Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
ОҚУШЫЛАРМЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЛЫҚ ЖӘНЕ САУЫҚТАНДЫРУЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдістемелік нұсқаулық
Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы
ОҚУШЫЛАРМЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЛЫҚ ЖӘНЕ САУЫҚТАНДЫРУЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдістемелік нұсқаулық
Павлодар
Кереку
2010
УДК 372.8796(07)
ББК 74.267.5я7
О52
С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің дене шынықтыру және
спорт кафедрасының отырысында басуға ұсынылды
Пікірсарапшы:
педагогика ғылымдарының докторы, ПМПИ доценті Ж.А. Усин
Құрастырушылар: В.Ю. Акулова, Е.А. Фербер, А.Ж. Куватов,
О52 Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі : 050108 "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының студенттеріне тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық / құраст. В.Ю. Акулова, Е.А. Фербер, А.Ж. Куватов – Павлодар : Кереку, 2010. – 100 б.
Қазіргі уақытта оқу үрдісінде студенттердің өздік жұмыстарына арналған (СӨЖ және ОСӨЖ) оқу материалының үлкен көлемі бөлінген, қайсысы пәннің әдістемелік қамтамасыздығын сұрайды.
«Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі» атты әдістемелік нұсқаулық дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламаларына сәйкес және өзіне оқушылардың белсенді демалысын өткізуі және ұйымдастыруы кезінде дене шынықтыру құралдарын қолдануы бойынша ұсыныстарын кіргізеді.
Әдістемелік нұсқаулықтың материалдарын оқушылардың оқу күнтізбесіне ұсынуға болады және де ЖОО мен колледждердің педагогикалық мамандықтардың студенттері мен мұғалімдері өздік сабақтары кезінде қолдана алады.
УДК 372.8796(07)
ББК 74.267.5я7
© Акулова В.Ю., Фербер Е.А., Куватов А.Ж. 2010
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Кіріспе
Қазіргі кезде орта және жоғары білім мамандарына оқытушы кадрларын дайындаудың деңгейін жақсарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың білімі мен тәрбиесін жаңа бір деңгейге көтеріп, өзіндік еңбек өміріне баулу сияқты талаптар, міндеттер қойылып отыр.
Педагогикалық кадрларының шығармашылық еңбек жұмысын арттыруға, психофизикалық ауытқусыз қызмет жасауға, педагогтардың әлеуметтік белсенділігін кеңейтуге аса үлкен үлесін, пайдасын дене тәрбиесі арқылы алуға болады.
Болашақ ұстазға дене мәдениет оның профессионалды бағытына ұйымдастырушылық- педагогикалық, психология- педагогикалық комплексінде тұлғасына әсер етеді. Оның нәтижесінде тұлғасына мына бір жағдайлар қамтамасыз етеді.
Біріншіден, тұлғаның дене мәдениетін, әлеуметтік
жағдайын, психофизикалық өзіндік тәрбиесін қалыптастыру арқылы оның педагогикалық қызметінің сәтті өтуіне, салауатты өмір салтын ұйымдастыруға, ой еңбегі мәдениетін жақсартуға болады.
Екіншіден, оқушылармен дене тәорбиесі және спорт
тәрбиесіне компонентті түрде қолданып, баулу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қызықты демалысына, күнделікті түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына әсер етуге болады.
Мектептің барлық педагогикалық ұжымы оқушылардың дене
мәдениетіне мән береді. Ұстаздардың бірлесіп, келісіммен жұмыс істеу арқылы оқушылардың денсаулығын ныңғайтуға, физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, ой және дене еңбегін артттыруға, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуге болады.
Дене тәрбиесінің көптеген қырларын, сондай-ақ профессионалды- педагогикалық білімді жетік меңгерген әр ұстаздың шығармашылық және танымдық белсенділігі артады.Ең бастысы, ғылыми профессионалды деңгейінің дайындығы жоғары түрде дамып, оқытушы кадрлардың профессионалды еңбегінің тұрақты болуына, әрі өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауға, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуге әкеп соғады.
Сабақ алдында жүргізілетін гимеастика
Дене сауықтыру жұмысының негізгі бөлігі күнделікті мектеп күнінде сабақ алдында гимнастика жүргізу болып табылады.Оқу күнінің басталуы алдында ұйымшылдық қасиеттерді дамыту негізгі мақсаттың бірі болып отыр. Осыған байланысты сабақ басталмай жатып гимнастиканы жүргізсе, онда оқушылардың күнделікті дене тәрбиесінмен айналасуға құлшыныстары артып, сабақ алдында гимнастика жүргізу әдет болып қалыптасып кетеді. Сонымен қатар мұндай гимнастика көптеген сауықтыру қызметтерін атқарады.Мысалы ағзадағы айналым үрдісінің белсенділігі артады, буын жүйесі қатайып, көңіл күйлері жақсарады. Оқушылардың еңбекке деген және сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Гимнастиканы таза ауада жасау ағзаны нығайтып, тұмау ауруларына қарсы ағзаның күресуіне әкеп соғады.
Егер де гимнастика таза ауада жүргізілетін болса, онда оқушыларды біраз жүгіртіп, спорттық ойындар өткізуге болады. Гимнастиканың сабақ алдында жүргізілуінің ең басты бөлігі дене жаттығулары болып табылады. Олар өз кезегінде буын тобына арналып бағытталады. Әр комплекске 5-7 жаттығу жатады.
Комплексті бастаған және аяқтаған кезде орында жүру жаттығуын орындау қажет. Жаттығулардың барлығы дене тәрбиесі сабағында көрсетіледі.Жаттығулардың алмасуын аптасына бір реттен кем емес орындау керек.
Дене тәрбиесі минутасы
Ғалымдардың пікірінше, оқушылардың сабаққа назар аудару белсенділігінің жалғасуы әр түрлі болады. Мысалы, бірінші сынып оқушыларының назар аудару белсенділігі 15-20 минутқа созылады. Ал жоғары сынып оқушыларында 20-25 минутқа дейін жалғасын табады. Сабақ кезінде оқушылардың мына дене мүшелеріне салмақ түседі. Олар көз, есту қабілеті, дене буындары, қол буындары, қан айналу үрдісі қиынға соғаы, әсіресе жамбас бөлігі көп зардап шегеді.
Шаршаудың ең бастапқы кезеңінде оқушылар тынымсыз болып, басқа жаққа көңіл аудара береді. Сабақ кезінде сөйлесіп, тұрған орынын ауыстырып, оқытушы сөздеріне аса назар аудара қоймайды. Бұл әлбетте оқушылардың өзін өзі сақтау реакциясы болып табылады. Осындай жағдайда ұстазға оқушылардың атынан белгі беріледі, яғни мұндай әрекеттер оқушылардың аса қатты шаршағанының белгісі болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен оқушылардың тынымсыздық деңгейін азайту үшін басқа спорт түріне немесе ұйымдасқан жағдайда дене тәрбиесі минутында дене жаттығуларын жасау аса маңыздырақ болады.
Дене тәрбиесі минутасы сыныпта педагогтың немесе дене тәрбиесі мұғалімінің бақылауында жүргізіледі. Бұндай жаттығулар 1-2 минуттан аспауы тиіс. Осындай дене тәрбиесі минутасын оқушылардың сабақ кезінде шаршау белгілері көрінсе, онда оқушылардың назары төмендеп, белсенділігі жойылған уақытта жүргізген абзал.Сабақты жүргізіп жатқан ұстаз дене тәрбиесі минутасын қашан өткізгісі келсе өз еркі болады. Мамандар дене тәрбиесі минутасын, әсіресе бастауыш сыныптарда барлық сабақтарында өткізу керек деген ақыл – кеңес ұсынады. Сабақ қызметінің түріне байланысты оқушылар жаттығуларды тұрып орындау керек.
Дене тәрбиесі минутасында жүргізілетін комплексті жаттығулар 3-5 жаттығудан құралып, 4-6 рет қайталанады. Комплекске жеңіл, жай, қозғалыстың қиын координациясын қыжет етпейтін жаттығулар кіреді. Бұндай жаттығулар көбінесе буын мүшелеріне бағытталуы керек.Негізінен оқушы отырған қалыпта жұмыс істемейтін буындарға жаттығу жасату аса маңызды. Дене тәрбиесі минутасына еңкею, жартылай еңкею, отыру, жартылай отыру, қолды қозғалту, керілу сияқты жаттығулар кіреді.
3 Қозғалыстағы қоңырау
Қозғалыстағы қоңыру кезінде оқушылардың белсенді демалуын ұйымдастыратын жалпы басқарма дирекциясы қабылдап, тәрбие жөніндегі меңгеруші іске асырады. Меңгеруші сабақ режимінің атқарылуын бақылап, ұйымдастырушылық сұрақтарын шешуге көмектесіп, белгілі бір бөлмеде қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілу кестесін құрастырады.
Қоңыру кезінде ойындардың тұрақты жүргізіліп тұруына жауапты сынып жетекшілері болады. Дене тәрбиесі мұғалімі сабақтан тыс жұмыстармен айналысатын меңгерушімен бірлесіп, әр сыныпқа қозғалыстағы қоңырау кестесін құрастырады. Педкеңесте айына бір рет қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілуі мен ұйымдастырылуы бойынша сөз қозғалады.
Оқушылардың қозғалыс белсенділігін, денсаулығын арттыру мақсатында таза ауада жаттығулар жүргізілу керек деген пікірге ешқандай ұстаз қарсы болмаған. Сондықтан мектеп ауласында арнайы ойын ауданын белгілеп алу керек. Ол өз кезегінде ауданы 20х 35 м, ұзындығы 16-20 метр болып, еніне белгі қою қажет.Мұнда қоңырау кезінде жиі қолданылатын жаттығулар, ойынджар жүргізіледі.
Қозғалыстағы қоңырауды ұйымдастырған кезде мектеп кеңсесінде жаттығулар спорт залдарында өткізіледі.Оқушыларды тез арада ұйымдастыру үшін қозғалыстағы қоңырауда неше түрлі ойындар ждүргізуге болады. Мысалы гимнастикалық орындықтан, обруч арасынан өту ойынын өткіземіз. Бұндай жаттығулар негізгі ойынды бастар алдында дайындық ретінде жүргізіледі. Оқушыларды санақ бойынша, капитанды өз таңдаулары бойынша топ- топқа бөліп, ойынды бастаймыз. Уақытты көп жоғалтпау үішн туларды, ленталарды, доптарды қолдануға болады.
3-4 сыныптарда топ- топқа бөлу үрдісі 2-3 капитанды таңдаумен жеңілденеді. Ал капитандар өз кезегінде ойыншыларды таңдау құқығына ие болады. Қозғалыстағы қоңыруды жүргізу сынып оқушылармен тәрбиелік жұмысты өткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қоңырау кезінде оқушыларға ойынның шарты түсіндіріліп, ойынға қойылатын талаптар айтылады.
Осындай жағдайда ғана оқушыларға моральды және бостандық қырларына тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуге болады. Ойынды бастамас бұрын мұғалім ойынның атын және ойын шарты мен талаптарын түсіндіреді. Бұндай еске түсірулер қысқа және ұғынықты болу керек. Өйткені бастауыш сынып оқушылары ойынды тез бастап кеткісі келеді.Қозғалыстағы қоңырау кезінде оқушыларға мәлім, не болмаса жеңіл ойындарды жүргізу тиімді. Егер де жаңа ойын, оқушылар білмейтін ойын ойналатын болса, ұстаз ойын шартын түсіндіргеннен кейін, қалай ойнау керектігін көрсетеді. Содан кейін ғана ойын өз шарты борйынша өткізіледі.
Оқушыларға салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі: басында салмақ түсіру ақырындап жүргізіледі, қоңыраудың ортасында негізгі тапсырма беріліп, кейін салмақ азайтылады. Қоңырау соңында назар аудару ойындарына көп көңіл бөлу керек.
Апта бойы салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі. Аптаның басында жылдамдыққа назар аударылады, аптаның ортасында жылдамдық- күшке, аптаның аяғында беріктілікке көп көңіл бөлінеді. Әр қоңыруда негізні тапсырма, дайындық және қорытынды тапсырмалар өткізіледі.
Қозғалыстағы ойындарды ұйымдастыған кезде дене салмағына бақылау жүргізіліп, оқушының ойлау қабілетіне қандай әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Қозғалыстағы қоңырау кезінде дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының мазмұны мынаған сәйкес келеді: әр оүрлі жылдамдықта жүгіру, секіру, керілу, гимнастикалық таяқшалармен жаттығулар орындау т.б. Осы жаттығулар қозғалыстағы ойындарда, сондай- ақ қоңырау басында және аяғында қолдануға болады. Дегенмен ұйымдастырылған қоңырудың негізгі мазмұны- қозғалыстағы ойындар болып табылады. Жаттығуларды орындаған кезде оқушыларда сүйікті ойындары айқындалады. Оларды күнделікті қолдануға болады. Дгенмен оқушыларға қазіргі таңда аса керекті ойындар ұсынылады. Оқушыларға ойындарды ұсынған кезде бұйыру сөздері қолданылмауы керек. Оқушылардың қызығушылығына сәйкес, сөйлесу формасын ұстанған жөн.
4 Сабақ кезінде және қоңырауда қолданылатын қозғалыс ойындары.
Дене сауықытру, шынықтыру жұмыстарында негізгі оырнды қоңырау кезінде қолданылатын қозғалыс ойындары алады.
Сабақ кезінде және қоңыруда қолданылатын қозғалыс ойындарды жиі қолданған кезде, оқушының сабаққа деген қызығушылығын тудырып, барлық ағзасына әсер етеді. Сабақ кезінде жаңа тақырыпты терең меңгеруге де ықпалын тигізеді. Сонымен қатар жақсы ұйымдастырылған сабақ кезінде және қоңырауда қолданылатын қозғалыс ойындары оқушылардың гиподинамияға қарсы ағзаның күресуі үетіле түседі. Гигиеналық нормаларға сай келетін, температура жағдайы қалыпты ашық таза ауада үлкен қоңырауда қозғалыс ойындарын жүргізу тиімді.
Оқушылардың психика- физиологиялық және жас мөлшеріне қарай белсенді демалысты ұйымдастырған кезде жалпы принциптерге жүгіну керек. Мұнда айқындалған талаптарға сай ойындарды жүргізу қажет. Дне шынықтыру сабақтарында бекіткен бағдарламаға сәйкес және оқушылардың жас сөлшерін ескере отырып қозғалыс ойындарын, спорттықойындардың элементін, кіші спорттық инвентарды қолдана отырып, жаттығуларды орындауға болады.
4-6 сынып оқушылары басқа кіші сыныптардан қарағанда жауапты келеді. Бұл сыныптарда оқушылар арасында шешімін өздері табуға тура келетін ойында аса қызығушылықты тудырады. Дгенмен мұғалім оларға ойындарды ұйымдастыруға көмектеседі. Керек жағдайда әділ- қазының рөлінде болады. 4 сыныптан бастап ұлдар және қыздар арасында қозғалыс ойындары өзгеріп, әртүрлі түрге ие болады. Мұнда ұлдарға және қыздарға арналған бөлек оойындарды өткізу керек. Қозғалыс лойындарын барлық сабақтарда қолдануға болады. Ойындар негізінен сабақтың басы мен аяғында жүргізіледі.4-6сыныптарда бұрын қолданған көптеген ойындар өткізіледі. Мұнда әр түрлі жылдамдықтар іске асырылады және қиындықтар күрделене түседі. 1-3 сыныптарға қарағанда 4-6 сыныптарда ойындардың уақыты ұзақтау болады. Оқушылар ұжымдасып ойнауға үйренеді. Мұнда көбінесе топтық ойындар қолданылады. Орта жастағы оқушылар жарыстарға көп қатысады.Қозғадысы жылдам, секіру орйындарын жүргізуге көп мамандар ұсынады. Физикалық қабілеттерінің күшеюіне байланысты оқушыларға күшті қолдану үшін ойында өткізіледі. Ондай ойындардың уақыты аз болады. Ал мұғалім қарсылыстардың барлық қозғалыстарын бақылап тұрады. Оқушылардың жылдамдығын дамыту үшін лоар қозғалыста болу керек.Оқушыларды шаршатпау үшін ойындарды 15минуттан артық жүргізбеу керек. 4-6 сыныптарда топтық ойындарда рөлдерді дифференциялауға болады.Оқушылар спортқа, спорттық ойындарға көп қызығушылық білдіреді. Сондықтан көптеген қозғалыстағы ойындарға әр түрлі спорттүріне жататын ойынның элементі қолдангылады.
Кейбір ойындарда бағдарлама бекіткендей алғы рөлдерді ойынның басын да аяғын да бір кісі орындауы керек. Осындай ойындарға белсенді, дайындығы мол оқушыларды қатыстыру керек. Осындай оқушыларды таңдаған кезде сыныптастарының пікірін де білу қажет. Себебі өз сыныптасының қабілеті қандай деңгейде екенін біледі. Оқытушы алғы рөлдегі ойыншыға тән қасиеттерді айтып, сол ойыншыны таңдайды. Басқа да таңдау жұмыстарын жүргізуге болады.Қозғалыстағы ойындарда топтық ойындар негізгі орынды алады. Сондықтан оқушыларға топпен жұмыс істеуге үйрету керек. Осыған орай оқушылар эстафета кезінде, жарыстарды шыдамсыз болғандықтан, оларды бір топқа 8-10 адамнан бөлу керек. 4-6 сынып оқушыларында қозғалыс ойындарына ққызығушылығы арта түседі. Оларды ойын нәтижесі емес, оының сапасы толғандырады.
Шаңғымен тебу, жүру, атлетика, гимнастика кезінде дене шынықтыру мұғалімі олардың қозғалысына қатаң талап қойып, бақылап жүреді. Ойын кезінде экономды түрде, тез жылдамдықпен ойнау үшін қозғалыстағы ойындарды қайталай берген кезде жақсы нәтижеге жетуге болады.
Бұл жастағы оқушылар өздерінің сыныптастарымен ақылдасқанды жөн көреді және кейде үлкендермен салыстырғанды олармен көбінде тіл табысып жатады. Сол себепті ұстазға кейбір жағдайларда ұжым арқылы жеке ойыншыға ықпал жасау керек.
Ұжымдылық тәрбиесіне қажырлылық пен жауапкершілік сезімін ояту үшін, септігін тигізетін сыныптастарға көмек келтіретін ойындар жақсы.
Кейбір ойындарға баскетбол белгілеріне ұқсас допты меңгеретін техника элементтері енгізіледі. Олардың орындалуына көңіл аудару қажет, құралған стеротипті қайта құрастыру қиын болғандықтан, дұрыс дағдыға үйрету керек.
Әрекеттегі келісушілікті тәрбиелеу үшін оқушыларды ойнату қажет, себебі, ойын үстінде серіктесінің әрекеттерімен санаса отырып, қарсыласының ойын үстіндегі ой жоспарын болжап шешуге мүмкіндік алады.
Кейде, таныс ойын алдын ала шынықтыру ойынында қолданылады.(сыныптағы бақылау жұмыстарынан кейін, ақырғы сабақтарда оқушылар шаршаған тұста немесе назары шашыраңқы болған уақытта)
Кейбір жағдайларда аз қозғалысты ойындар сабақтардың соңында, оқушыларды мазасыз күйге түсіру үшін және олардың назарын жүйелендіру үшін өткізіледі.
4-6 сынып оқушыларының арасында қозғалыс ойындарын жүргізгенде кезде кедесідей тапсырмалар шешіледі: ойын ережесінде гимнастикалық, жеңіл атлетикалық қозғалыстар, шаңғымен жүру белгілерін бекіту және дамыту; жылдамдықты арттыру; үлкен және кішкене доптарды лақтыру мен қағып алу дағдыларын ары қарай жетілдіру; күштің жылдамдықпен және ептілікпен дамуы, сондай-ақ әрекеттегі келісім; өзара көмекке баулу, шығармашылық қарқындылық, уақыт және кеңістік аралығында дұрыс тоқтамға келе алу.
5. Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері
Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді. Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп, оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады: волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен таяқшалар, түрлі жалаулар және т.б.
Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше: жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды. Қозғалыс ойындарының көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты және көрермен сигналдарын сезіну).
Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді. Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі, энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды. Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.
Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға енудегі басты мақсат.
Қозғалыс ойындарының формасы – қатысушылардың әрекеттер ұйымы, көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу мүмкіншілігі. Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет атқарады, ал басқа ойындарда – ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының қызығушылығымен әрекет етеді. Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру).
Ойынның формасы оның мазмұны мен шарттылығына байланысты.
Әдістемелік ерекшеліктері оның мазмұны мен формасына байланысты. Қозғалыс ойындарының әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар тән:
а) бейнелілік;
б) ережемен шектелген мақсаттарға жету үшін іс әрекеттердің өзіндік мақсаты;
в) ережемен сәйкестендірілген әрекеттегі шығармашылық ынта;
г) ойынның сюжетіне байланысты арнайы рөлдердің іске асуы, бұл ойынға қатысушылардың ұйымның өзара қатынастарын қалыптастырады;
д) ойындағы құбылыстың аяқастылығы, өзгергіштігі, қатысушылардан реакция жылдамдылығын, ынтасын талап етеді;
е) жарысу ойындарының белгілері, күштің толық қалпын талап етеді және ойындағы сезімдік күштерін жоғарылатады;
ж) ойындағы «текетірестерді» шешудегі қарсы жақтың пікірлерімен түйісуі жоғары эмоционалды тонусты қалыптастырады.
Қозғалыс ойындары физикалық мәдениет құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ әдістемесі де болып табылады. Тәрбиелеудегі ойын әдісінің түсінігі, ойынның әдістемелік ерекшеліктеріне көрініс береді, яғни, оны басқа тәрбие әдістерінен әдістемелік қатынасынан ерекшелейді (жарыстың белгілері, сюжеттілігі, көркемділігі, мақсатқа жетудің түрлі әдістері, әрекеттің өзіндік қатынасы). Ойын әдісі күрделі нұсқаланған шарттардағы қозғалыстың кешенді жетілуі басты назарда қолданылады.
Физикалық мәдениет және ойын әдісінің құралы ретіндегі қозғалыс ойындары физикалық сапаның тәрбиеленуіне және жетілуіне септігін тигізеді. Бұдан басқа, қозғалыс ойындарында гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы және басқа да спорт сабақтарында қалыптасқан шынайы әрекеттері және жекеленген дағдысы мен қабілеттілігі жетіледі және бекітіледі.
6. 1-3 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының мысалдары
6.1. Жеңіл қарқындылық.
«ҮКІ»
Дайындық. Ойыншылар арасынан «Үкі» таңдалады. Ойыншылар – «Дала тышқандары» барлық зал қабырғаларында «інде» жайылады. Үкінің «Ұясы» ойын алаңының шетінде орналасады. «Үкі» өзінің ұясында.
Бейнелеу.Ұстаз «Күн!» деп айтады. Барлық тышқандар залдың ортасына жүгіріп шығады: жүгіреді, секіреді. «Үкі» ұясында ұйықтап отырады. Ұстаз «Түн!» деп айтады. Барлық тышқандар орындарында қатып қалады, ал «Үкі» оянады, аң аулауға шығады және ойыншылардың қайсысы қозғалғандығын бақылайды. Егер «Үкі» тышқандардың қозғалғандығын байқап қалса, оларды өз ұясына әкетеді. «Үкі» ұстаз «Күн!» деген бұйрық бергенше тышқандарды аулайды. «Күн!» белгісі берілгенде «Үкі» өз ұясына ұшып кетеді. Ал ұсталмаған тышқандар «Түн!» деген белгі берілгенше жүгіреді. Ұяда 3-5 тышқан ұсталса, жаңа «Үкі» тағайындалады. Осылай бірнеше рет ойналады. Соңында бір де бір ұсталмаған тышқан және басқаларға қарағанда тышқандарды тез арада ұстаған, өте байқампаз «Үкі» аталып өтеді.
Ереже.
«Үкі» ойын алаңына шыққанда, тышқандарға қозғалуға тыйым салынады. «Үкі» байқамаған жағдайда тышқандар үкінің артынан тұрысын өзгерте алады.
Ұсталған тышқандар ойын аяқталып, басқа «Үкі» тағайындалғанға шейін ұяда отырады.
Ұстаздың «Күн!» белгісі бойынша «Үкі» міндетті түрде ұясына ұшып кетуі керек.
«ЕМЕН ЖАҢҒАҒЫ, ІСІК, ЖАҢҒАҚ»
Дайындық... Ойыншылар үштен бөлінеді. Біріншілер – «Емен жаңғағы», екіншілері – «Ісіктер», үшіншілері – «Жаңғақтар». Бір ойын басқарушы.
Бейнелеу.Әрбір үштік: «Емен жаңғағы», «Ісіктер», «Жаңғақтар» шеңбер түзе қолдарын ұстайды. Ойын басқарушы ойын алаңының ортасында тұрады. Ұстаз «Емен жаңғағы» дегенде «Емен жаңғағы» аталған барлық ойыншылар, орындарымен ауысуы қажет, бұл уақытта ойын басқарушы қандай да бір босатылған орынды алуға талпынады. «Ісіктер» мен «Жаңғақтар» орындарымен ауысады. Сол уақытта барлық ойыншылар орындарымен ауысулары қажет.
Ереже.
Ойынды тек ұстаздың белгісімен бастау керек.
Әр ойыншы жүргізуші орынында болуы шарт.
«ҒАРЫШКЕРЛЕР»
Дайындық. Алаңның бұрыштары мен жақтауларында «Ракетодром» деген 5-8 үлкен ұшбұрыштар сызылады. Әрбір ракетодромның ішінде 2-5 «Ракета» жолақшалары салынады. Ракеталардың жалпы саны 5-8 дана ойыншылар санынан аз болу керек. Ал қалған ойыншылар ойын алаңының ортасында шеңберде тұрады.
Бейнелеу. Ойыншылар шеңбер бойынша қол ұстасып «Ғаламшарлар саяхатына, ракеталар тосады, қайсысын біз қалаймыз, соған барып қонады. Ойынның бір жұмбағын балақай тек есіне тоқ. Әрқашанда, әр кезде, кешіккенге орын жоқ» деп айқайлап жүреді. Осыдан сөздерден кейін барлығы ракетадромға жүгіріп, кез келген ракетаға орналасады. Орынсыз қалғандар ұстазға барады немесе залдың ортасына шегінеді.Кейін кешіккендермен қоса барлығы шеңберге жиналып ойынды қайта бастайды.
Ереже.
Ойынды Оқытушы беретін белгі бойынша ғана бастау керек.
«Кешіккенге орын жоқ» сөзі айтылысымен жүгіру керек.
«БІЗ КӨҢІЛДІ БАЛАЛАРМЫЗ»
Дайындық. Ойынның қарама-қарсы жақтарында немесе залда 15-20м аралықта екі «үй» бірінен бірі сызықтар арқылы ажыратылады. Үйлермен қоса ойын алаңында ойын басқарушы тұрады. Басқа ойыншылар ойын алаңының бір жағында, үй сызықтарының артында болады.
Егер ойын үлкен алаңда ойнатылса, оның жақтарын шектеу қажет, ал, сызықтарды 8010м аралықта сызу керек.
Бейнелеу Ойын басқарушы, ойыншыларға ортасында тұрып, «Бір,екі,үш!» деп қатты айтуы керек. Барлық ойыншылар хормен:
«Біз-көңілді балалар, жүгіру мен ойнауды ұнатамыз. Бізге жете алсаң жетіп ал!»
Бұдан кейін барлық балалар қарсы жақтағы үйлердің сызықтарына дейін жүгіріп барады. Ойын басқарушы жүгіргендерді ұстап алады. Барлық балалар жүгіріп келгеннен соң, ойын басқарушы тағы «Бір,екі,үш!» деп тағы да санайды, ал барлығы, төрт жолды өлең айтып, бірінші үйге жүгіреді. Ұсталғандар тағы да шеттетіледі. 2-3 айналып жүгіргеннен кейін ұсталғандар, ұсталмағандардан жаңа ойын басқарушыны таңдайды, ал ұсталғандар ойынға қайта енеді және ойын басынан басталады.
Ойын 3-4 рет өткізіледі, осыдан кейін бірде бір рет ұсталмаған балалар мен көп балалар ұстаған үздік ойын басқарушы белгіленеді.
Ереже.
Тек «Бізді қуып жету» сөзінен кейін ғана басқа жаққа жүгіруге болады.
Үй сызығынан жүгіріп шығып, қайта оралуға болмайды; осы әрекетпен ойнаған ойыншы ұсталған болып саналады.
Ұстап алу- яғни ойыншыға қол тигізу.
Ойын басқарушы үй сызығына дейін жеткен ойыншыны ұстай алады, ал, сызықтан шеттетілген ойыншыны ұсталған деп санамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |