Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 128-беті
128
2.8 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ƏЗІРЛЕУ МЕН РƏСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
1. Жалпы ережелер
1.1 Курстық жобалау тиiстi теориялық курсты білім алушылардың зерделеуінің
қорытынды кезеңі болып табылады жəне оқу мерзімінде білім алушылардың алған
білімдерін бекіту, тереңдету жəне талдап қорытуға, сондай-ақ бұл бiлiмдердi нақты
техникалық, ғылыми, экономикалық жəне өндiрiстiк міндеттердi шешуде қолдануға
мүмкiндiк туғызуы керек.
1.2 Курстық жобалау білім алушыларды анықтамалық əдебиеттермен, МЕСТ (ГОСТ),
бірыңғай нормалармен жəне бағалаумен, кестелермен, номограммалармен, үлгi жобалармен
пайдалануға үйретуi қажет. Өзбетінше жұмысты орындау дағдыларын дамытуға, ғылыми-
зерттеу мəселелерін шешу кезінде зерттеу жəне тəжiрибе жасау əдiстерiн меңгеруге
мүмкiндiк туғызуы керек.
1.3 Курстық жұмыс негізгі оқу жоспарындағы оқу компоненттеріне берілген кредит
көлемінде орындалады.
1.4 Білім алушының курс жұмысы бойынша таңдаған тақырыбы жəне жетекшісі
кафедра мəжілісінде бекітіледі.
2. Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы
2.1 Курстық жобалаудың тақырыптары осы пəннің оқу міндеттеріне жəне сонымен
қатар, өндiрiс, ғылым, мəдениет, өнердің практикалық талаптарына жауап беруі қажет.
Тақырыптың нақтылығы - бұл оның ғылымилығы, заманауилығы жəне өзіндік дербес
шығармашылық жұмыс дағдыларын білім алушылардың алуға бағытталғандығы. Курстық
жұмыс (жоба) тақырыбы құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламасы талаптарына
сəйкестікте кафедраларда əзірленеді.
Əрбiр тапсырмада жаңалық элементi болуы керек.
2.2 Курстық жұмыс (жоба) келесi талаптарды қанағаттандырса, онда оның нақтылық
сипат алғаны болып есептеледi, олар:
- курстық жоба тақырыбын кəсiпорын, ұйым немесе ғылыми-зерттеу институттары,
білім беру мекемелері ұсынса;
- курстық жоба (жұмыс) материалдарын қолдану үшін кəсiпорын немесе ұйымның,
білім беру мекемелерінің сұранысы болса;
-
кафедраның
оқу
немесе
ғылыми-зерттеу
жұмыстарында
қолданылатын
лабораториялық стенділер, қондырғылар, приборлар əзірлеуге (жасауға) арналған
тақырыптар қарастырылса;
- əзірленетін жобаның пəні ойлап табушылық патенттеріне, экспонаттарға дипломдар
мен грамоталар болатын болса.
2.3 Курстық жұмыс (жоба) тақырыптары жұмыстарды орындаудың əртүрлi
формаларына есептелiнген болуы мүмкін:
- жеке - жеке тақырып бойынша білім алушылардың дербес өз алдына орындайтын;
- топтық - əрбiр білім алушы жобаланатын құрылғының, қондырғылардың жəне басқа
да объекттердiң белгілі бөлiгін өз алдына əзірлейтін 3 адамнан аспайтын білім алушылар
тобына бір тақырып бойынша орындалатын;
- академиялық - бірнеше нұсқамен, бірақ бiр схема бойынша орындайтын.
2.4 Курстық жоба немесе жұмыс тақырыбына қойылатын негiзгi талаптардың бiрi -
оның кешенділігі болып табылады, яғни ол өзара байланысты сұрақтардың шешілуін жүзеге
асыруды қарастырады. Жекелеген сұрақтардың барлығын бірдей қарағанмен де, олардың
ішінен бір сұрағы міндеттердің ортақ шешімінің негізінде кеңірек əзірленуі қажет.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 129-беті
129
2.5 Жоба (жұмыс) тақырыбын əзірлеу кезінде білім алушы алдын оқыған пəндер
бойынша бiлiмдерiн пайдалану мүмкіндігін алуы жəне жоба мазмұнында көрсетуі қажет.
3. Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымы мен мазмұны
3.1.Курстық жұмыс (жоба) түсiнiк хатты жəне графикалық материалды қамтуы керек.
Объекттердiң үлгiлерi қосымша болу мүмкін.
3.1.1 Түсiнiк хат келесi құрылымдық элементтерден тұрады:
- титуль парағы;
- тапсырма;
- мазмұны;
- нормативтiк сiлтемелер;
- анықтамалар;
- белгiлеулер мен қысқартулар;
- кiрiспе;
- курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны;
- қосымшалар;
- библиографиялық мəлiметтер.
3.1.2 Мамандық ерекшеліктеріне байланысты «титуль парағы», «тапсырма»,
«мазмұны», «талаптар» сияқты құрылымдық элементтерді қоспағанда, қажеттілікке
байланысты қосымша элементтер қосылуы мүмкін.
3.2 Титуль парағы.
3.2.1 Титуль (сыртқы) парақ А4 қалыпты қағазында орындалады. Парақты толтыру
(ГОСТ 2.104 бойынша) сызба шрифтпен жүргізіледі (Қосымша А):
- 18 шрифті жобаның тақырыбы жəне құжаттың белгiленуiн жазуда қолданылады;
- 16 шрифт жоба тақырыбының тақырыпшаларын, жұмысты қорғау жылын жазуда
қолданылады;
- 14 шрифт – қалған барлық өзге жазулар үшiн пайдаланылады.
3.2.2 Сыртқы парақта жəне тақырыптарда сөздердi тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.
Тақырыптардың соңына нүкте қойылмайды.
3.2.3 Топтық курстық жобалауда бiр түсiнiк хат жазылады жəне жобаны орындаушы
білім алушылардың барлығы сыртқы парақта көрсетіледі. Қажеттілік болған жағдайда əрбір
орындаушының қатысудағы үлесі түсінік хатта көрсетіледі.
3.3 Тапсырма
3.3.1 Курстық жұмыс (жоба) тапсырмасын оқу кестесіне сəйкес ағымдағы семестрдiң
бірінші аптасынан кешiктiрмей білім алушыларға бередi.
3.3.2 Кафедра тарапынан тапсырмада жобаны орындауда басшылыққа алатын
мəліметтер беріледі: курстық жұмыс орындалатын оқу пəнi; жұмысты орындайтын топтың
білім алушысының аты, жөні (Ф.Ə.А.); жұмыс (жоба) тақырыбы; кезеңдері (бөлiмдер);
əзірлемелер жəне оларды орындау мерзiмдерi; қорғауға жұмысты (жобаны) ұсыну мерзiмi;
жетекшiсiнің аты, жөні, оның қызметiне, қол қоюы жəне тапсырманы берудiң мерзімі.
3.4 Мазмұны
«Мазмұны» сөзі бас əрiппен парақтың ортасына жазылады. Ол бөлімдердің ретті
нөмірлері мен атауларын қамтиды.
3.5 Нормативтiк сiлтемелер
Жұмыс мəтінінде сiлтеме жасалған нормативтiк құжаттардың тiзiмі беріледі. Негiзгi
құжаттарға сілтеме: «Осы курстық жұмыста (жобада) келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме
пайдаланылған» деген сөз тіркестерімен басталады.
3.6 Анықтамалар
3.6.1 Бұл құраушыда курстық жұмыста (жобада) қолданылған анықтамалар мен
терминдерді анықтау қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |