Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет66/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 138-беті 
 
138 
 
–  нақты  мəселелерді  шешуді  қамтамасыз  ететін  ғылыми  негізделген  нəтижелердің 
болуы. 
 
2 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар 
2.1 Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптары заманауи жағдай мен болашақтағы 
ғылымның,  техника  мен  мəдениеттің  дамуына  сай  болып,  мазмұны  жағынан  талаптарға 
жауап беруі қажет. 
Дипломдық  жұмыстардың  (жобалардың)  тақырыптарын  анықтағанда,  өндіріс,  ғылым 
жəне мəдениет мəселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады. 
2.2  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  тақырыптары  мамандықтарға  жəне  мамандарды 
даярлау бағытына сəйкес болуы қажет . 
2.3 
Білім 
алушы 
дипломдық 
жұмыстың 
(жобаның) 
тақырыбын 
бекітілген 
тақырыптардан  таңдайды.  Білім  алушыға  бекітілген  тақырыптардан  да  тыс,  кафедраның 
зерттеу,  дайындық  бағытына  сəйкес  тақырыпқа  диплом  жұмысын  (жоба)  орындау  құқығы 
кафедра  меңгерушісінің  келісімімен  беріледі.  Мұндай  жағдайда  білім  алушы  таңдаған 
тақырыбының  негіздері  дəлелденген  тұжырымдамасын  немесе  осы  тақырыпқа  тапсырыс 
берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек. Сырттай бөлімде білім алушыға кафедра 
меңгерушісінің  келісімімен  диплом  жұмысын  (жоба)  өндірістік  қажеттілікке  сəйкес  таңдап 
алуына  рұқсат беріледі. 
2.4  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  тақырыптарының  30%-ы  жыл  сайын  жаңартылып 
отырылуы тиіс. 
2.5  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  тақырыптары  университеттің  маман  даярлаушы 
кафедрасында əзірленеді, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі. 
 
3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар 
3.1  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазу  үшін  кафедраның  ұсынуымен  əр  білім 
алушыға ғылыми жетекші тағайындалады. 
3.2  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшілері  болып  профессорлар, 
доценттер,  тəжірибелі  оқытушылар  мен  университеттің  ғылыми  қызметкерлері  жəне  басқа 
ұйымдардың  ғылыми  зерттеу,  дайындық  бағыттары  білім  алушының  мамандығына  сəйкес 
келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады. 
3.3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісі: 
–  дипломдық жұмысына (жобаға) тапсырма береді;  
–  білім  алушыға  диплом  жұмысының  (жоба)  орындалуының  барлық  кезеңіне 
күнтізбелік кесте құруға көмектеседі; 
–  білім  алушыға  негізгі  қажетті  əдебиеттерді,  анықтамалық  жəне  архивтік 
материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар жəне басқа да дерек көздерін ұсынады; 
–  білім алушының күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау 
жүзеге асырылатын кеңес кестесін құрады;  
–  диплом  жұмысының  (жоба)  барлық  тарауының  көлемін  белгілейді  жəне  диплом 
жазушы мен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді. 
3.4  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  тапсырмасы  білім  алушылардың  дайындаған 
бастапқы  материалдар  мен  дерек  көздерінің  сипаттамаларынан,  сұрақтар  тізімінен, 
ұсынылатын  əдебиеттер  тізімінен,  кестелік  материалдардың  тізімінен  (кесте,  диаграмма, 
үлгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады. 
Дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін 
көрсете отырып бекітеді. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмасы диплом жұмысына 
(жобаға) тігіледі. 
3.5  Жекелеген  тараулардың  кезекпен  орындалуы  көрсетілген  жұмыстың  күнтізбелік 
кестесі барлық кезеңдерге құрылады жəне ғылыми жетекшімен келісіледі. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 139-беті 
 
139 
 
3.6  Қажет  болған  жағдайда  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшісінің 
ұсынуымен  кафедра  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  жекелеген  тараулары  бойынша 
ғылыми жетекшіге бөлінген  уақыты есебінен кеңесшілер шақырады. 
3.7 Кеңесші ретінде профессорлар, доценттер, тəжірибелі оқытушылар, университеттің 
ғылыми  қызметкерлері,  басқа  да  ұйымдардың  жоғары  білікті  мамандары  мен  ғылыми 
қызметкерлерін  де  тағайындауға  болады.  Кеңесшілер  өздеріне  белгіленген  тарауларын 
тексеріп, қолын қояды. 
3.8 Маман даярлаушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын əдістемелік 
нұсқау  əзірлеп,  білім  алушыларды  қамтамасыз  етулері  қажет,  дипломдық  жұмыстың 
(жобаның) орындалуына  ұсынылған  талаптар  мамандықтың  құзыреттерге  негізделген  білім 
беру бағдарламасына (ҚР МЖМБС) сəйкес болуы тиіс. 
3.9 Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуы бойынша  білім 
алушының есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде білім алушы ғылыми жетекшінің 
алдында жəне кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша дипломдық жұмыстың 
(жобаның)  дайындық  дəрежесі  назарға  алынып,  факультет  деканына  мəлімет  ретінде 
беріледі. 
3.10  Дипломдық  жұмыс (жоба)  мамандық  бойынша негізгі  əдебиеттерді  терең  зерттеу 
арқылы  орындалады  (оқулықтар,  көмекші  оқулықтар,  монографиялар,  басылымдық 
əдебиеттер,  лекциялық  курстар,  шет  тілдеріне  арналған  журналдар,  нормативтік  əдебиеттер 
жəне т.б.). 
3.11 Əрбір дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмалары жеке жəне перспективалық 
теориялық,  практикалық  сұрақтарды  дайындау  тапсырмаларымен  сəйкес  болуы  қажет. 
Педагогикалық  мамандықтарда  міндетті  түрде  дипломдық  жұмыста  психологиялық-
педагогикалық,  əдістемелік  жəне  мамандандыру  (академиялық)  дайындық  бағыттары 
қамтылуы тиіс. 
3.12 Дипломдық жұмыстың (жобаның) ең негізгі мəтіні шығармашылық ойды, зерттеу 
əдістерін  пайдаланудың  негіздемесін  компьютерлік  технологияны  қолданумен  қабылданған 
есептеу  əдістері  мен  есебін,  жүргізілген  тəжірибенің  сипаттауын,  оларды  талдау  жəне 
олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі 
жəне қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен жəне 
т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет. 
3.13  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  білім  алушы  университетте,  сонымен  бірге 
өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба жəне басқа да ұйымдарда орындайды. 
 
4 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы 
4.1  Дипломдық  жұмыс  өзінің  мазмұны  жағынан  университетті  бітіруші  курс  білім 
алушысының  нақты  мамандық  бойынша  өздігінен  дайындайтын,  қолжазба  түріндегі 
ғылыми-зерттеу жұмысы. 
4.2  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  көлемі,  негізінен  60-90  бет  болуы  қажет: 
мамандық  ерекшелігіне  қарай  оның  көлемі  артуы  немесе  кемуі  мүмкін.  Маман  даярлаушы 
кафедра өзінің шешімімен диплом жұмысының көлемі мен басқа да ерекшеліктерін белгілей 
алады.    
Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.  
4.3 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: 
–  мұқабасы; 
–  титулдық беті; 
–  дипломдық жұмысты орындауға тапсырма; 
–  мазмұны; 
–  кіріспе; 
–  негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық жəне ұсынымдық бөлімдер); 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау