Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет21/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   303
buzaubakova pedagogika

 
Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты.
Мұғалім мамандығы – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, 
жас ұрпақты тәрбиелейтін, өмірге ізгілік нұрын себуші, жауапкершілігі мол 
киелі мамандық. Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі 
жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті зор тұлға. Ол – оқытудың 
инновациялық технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне 
шынайы жанашырлық танытатын қоғамның зиялы қауымының өкілі.
Мұғалім мамандығы – табиғаты жағынан гуманистік сипатқа ие 
мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті және гуманистік 
мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні 
үйретумен, 
әлеуметтік-мәдениеттік 
жағдайлардың 
нақты 
талаптарына 
дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік 
жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал 
гуманистік мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық 
дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке 
тұлғаны қалыптастырушы әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. 
Оның басты мақстатарының бірі – жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту 


22 
болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық 
дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
 
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы 
– 
мұғалім тұлғасының моделі 
ретінде
.
Мұғалім – оқушының интеллектуалдық негізін және рухани дүниесінің 
қалыптасуына жауапты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби деңгейі 
жоғары, интеллектуалдық әлеуеті мол тұлға
.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды кәсіби тұрғыда Н.В.Кузмина, 
В.А.Сластенин, Қ.Жарықбаев, Н.Намазбаева, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, 
В.Г.Ковалев, Л.Ф.Спирин, Н.Д.Хмель, М.Н.Сарыбеков, т.б. зерттеген.
В.А.Сластенин бойынша, мұғалім профессиограммасы
 
мамандықтың 
құжаты ретінде оның біліктілік сипаттамаларын, яғии қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және 
ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге 
қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдылар жүйесін көрсетеді.
В.А.Сластенин педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке 
мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып, төмендегідей 
мұғалімнің профессиограммасын ұсынады: 
1)
Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық,
кәсіптік-педагогикалық, танымдық бағыттылығын жатқызады. 
2)
Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына 
қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын 
біріктіреді. 
3)
Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. 
4)
Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны.
Профессиограмма – мұғалім, тәрбиешінің идеалды үлгісі, моделі, эталоны. 
Педагог профессиограммасы төмендегідей сапаларды қамтиды: қоғамдық-
саяси; әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке басының тұлғалық 
сапалары; психологиялық және педагогикалық дайындық; мамандық бойынша 
кәсіби дайындық; пән бойынша дайындық. 
Ғалым-психологтардың (В.А.Кузмина, А.И.Щербаков және т.б.) зерттеуі 
бойынша, педагог профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің 
психологиялық құрылымын ескеру қажет.
Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер: 
бейімділік пен іскерлік және гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық 
қабілеттер.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің 
тұлғалық, кәсіби қасиеттерімен тығыз байланысты болатындығын А.К.Маркова, 
Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова 
және т.б. ғалымдар зерттеген. 
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне төмендегідей негізгі 
қасиеттерді кіргізуге болады:
-
оқушыларға деген сүйіспеншілік;


23 
-
педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы;
-
педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы;
-
педагогикалық ойлаудың қалыптасуы;
-
қарым-қатынас жасай алуы; 
-
ұжымшылдық, креативтілік, шығармашылығы және т.б. 
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп 
қарастыруға болады: 
- жалпы адамзаттық қасиеттері; 
- кәсіби-педагогикалық касиеттері; 
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары. 
Педагогтың кәсіби міндеті – оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау, 
тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету. 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау