Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 116-беті
116
оның барлық пəндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық
жұмыстары (жобалары), кəсіби практикалардың түрлері мен GPA оқыту кезеңіндегі орта
салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады.
12. Университет ректоры ағымдағы оқу жылының 1 қарашасына дейін білім беру
саласындағы уəкілетті органға осы жоғары оқу орындарында жұмыс істемейтін, ғылыми
жəне академиялық дəрежелері бар профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта
мектептің тəжірибелі мұғалімдерінен, бітіретін мамандықтар бейініне сəйкес келетін
өндірістегі жоғары білікті мамандардан МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады.
13. МАК жұмысына қатысушы мамандар бейіні ғылыми немесе академиялық
дəрежелерінің немесе базалық білімінің (диплом бойынша) сəйкестілігімен анықталады.
Ұсынысқа ғылыми немесе академиялық дəрежелері туралы немесе базалық білімі туралы
тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
14. МАК төрағасы ағымдағы оқу жылының 20-желтоқсанынан кешіктірмей уəкілетті
орган бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.
15. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт
директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді. МАК-тың басқа мүшелері
бітіруші мамандардың тиісті бейініне сəйкес келетін профессорлардан, доценттерден,
жоғары білікті мамандардан құрылады.
16. МАК сандық құрамын мамандық бойынша бітіріп шығатын студенттердің
контингентіне сəйкес жоғары оқу орны өз бетінше белгілейді жəне университет ректоры
бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсанан кешіктірмей бекітеді жəне ол күнтізбелік жыл
бойына əрекет етеді.
17. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:
1) жоғары білім мамандықтары үшін МЖМБС белгілеген талаптарға сай бітіруші
мамандардың теориялық жəне практикалық даярлығы сəйкестігінің деңгейін тексеру;
2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дəрежесін тағайындау;
3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;
4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;
5) мамандар даярлау сапасын одан əрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар əзірлеу.
18. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін университет
ректоры бекітеді жəне мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталуына дейін
екі аптадан кешіктірмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.
19. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Осыған
байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты
қорғауға 7-10 адам жіберіледі.
20. Мамандықтар бойынша тестілеу нысанында мемлекеттік емтиханды тапсыру
кезінде академиялық лекке (немесе топқа) өткізіледі.
21. Диплом жұмысы (жобасы) қорғалуына дейін бес күннен кешіктірілмей МАК-қа
мынадай құжаттар ұсынылады:
1) диплом жұмысы (жобасы) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе
«қорғауға жіберілмейді» деген дəлелденген қорытындысы бар пікірі;
2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі жəне бағалар
көрсетілген дəлелденген қорытындысы жəне тиісті мамандығы бойынша «бакалавр»
академиялық дəрежесін немесе біліктілігін беру туралы рецензия.
22. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиаттық мəніне қатысты тексеру тиісті
деканаттармен жүргізіледі.
23. МАК-қа, сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жəне
практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер,
диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын
ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нəтижелерін енгізу анықтамалары немесе
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 117-беті
117
актілері, макеттер, минералдар үлгісі, гербарий жəне тағы басқа сол сияқты материалдарда
ұсынылады.
24. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі жəне қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай
келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом жұмысын (жобасын)
қорғауға шыға алады.
Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды берген
жағдайда,
білім
алушы
дипломдық
жұмысты
(жобаны)
қорғай
алмайды.
Білім алушы, рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған
жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.
25. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне
сəйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.
26. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі университет ректорының
бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, əр студентке дербес бекітіледі.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен
жұмыс орны, лауазымы жəне білімі, мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық
дəрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі көрсетіліп бітіртуші
кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
27. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пəндер немесе мамандықтар бойынша) ауызша,
жазбаша, олардың кəсіптік оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді
тестілеу) нысандарында өткізіледі.
28. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген
пəндердің оқу бағдарламалары негізінде университеттің əзірлеген бағдарламалары бойынша
өткізіледі.
Мамандық бойынша мемлекетттік емтихан бағдарламасы университет (факультеттің)
ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
29. Бейіндік пəндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен
жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген оқу
жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.
30. Университет мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын жəне
олардың (ашық, жабық, біріктірілген) тест түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын өзі
дербес əзірлейді жəне бекітеді.
31. Дипломдық жұмысты қорғау МАК-тың ашық отырысында оның мүшелерінің
жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.
32. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке
50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға МАК алдында дипломдық жұмысы туралы
баяндама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі.
33. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нəтижелері
бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға
қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми жəне практикалық дайындықтары,
сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.
34. Мемлекеттік емтихан тапсыру жəне диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың
нəтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң
жарияланады.
35. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.
36. МАК отырысының хаттамалары осы Ереженің 4-6-қосымшаларына сəйкес МАК
жұмысы басталға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады жəне оқу
бөлімінің (оқу-əдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.
37. МАК отырысының хаттамалары əр білім алушыға жеке толтырылады.
Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан
ведомосы негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |