кейін жүргізіледі.
Гидравликалық сынау, сондай-ақ жөндеу кезінде құбырлар, арматуралар және басқа элементтер ауыстырылған жағдайда міндетті.
489. Кемелік жабдықтауға кіретін және мұнай, мұнайы бар суларды және ағын суларды айдау үшін қолданылатын шлангілер, гидравликалық сынауға жыл сайын ұсынылуы қажет.
490. Гидравликалық сынау кезіндегі байқау қысымы:
1) мұнайы бар сулардың құрама цистерналары - әуе түтігінің жоғарысына дейінгі сулы бағананың қысымы;
2) ағын сулардың құрама цистерналары - тиегі жоқ құйма құбырдағы, сулы бағананың төменге дейінгі санитарлық құрал қысымы;
3) мұнайы бар және ағын суларды, басқа құбырларды айдау, беру және шығару жүйелерінің, сондай-ақ шлангілерді осы Қағиданың 505-тармағына сәйкес 1,5 жұмыс қысымына тең қысым.
491. Егер сызат, жарық, көрінетін қалдық деформациялар, ағып кетулер байқалмаса, танкілер, цистерналар, құбырлар, арматура, шлангілер сынақтан өткен болып есептеледі.
68. Техникалық жай-күйін анықтау
492. Кемелерден ластануды болдырмауға арналған жабдықтардың техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актісін ескере отырып куәландыру нәтижесі бойынша және байқалған тозулар, зақымданулар, жарамсыздықтар, құжаттама бойынша жүргізілген жөндеулер және құжат бойынша ауыстырулармен, кеме иесі ұсынатын өлшеу нәтижелерімен, ақаулық актісімен, сынау актісімен, паспортпен, формулярлармен белгіленеді.
493. Жабдық элементтерінің, тораптың және бөліктің рұқсат етілген тозу және ақаулық нормасы техникалық шарттарға, паспорттарға, формулярларға, ұйымдастырушы-дайындаушының нұсқаулығына, Кеме қатынасы тіркелімі танылған нормативтік құжаттарға, сондай-ақ осы тараудың нұсқауларына сәйкес белгіленеді.
494. Кемелерден ластануды болдырмауға арналған жабдықтардың техникалық жай-күйі егер ол жұмысқа қабілетті болса және талдау нормативтерден ауытқымаса, рұқсат етілмейтін тозулар және ақаулар байқалмаса жарамды деп табылады.
495. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтардың техникалық жай-күйі жарамсыз деп есептеледі, егер мыналар байқалса:
1) Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін жарамсыздықтар және ақаулар;
2) қанағаттанарлықсыз талдау нәтижелері.
14-бөлім. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша жалпы ережелер
69. Таралу аймағы
496. Кемелерден ластануды болдырмау бойынша Кеме қатынасының тіркеліміне келісуге ұсынылатын техникалық жобалары ішкі және «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне таралады.
497. Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша осы Қағида Кеме қатынасы тіркеліміне келісуге басқа мерзімде ұсынылған техникалық жобаларды кемелерге қолдануға рұқсат етеді.
Қағида осы Қағиданың 508-тармағының 4) тармақшасының, 517, 518, 520-тармақтарының, 521-тармақтың 3) тармақшасының, 584-тармақтың, 586-тармақтың 5) тармақшасының талаптарын қоспағанда пайдаланудағы кемелерге қолданылады.
498. Кеме қатынасының тіркелімі оған қажетті кемелер конструкциясы мен жабдықтауы осы бөліммен талап етілетін қоршаған ортаны ластанудан сақтау дәрежесін қамтамасыз ететінін растайтын негіздемелерді ұсыну кезінде, кейбір жағдайларда мына кемелерге қолданылмайтыны туралы шешім қабылдайды:
1) ұзындығы 25 м кем;
2) барлық ішкі жану қозғалтқыштарының 220 кВт қосынды күшіне (мұнаймен ластануды болдырмау үшін кемелік жабдық пен құралдарға қойылатын талаптар бөлігінде);
3) борттағы адамдар саны 10 адамнан кем (ағынды сумен ластануды болдырмау үшін кемелік жабдық пен құралдарға қойылатын талаптар бөлігінде);
4) қолдаудың динамикалық принциптерімен.
499. Конструкциялар, құрылғылар, жүйелер және жабдықтарды ластанудан сақтау бойынша жабдықтар осы Қағиданың талаптарынан басқа Кеме қатынасы тіркелімінің қолданылатын талаптарына, ал аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерде орнатылған конструкциялар, құрылғылар және жүйелер қосымша Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын қанғаттандыруы қажет.
70. Техникалық бақылау және техникалық құжаттама
500.Техникалық бақылау мыналарды қамтиды:
1) кемені дайындау мен монтаждау кезінде кемелерден ластануды болдырмауға арналған жабдықтарды тексеру;
2) ұйым-дайындаушының қабырғасында сынау кезінде жабдықтарды, қондырғылар мен жүйелерді кемелерден ластануды болдырмауға және осы Қағиданың 32-қосымшасына сәйкес дайындалған бағдарлама бойынша тексеру.
501. Кемені жасауға дейін кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтардың техникалық құжаттамалары Кеме қатынасының тіркеліміне қарауға ұсынылады:
1) кемелерден ластануды болдырмау бойынша бөлімнен тұратын жалпы кемелік сипаттамасы;
2) кемелерден ластануды болдырмауға арналған жабдықтар мен құрылғылардың орналасу схемасы;
3) экологиялық қауіпсіздік шарттары бойынша жүзудің жергілікті есебі;
4) жинауға арналған цистерналар мен стандартты төгу жалғауларымен қоса мұнайы бар және пайдаланылған суды айдау, тапсыру және шығару жүйелерінің принципті сызбалары;
5) сумен жабдықтау мен су қайтарғыш жүйелерінің техникалық мазмұны мен жұмыстар принциптері (келісу туралы мөрлер қойылмайды);
6) кемелік жағдайларда жабдықты сынау бағдарламасы;
7) мұнайы бар және пайдаланылған суды борт сыртына айдау жүйесі арматурасының бекітулерін пломбылау жүйесі;
8) ағып біткен отын мен май жинағы жүйесінің схемасы;
9) мұнай құйылуына қарсы күресетін кемелік жинақты пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
502. Осы Қағиданың 501-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттамалардан басқа мұнай құятын кемелер үшін жүк, тұрып тұрған танкілерінің, таза балласт танкерінің сыйымдылық есептері, барлық танкілердің кемеде орналасу сызбасы, бөліктерге бөлу сызбасы және авариялық тұрақтылық есептері, мұнайды авариялық айдау схемасы, шығаруға арналған саңылаулардың орналасу сызбасы, тұрақтағы танкілердегі мұнай қалдықтарын айдау жүйесінің сызбасы, таза балластқа бөлінген пайдалану бойынша нұсқаулық (егер ол қолданыста болса), автоматты түрде өлшеу, балластты және тазалау суды шығаруды тіркеу мен басқару жүйесін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
503. Жабдықтарды, құрылғыларды, жүйелер элементтері мен құралдарды жасауға дейін мынадай құрамдағы техникалық құжаттамалар қарауға және келісуге Кеме қатынасының тіркеліміне ұсынылады:
1) сүзгі жабдығы:
сепаратор немесе сүзгінің техникалық сипаттамасы мен жұмыс принципі, пайдалану мен қызмет ету жөніндегі нұсқаулық (келісу жайлы мөрлер қойылмайды);
жеткізудің техникалық шарттары;
тіліктерімен қоса жалпы көрініс схемасы (сепаратор немесе сүзгі конструкциясы, негізгі өлшемдері, пайдаланылып жатқан материалдар мен төсемдер);
сүзгі қондырғысына жататын сорғы және басқа құрылғылардың жиын схемалары;
дәнекерлеу бойынша мәліметтерден тұратын дәнекерлеу тораптарының схемалары (корпус, іргетас рамалары және басқа бөліктері);
сүзгі қондырғылары шегінде қызмет көрсету жүйелерінің схемалары;
принципиалды қондырудың электр сызбалары, басқару, реттеу, бақылау, сигнал беру және қорғау схемалары;
бас және сериялы үлгілерді сынау бағдарламалары;
материалдың механикалық сипаттамалары мен сынақ гидравликалық қысым көрсетілген жауапты бөліктер тізімі;
2) сигнализатор:
жұмыс принциптері мен техникалық параметрлері көрсетілген техникалық сипаттама, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сенімділік туралы мәлімет (келісу туралы мөрлер қойылмайды);
жеткізудің техникалық шарттары, жалпы көрініс сызбалары, жинақтаушы өнімдер көрсетілген сипаттама;
принципиалды және функционалды сызбасы;
басты және сериялы үлгілердің сынақ бағдарламалары;
3) Балластты және пайдаланылған суды шығаруды өлшеу, тіркеу мен басқарудың автоматты жүйелері:
техникалық параметрлері көрсетілген әрекет принципін суреттеу пайдалану мен қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық, сенімділік туралы мәлімет (келісу туралы мөрлер қойылмайды);
жеткізудің техникалық шарттары;
жалпы көрініс сызбалары;
қолданылатын материалдар мен жинақтаушы өнімдер көрсетілген сипаттама;
принципиалды және функционалды сызбасы;
шығаруды шұғыл тоқтатуға арналған арматура сызбасы;
басты және сериялы үлгілердің сынақ бағдарламалары;
4) Пайдаланылған суды өңдеуге арналған қондырғы:
техникалық сипаттама мен пайдалану жөніндегі нұсқаулық (келісу туралы мөрлер қойылмайды);
жеткізудің техникалық шарттары;
тіліктерімен қоса жалпы көрініс сызбасы (конструкциясы, негізгі өлшемдері, пайдаланылып жатқан материалдар мен төсемдер);
принципиалды электр сызбасы;
басқару, реттеу, бақылау, сигнал беру және қорғау сызбалары;
бас және сериялы үлгілердің сынақ бағдарламалары;
5) Жинақ цистерналары мен стандартты құю жалғауларын қоса мұнайы бар және пайдаланылған суды айдау, тапсыру және шығару жүйесі:
жүйенің принципиалды сызбасы;
олардың сыйымдылығы көрсетілген жинақ цистерналардың құрастырылған сызбалары, сұйық дәрежесінің сигналын берудің принципиалды сызбасы, цистерналардың сыйымдылық есептеулері;
материалдар мен сынақ қысымы көрсетілген құю жалғауларының құрастыру сызбалары;
6) Инсинератор:
техникалық сипаттама мен пайдалану жөніндегі нұсқаулық (келісу туралы мөрлер қойылмайды);
жеткізудің техникалық шарттары;
тіліктерімен қоса жалпы көрініс сызбасы (конструкциясы, негізгі өлшемдері, пайдаланылып жатқан материалдар мен төсемдер);
форсункалы құрылғылар сызбасы;
тиеу құрылғыларының сызбалары;
қондырғы шегіндегі отын жүйелерінің сызбалары;
принципиалды электр схемасы;
басқару, реттеу, бақылау, сигнал беру және қорғау сызбасы;
басты және сериялы үлгілердің сынақ бағдарламалары.
7) Қоқысты шығаруға арналған құрылғы (алмалы-салмалы):
техникалық сипаттама (келісу туралы мөртабан қойылмайды);
Тіліктерімен қоса жалпы түрінің сызбалары (конструкция, негізгі өлшемдері, қолданылатын материалдар мен төсемдер);
бастапқы үлгіні сынау бағдарламасы (қажет болған жағдайда);
8) Қоқысты өңдеуге арналған құрылғы:
техникалық сипаттама мен пайдалану бойынша нұсқаулық (келісу туралы мөрлер қойылмайды);
жеткізудің техникалық шарттары;
Тіліктерімен қоса жалпы түрінің сызбалары (конструкция, негізгі өлшемдері, қолданылатын материалдар мен төсемдер);
принципті электр сызбасы;
басты және сериялы үлгілерді сынақ бағдарламалары.
504. Осы Қағиданың 503-тармағында көрсетілген жабдықтарды, құрылғыларды, элемент жүйелерін және кемелерден ластануды болдырмау бойынша құралдардың техникалық шарттары Кеме қатынасы тіркелімімен келісіледі, ал кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтың өзі Кеме қатынасының тіркелімімен немесе Кеме қатынасы тіркелімінің тапсырмасы бойынша басқа сыныптамалық қоғамы сертификаттайды.
505. Кемелік жабдыққа кіретін және мұнайды, мұнайы бар суларды және пайдаланылған суларды айдауға арналған шлангілер қолданыстағы стандарттарға сәйкес жасалады және шлангі бойынша айдауға рұқсат етілген сұйық түрі, дайындау күні, жұмыс қысымы, сынау күні және осы сынаулар кезіндегі байқау қысымы көрсетілген ұйымдастырушы - дайындаушының сертификатымен келеді.
Шлангіге сертификатта көрсетілген мәліметтері бар таңба соғылады.
Шлангілер жыл сайын сынама қысыммен гидравликалық сынаққа ұсынылады.
506. Осы Қағидада мынадай термин қолданылған:
шектелген рейс - Кеме қатынасы тіркелімінің анықтауы бойынша осы Қағиданың 637-тармағына сәйкес сүзу жабдығын орнату қажеттілігінен босатылған немесе 640-тармаққа сәйкес қабылдау жабдығына рейс кезінде жиналған мұнайы бар суларды тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жабдықтар.
15-бөлім. Кемелердің жабдықтары мен құрылғыларына мұнаймен ластануды болдырмау үшін қойылатын талаптар
71. Жалпы талаптар
507. Бортында ішкі жану қозғалтқыштары бар өздігінен жүретін, сондай-ақ өздігінен жүрмейтін кемелер мыналармен жарақталады:
1) мұнайы бар суларды жинақтауға арналған цистерна;
2) суды айдау мен мұнайы бар суды тапсыру жүйесі;
3) қабылдау құрылғыларына мұнайы бар суларды тапсыруға арналған стандартты ағызу жалғауларымен.
508. Осы Қағиданың 507-тармағына сәйкес жарақталған кемелер аталғандар экологиялық қауіпсіздік шарттары бойынша қажетті жергілікті жүзуді қамтамасыз етпейтін болса, кемелер қосымша мыналармен жарақталады:
1) сүзгі жабдығы;
2) сигнализатор;
3) тазартылған мұнайы бар суларды шығару жүйесі;
4) мұнайды шығару құрамында нормалық мәнінен асатын мұнайы бар суды шығаруды тоқтататын автоматты құрылғы;
5) мұнай қалдықтарына арналған жинақ цистерналары.
509. Кеме иелері Кеме қатынасының тіркеліміне осы Қағиданың 30-қосымшасына сәйкес экологиялық қауіпсіздік шарттары бойынша жергілікті жүзу есептерін ұсынады.
510. Экологиялық қауіпсіздік шарттары бойынша жергілікті жүзу және пайдалану ауданы туралы мәліметтер мұнаймен, пайдаланылған сулармен және қоқыспен мұнайды ластануды болдырмау жөніндегі куәлікке енгізіледі.
511. Осы Қағиданың 498-тармағында көрсетілген кемелер машиналық үй-жайдың алмалы түп еденінің астына мұнайы бар сулардың жиналуына немесе ауыспалы сыйымдылықта оларды кейіннен қабылдау құрылғысына беруге рұқсат етіледі.
512. Жүк танкілерін және жылу цистерналарын балластық ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.
513. Кеменің машиналық бөлімшесінде көрінетін жерде жылу және май жүйелерінің цистерналарының орналасуы, сондай-ақ әуе, өлшеуіш және құю құбырларының арматуралары көрсетілген сызба орналастырылады.
514. Мұнай құюға арналған кемелерде жүк операцияларын басқару орталығында жүк жүйесінің сызбасы және жүк операцияларын жүргізу жөніндегі нұсқаулық орналастырылады.
Схемаларда танкілердің, арматуралардың, сондай-ақ газ шығарушы, құбырлардың, аударып құятын және өлшеу құбырларының орналасуы көрсетіледі.
Командасыз пайдаланудағы өздігінен жүрмейтін мұнай құюға арналған кемелерде, сызбалар және нұсқаулықтар оларға қызмет ететін сүйрегіш итергіштерде болады.
515. Жүккөтерімділігі 2000 т жоғары өздігінен жүретін мұнай құюға арналған кемелерде осы Қағиданың талаптарына сәйкес мұнай тасуын оқшаулауға арналған құралдар көзделеді.
516. Осы бөлімнің 532-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жинау цистерналарын, сыйымдылықты, жинау жүйесін, айдауды басқа мақсатта қолдануға, олардың құрамына кіретін жабдықтармен және құбырлармен мұнайы бар суларды өңдеу және айдау және оларды басқа жүйелермен біріктіруге рұқсат етілмейді
517. Мұнай құятын көліктік кемелердің корпус конструкциясы Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес келуі қажет.
518. Сұйық отынды қабылдау және беру орындарында сұйық ағып және шланг үзіліп кеткен жағдайда судың ластануын болдырмау үшін конструктивті шаралар қабылданады.
72. Жинау цистерналары
519. Жинау цистерналардың қосынды сыйымдылығы тапсырыс берушімен келісілген (кеме иесімен) есеппен расталады, есеп Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылады.
520. Машиналық үй-жайларда жинау цистерналарының орналасуы Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына жауап беруі қажет.
Жинау цистерналары Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес болуы қажет.
521. Жинау цистерналары мыналармен жабдықталады:
1) ішке кіруге және тазартуға арналған мойын;
2) жалынды үзетін арматурасы бар әуе құбырымен;
3) Рульдік рубкаға немесе орталық басқару пультына цистернадағы сұйықтың 80 % деңгейге жеткені туралы беретін жарық және дыбыс сигналды құрылғымен;
4) сұйықтық деңгейін өлшейтін жүйемен.
522. Жинау цистерналары жылыту үшін мына құрылғылармен жабдықталады, егер:
1) кемеде ауыр отын пайдаланылса;
2) жиналатын цистерна пайдалану кезінде кері температура мүмкін болатын жерлерде орнатылса.
523. Қыздыруға арналған құрылғылар Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын қанағаттандыру қажет; қыздыруға арналған электрлік құрылғыны қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
524. Жиналатын цистерналардың ішкі беті егер олар сеперациядан кейін мұнай қалдықтарын жинауға арналған болса, онда түзу болу қажет (цистерналардың сыртқы жинағы болу қажет), түп қабылдау құбырының жағына қарай көлбеу болу қажет.
73. Айдау, беру және шығару жүйесі
525. Құрылғы жүйесі және мұнайы бар суларды айдау, беру және шығару құбырларының орналасуы Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын қанағаттандыру қажет.
526. Мұнайы бар суларды айдау, беру және шығару жүйелерінің арматураларын және құбырларын гидравликалық сынау Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
527. Мұнайы бар суларды беру жүйесінің құбырлары қабылдау құрылғысына екі бортқа да шығарылады.
Негізделген жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімі осы Қағиданың 498-тармағында көрсетілген кемелерде бұл құбырдың бір бортқа шығаруына рұқсат етеді.
528. Мұнайы бар суларды беру жүйесінің құбырлары басқа беру жүйелеріне жататын құбырлармен жалғанбайды.
529. Мұнайы бар суларды беру жүйесінің шығарушы келте құбырлары шлангілерді жалғауға ыңғайлы жерлерде орналасу қажет және айрықшаланатын жазуы бар стандартты құйма жалғаулармен жарақтандырылады.
530. Мұнайы бар сулардың кеме - құраушылары стандартты құйылу жалғаулармен жарақтанады. Қажет болған жағдайда бұл кемелер осы бөлімнің 647-тармағына сәйкес аралас жүзу кемелерінен және теңіз кемелерінен мұнайы бар суларды қабылдау үшін халықаралық үлгідегі стандартты құйылатын фланецті жалғаулармен жарақтандырылады.
Осы Қағиданың 529-тармағына сәйкес шығаратын келте құбырларды халықаралық үлгідегі фланцтармен қатар қолдануды қамтамасыз ету үшін ауыспалы муфтілерді қолдануға рұқсат етіледі.
531. Мұнайы бар суларды беру жерлерінде сұйық ағып кеткен және шлангілер үзіліп кеткен жағдайда судың ластануын болдырмауға арналған конструктивті шаралар қабылданады.
532. Мұнайы бар суларды беру жүйесі осы мақсаттарға арналған сорғылармен қызмет етіледі.
Басқа айдау құралдары Кеме қатынасы тіркеліммен арнаулы келісілгеннен кейін қолданылуы мүмкін.
533. Айдау құралдарын қосу және тоқтату қолмен жүргізіледі.
534. Шығарушы келте құбырлар орналасқан ауданда айдау құралдарын қашықтықтан басқарумен басқару постысы немесе басқару постысы аралығында және беруге бақылау жүргізу жерінде тиімді жүйе көзделеді.
535. Мұнайы бар суларды шығару жүйесінің бекітілген арматурасында арматураны пломбалау мүмкіндігін көздейтін нұсқаулық болады.
Бұл талаптары мұнайы бар суларды айдайтын жеке құрылғысы жоқ кемелерге қолданылмайды.
74. Сүзгілеуші жабдықтар
536. Сүзгілеуші жабдықтар сүзгілеуші жабдыққа берілетін қоспадағы мұнай құрамының нормативтік мәнінен артық еместігіне қарамастан шығарынды қоспаларда мұнай құрамының концентрациясын қамтамасыз ету қажет.
537. Артық қысым кезінде жұмыс істейтін сүзгілеуші жабдықтар сақтандырғыш құрылғылармен, жиналатын цистернаға бұрып жіберетін құбырлармен жабдықталады.
Сақтандырғыш құрылғылар жұмыс қысымынан 10 % асатын қысымға қарай реттеледі.
538. Артық қысым кезінде жұмыс істейтін сүзгілеуші жабдықтардың бөліктері оларға қорғайтын жабулар жеткізілгенге дейін 1,5 жұмыс қысымына тең байқау гидравликалық қысыммен сыналады.
Бөліктерді әрбір қуыстағы жұмыс қысымына сәйкес тағайындалған, қуыс бойынша жеке байқалатын қысыммен сынауға рұқсат етіледі.
539. Сүзгілеуші жабдықтардың берік конструкциясы болу қажет. Мерзімдік бақылауға және қызмет етуге жататын қуыстар және бөліктер персоналдар үшін жеңіл қол жетімді болуы тиіс. Қызмет етуші сорғыларды беру сүзгілеуші жабдықтың жіберу қабілеттілігіне сәйкес болуы қажет.
540. Сүзгілеуші жабдықты құрғату мүмкіндігі көзделеді.
541. Егер сүзгілеуші жабдықтың конструкциясында мұнайы бар қоспаларды қыздыру көзделсе, онда олар булы немесе сулы иректүтік көмегімен жүзеге асырылады. Электрлі жылыту Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасының 4-бөліміндегі 4140 - 4142-тармақтарының талаптарын орындаған жағдайда рұқсат етіледі.
542. Сүзгілеуші жабдық автоматты режимде жұмыс істеу үшін конструкцияланады.
Сонымен қатар қолмен басқару мүмкіндігі көзделеді.
543. Сорғылар, сүзгілеуші және басқа да жабдықтар қысымды, температураны және деңгейді бақылау үшін құралдармен, сондай-ақ авариялық-сақтандырғыш сигнал берумен және қорғаумен жабдықталады.
544. Мұнайы бар сулардың ағу мүмкіндігі бар орындарда сорғыштар, сүзгілеуші және басқа да жабдықтар Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын қанағаттандыратын ағындыны жинауға арналған құрылғымен жабдықталады.
545. Мұнайы бар сулардың кіруіне және сүзгілеуші жабдықтан таза суды құюға арналған құбырлардың тік учаскелерінде Кеме қатынасы тіркелімі мақұлданған байқауды таңдауға арналған құрылғының конструкциясы көзделген.
546. Егер Кеме қатынасының тіркелімі қажет деп санайтын шектеулер (жұмыс және бекітілетін) болса, ол жабдыққа тіркелген кестеде көрсетіледі.
75. Сигнализатор
547. Сигнализатор шығарылатын судағы мұнай құрамы нормативтік мәнге жеткенде іске қосылады.
548. Сигнализатор:
1) шығаруды автоматты тоқтатуға арналған команданы;
2) шығарындыны тоқтату туралы авариялық-сақтандырғыш сигнал;
3) шығарындыда мұнай құрамы асып кеткенде жарықты және дыбысты сигнал;
4) сигнализатор жұмысының кез келген бұзылғанды туралы сигнал беру қажет.
Барлық сигналдар вахтаны атқару орындарына беріледі.
549. Сынау кезінде анықталатын сигнализатордың жұмыс істеу уақыты 20 секундтан аспауы қажет.
550. Сигнализатор конструкциясы оның мықты бекітілуінің мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал құралдың электронды бөлімін пайдалану осы Қағиданың 685-тармағында көрсетілген шартты ескеріп конструкцияланады.
551. Сигнализатор оның міндетін және әрекетін көрсететін нақты жазулармен немесе жалпы қабылданған символдармен жабдықталады.
552. Сигнализаторды кемеде орналастыру үшін, байқау таңдау құбырының ұзындығы және сұйықтық қозғалысының жылдамдығының жалпы жұмыс істеу уақыты (шығарындыдағы мұнай құрамының өзгеру сәтінен бастап шығарындыны тоқтатуға сигнал бергенге дейін) 40 секундтан аспайтындай етіп таңдау қажет.
553. Сынаманы таңдау нүктелері бақылауға жататын барлық құйылатын құбырларда көзделеді.
Сынама таңдау құрылғысы құйылатын құбырдың тік учаскесінде орналасады. Егер барлық қиманың құйылу құбырлары барлық шығару уақытында сұйықтықпен толы болса, Кеме қатынасы тіркелімі оның көлденең учаскеде орналастыруын рұқсат етеді.
76. Шығарындыны автоматты түрде тоқтатуға арналған құрылғы
554. Шығарындыны автоматты түрде тоқтатуға арналған құрылғы сигнализатордың сигналы бойынша мұнайы бар қоспаның шығарылуын осы Қағиданың 77-тарауына сәйкес тоқтатуды қамтамасыз ету қажет.
555. Шығарындыны тоқтату сорғыны тоқтату жолымен, құйма клапанын жабу немесе басқа да Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған тәсілдермен жүзеге асырылады.
77. Мұнайдың құйылуымен күресуге арналған кеме жиынтығы
556. Мұнайдың құйылуымен күресуге арналған кеме жиынтығы (бұдан әрі - МҚК кеме жиынтығы) 1,5 т кем болмайтын мұнай көлемінің құйылуымен тиімді күресті қамтамасыз ету қажет. Кеме жинағына кіретін бұйым Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес жеткізіледі.
557. МҚК кемелік жиынтығының құрамына мыналар кіреді:
1) жүзбелі бондық қоршаулар;
2) жүзбелі зәкірлік буй;
3) көлемі 10 кг кем емес зәкір;
4) зәкірлік және арқандап байлау арқандары;
5) сорбент;
6) сорбентті беруге арналған құрылғы;
7) мұнайды жинау және өңделген сорбентті жинауға арналған құрылғы;
8) өңделген сорбентті жинауға, сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыс;
9) арнайы киімдер жиынтығы;
10) МҚК кеме жиынтығының пайдалану жөніндегі нұсқаулығы. Негізделген есептер жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен МҚК кеме жиынтығы ұйымдастырушы - жеткізуші құрамын және оның элементтерін өзгерте алады.
558. МҚК кеме жиынтығын пайдалану жөніндегі нұсқаулық берілген аудандағы кемелерден және әртүрлі пайдалану жағдайларында мұнайдың құйылуын жою үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық болады.
559. МҚК кеме жинағын құрастырушы бұйымдарда Кеме қатынасы тіркелімінің сертификаты және мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
1) оларды ауа температурасы -30 +500 С кезінде сақтау жағдайында жұмысқа қабілеттілігін сақтау;
2) судың температурасы 0 -ден+300 С кезінде жұмыс қабілеттілігін сақтау;
3) гигиенаға, коррозияға тұрақты болу, мұнай, мұнай өнімдерінің, теңіз суының және микроорганизмдердің әрекеттеріне төтеп беру;
4) техникалық шарттарда жеткізуге көзделген сақтау және пайдалану шарттарын орындау кезінде өзіндік қасиетін жоғалтпау.
560. МҚК кеме жиынтығының уақыт ағымымен қасиетін жоғалтушы жекелеген бұйымдары қызмет ету мерзімі немесе оларды ауыстыру күні көрсетіліп таңбаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |