Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 118-беті
118
38. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына
бекітілген МАК хатшысы толтырады.
39. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда жəне диплом жұмысын (жобасын) қорғауда
анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК
мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған
мүшелерінің пікірлерімен сəйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазады жəне өзі
қол қояды.
Хаттамада «бакалавр» академиялық дəрежесін жəне немесе біліктілік беру, сондай-ақ
студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.
40. Дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау мемлекеттік емтихан бағалары туралы,
сондай-ақ, академиялық дəреже тағайындау жəне біліктілік беру немесе жəне мемлекеттік
үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына
қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы
қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші
болып табылады.
41. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
42. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы»
заңына сəйкес МАК-тың хаттамалары университет мұрағатында сақталады.
43. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сəйкес дəлелді себеппен келмеген
студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дəлелді себепті растайтын құжатты
ұсынады жəне оның рұқсатымен емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны)
МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғайды.
44. Студент қорытынды аттестаттаудың нəтижелерімен келіспесе, аттестаттау
өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.
45. Апелляция өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен біліктілігі аталған
мамандықтың бейініне сəйкес келетін тəжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия
құрылады.
46. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мəжілісінің хаттамасы қайтадан
ресімделеді.
Мұндай
жағдайда
бірінші
хаттамадағы
қорытынды
«Баға
__________№_________хаттамамен қайта қаралды, ___бет» деген жазумен өзгертіледі жəне
оған МАК мүшелерінің бəрі қол қояды.
47. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға
алғаннан кейін қарастырылмайды.
48. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға жəне
дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
49. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды
қайта тапсыруға жəне/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды
аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
50. Дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген
жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға
ұсынуға немесе жаңа тақырыпты əзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-ның бүл шешімі мəжіліс
хаттамасына жазылады.
51. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды
аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, университет ректорының атына қайта
қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.
52. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу университет ректорының бұйрығымен
ресімделеді.
53.
Қайта
қорытынды
аттестаттау
алдыңғы
қорытынды
аттестаттаудан
қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 119-беті
119
54. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына
енетін пəндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу
жоспарымен белгіленеді.
55. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі
аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, университет ректорының бұйрығымен
университеттен шығарылады.
56. Қорытынды аттестаттаудан өткен жəне университет кəсіптік оқу бағдарламасын
меңгергендігін дəлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дəрежесі
немесе сəйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі
диплом дипломдық жұмысты (жобасын) қорғау күнінен бастап бір ай мерзімде
қосымшасымен ақысыз беріледі.
57. Дипломға қосымша студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама
негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған
көлемде оның барлық пəндер бойынша алған бағаларына сəйкес тапсырылған курстық
жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нəтижелерінің түрлері негізінде
толтырылады.
Диплом қосымшасына əр оқу пəні бойынша көлемі кредит жəне академиялық сағат
түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік əріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар
жазылады.
58. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы»
деген бағаға тапсырған жəне оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең
мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған
білім алушыға үздік диплом (əскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
59. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған
студент осы Ереженің 147-тармағында көрсетілген талаптарға қарамастан үздік диплом алу
құқығынан айырылады.
60. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жазады жəне екі апта
мерзім ішінде оны университет ректорына тапсырады. МАК төрағасының есебі университет
ғылыми кеңесінің (факультет) отырысында талқыланады жəне бекітіледі.
61. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін университет бір ай мерзім
ішінде білім беру саласындағы уəкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшасына сəйкес
мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау нəтижелерін ұсынады.
62. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.
Кестеде осы Ереженің 7-қосымшасын келтірілген көрсеткіштер көрініс табады.
МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:
1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
2) диплом жұмысының (жобаның) саның ішінде кəсіпорындардың, ұйымдардың
тапсырысы бойынша орындалған диплом жұмыстарының (жобаларының) орындалу сапасы;
3) диплом жұмысы (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың,
мəдениеттің жай-күйіне жəне өндірістің талабына сəйкестігі;
4) білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты,
жекелеген пəндер бойынша мамандар даярлаудағы кемшіліктер;
5) осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың сапасына талдау;
6) Университетте мамандар даярлауды одан əрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.
63. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім
ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, əкесінің аты
көрсетілген университетті бітірушілердің тізімі жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: |