Нысаналау осі арқылы жер бетінің горизонталь сызығын түсіру қызметін атқаратын дүрбілі аспап нивелир деп аталады.
Өндірісте нивелирлердің мынадай түрлері жасалынып шығарылады:
1. Н-05-оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биікайы-рымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған.
2. Н-3, Н-ЗК, НС-4, Н-ЗЛ ниве-лирлері – 1 км екі мәрте жүрісте биі-кайырымды 3 мм-ден аспайтын орта-ша квадраттық қателікпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлік геодезиялық жұмыстарда, 3, 4-кластық нивелирлеу кезінде қолданылады.
3. Н-10, 2Н-ЮЛ, Н-ЮК, Н-ЮКЛ ни-велирлері – 1 км-лік екі мәрте жүрісте биікайырымды 10 мм-ден аспайтын ор-таша квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік геодезиялық жұмыстарда және топографиялық тү-сірістерде нүктелердің биіктік бел-5.1. Нивелирлердің және нивелирлік рейкалардың жіктелуі гісін анықтауды қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қазіргі кезде нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға кел-тіру деңгейлеуішпен тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлардың көмегімен өзінен-өзі жасалады.
Осы аталған нивелирлердің ішінен оқу құралында қарастырылатын Н-3 жә-не НС-4 нивелирлерінің техникалық сипаттамасы.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес рейкалардың үш түрі жасалынып шығарылады: РН-05, РН-3 және РН-10. РН-05 рейкасы 1 және 2 кластық нивелирлеуде, РН-3 және РН-10 рейкалары 3 және 4 кластық және техникалық нивелирлеу кезінде қолданылады.
Олар ұзындығы үш немесе төрт метр және де тұтас немесе бүктемелі болуы мүмкін. Нивелирлік рейкалардың негізгі метрологиялық сипаттамалары.
Нивелирдің жинағына штатив, екі жұп рейка және қосалқы құралдар
Биікайырымдарды анықтау
Биіктік өлшеулер, нивелирле.
План мен карталардағы жер бедерінің көрінісі үшін профильді құрастыру үшін және инженерлік есептерді шығару үшін жер бетіндегі нүктелердің белгілерін білу керек.
Аймақтағы нүктенің белгісін және олардың айырымын (биікайырымын) анықтау үшін жүргізілетін өлшеулер, сонымен қатар есептегіш бетіне қатысты жер бетіндегі нүктелерінің биіктіктерін анықтауларын нивелирлеу деп аталады.
ТМД елдерінде шығушы пункт болып Балтық теңізінің орташа деңгейі есептеледі.
Жұмысты орындау әдісі мен қолданылатын құрал-жабдықтарға байланысты нивелирлеу келесі түрлеріне бөлінеді:
1 Геометриялық нивелирлеу – горизонталь көздеу сәулесімен жүргізіледі. Құралдар: нивелир, нивелирлік рейка. Дәл болып есептеледі.
2 Тригонометриялық нивелирлеу – көлбеу көздеу сәулесімен орындалатын нивелирлеу. Құралдар: теодолит, нивелирлік рейка, өлшеуіш лентасы.
3 Физикалық нивелирлеу
3.1 Барометрлік нивелирлеу – деңгейлік беттен жоғары нүктелер биіктігінің өзгеруімен атмосфералық қысымды өлшеуге негізделген нивелирлеу түрі.
3.2 Гидростатикалық нивелирлеу – сұйықтықтардың қатысатын ыдыстарда бірдей биіктік алу қасиетіне негізделген нивелирлеу.
4 Фотограмметриялық нивелирлеу – ұшақ бортынан арнаулы стереоқұралдармен алынған суреттерден биіктіктерінің әр түрлілігін алады.
5 Механикалық нивелирлеу – ілгіш әрекетіне негізделген нивелир-автоматпен орындалатын нивелирлеу.
Геометриялық нивелирлеу
Нивелирдің горизонталь көздеу сәулесімен және нүктелерде тік орналастырылған рейкалардың көмегімен бір нүктенің екінші нүктеден биікайырымын анықтау геометриялық нивелирлеу деп атайды
Достарыңызбен бөлісу: |