Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 144-беті
144
6.3 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сəйкес ресімделген,
аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми кеңесші мен білім алушының қолы қойылып,
ғылыми жетекшіге ұсынылады.
6.4 Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша сын-пікір жазады.
Дипломдық жұмыс (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып
жəне қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне
ұсынады.
Дипломдық жұмыс (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол
қоймайды, бірақ дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі
өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.
6.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысқа (жобаға)
нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.
Егер кафедра меңгерушісі білім алушының дипломдық жұмысын қорғауға жіберуге
болмайды деп шешсе, бұл сұрақ білім алушы пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра
отырысында қаралады. Ғылыми жетекші теріс пікір берген дипломдық жұмыс қорғауға
жіберілмейді жəне факультет кеңесіне бекітуге ұсынылады.
6.6 Маман даярлаушы кафедраның қорғауға ұсынған дипломдық жұмысын (жобасын)
пікір жазу үшін алдын ала бекітілген пікір берушіге жіберіледі.
6.7 Маман даярлаушы кафедра меңгерушісінің өндіріс жəне ғылыми ұйымдардың
мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер,
оқытушылар қатыстырылады.
6.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс жəне/немесе қорғалатын
дипломдық жұмыстың (жобаның) саласына сəйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе
академиялық дəрежесі болуы тиіс.
6.9 Пікір жазушы дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда
тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы жəне практикалық маңыздылығы, тақырыптың
маманның кəсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дəрежесі мен берілген
біліктілігіне сəйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының
барлығы, мəселелердің шешілу жəне зерттеудің аяқталуы дəрежесі көрсетіледі.
Пікірде баллдық-рейтингтік əріптік жүйе бойынша бағасы жəне академиялық дəрежесі
мен біліктілік берілу мүмкіндігі көрсетілген дəлелді қорытынды беріледі.
6.10 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F -
«қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.
6.11 Маман даярлаушы кафедраның меңгерушісі дипломдық жұмысты дайындаушы
білім алушыға жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Дипломдық
жұмыстыа берілген пікір мен сын-пікірді қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына
қорғауға жібереді.
6.12 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау білім алушының қалауы бойынша қазақ
жəне орыс тілдерінде жүргізіледі. Білім алушы кафедраның ұсынысымен дипломдық
жұмысты (жобаны) қорғауда (қажеттілік болған жағдайда шетел тілінде сұрақтар қоюға
болатындай) қысқаша мазмұнын тапсырады.
6.13 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауды техникалық-материалдық базада
ақпараттық-коммуникация саласындағы жетістіктерді, электрондық қорларды пайдаланып,
презентация жасап жүзеге асыруға болады.
7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тəртібі
7.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тəртібі білім беру саласындағы орталық
атқарушы органдары жəне университет бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық,
аралық жəне мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 145-беті
145
7.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия
мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау білім алушылардың, маман даярлаушы кафедра
оқытушыларының қатысуымен көпшілік түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми
жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың
өкілдері жəне басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.
7.3 Бір дипломдық жұмысты қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір білім алушыға
30 минуттан аспауы қажет.
Дипломдық жұмысқа қатысты мөлшерлеу университет басшысының бекіткен
мөлшерлеу кестесіне сəйкес жүзеге асырылады.
7.4 Дипломдық жұмысты қорғау барысында білім алушы мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының жəне қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында
баяндама жасап қорғайды.
7.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ қоюшы
немесе сөз сөйлеуші түрінде қатысады.
7.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір жəне пікірді оқып таныстырады
(ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір жəне/немесе
пікірдегі ескертпелердің барлығына білім алушы дəлелді түсіндірмелер береді.
7.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік
əріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда білім алушының теориялық деңгейі, ғылыми жəне
практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі жəне сын пікір берушінің бағасы назарға
алынады.
7.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың қорытындысы əр білім алушы бойынша
мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді жəне
өткізілу күнінде хабарланады.
2.11 МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1 Қолданылу саласы
Бұл “Магистрлік диссертация туралы ереже” магистрлік диссертация құрылымын,
рəсімдеу тəртібін жəне қорғау процедурасын ұйымдастырудың жалпы талаптарын
анықтайды. Ереже магистранттарға, магистранттардың ғылыми жетекшілеріне, кафедра
меңгерушілеріне, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі қызметкерлеріне арналған.
2 Нормативтік сілтемелер
Бұл ережеде келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалынды:
2.1 Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі N319 “Білім туралы
Заңы”.
2.2 Қазақстан
РеспубликасыҮкіметінің 2012
жылдың
23тамызындағы
№1080қаулысымен бекітілген “Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты”.
2.3 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық
комитетінің 2004 жылдың 28 қыркүйегіндегі №377-3ж бұйрығымен бекітілген
“Диссертация жəне авторефератты рəсімдеуге арналған нұсқаулық”.
2.4 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 жылдың
18наурызындағы №125 бұйрығымен бекітілген “Жоғары оқу орындарында білім
Достарыңызбен бөлісу: |