Pentium IІ алмастыратын Pentium III бейнелерді, аудио- жəне
бейнедеректер ағынын, сөздерді түсінуді өңдеу мүмкіншіліктерін
кеңейтеді, процессордың тактілік жиілігі 600 МГц астам болады, ал
жүйелік шинаның тактілік жиілігі 1,33 ГГц.
Celeron туыстасының CPU пайдаланушыларды процессорлардың
жаңа буынына өту процесін жеделдетуге арналған Pentium II нұсқасын
білдіреді.
AMD
фирмасы AMD K6-2 туыстасының процессорлары
үшөлшемді графика нұсқаулықтарын, аудио- жəне видеодеректерді
жеделдетіп өңдеу үшін конвейерлік құрылымымен ядрода CPU
модульге ие болады, ол 266 бастап 450 МГц дейін тактілік жиілікте
жүйелік шинаның 66, 95 жəне 100 МГц жиілігінде жұмыс істейтін
процессордың өнімділігін арттырады. AMD K6-3 процессорының
ядросына процессор жиілігінде жұмыс істейтін екінші деңгейлік кэш-
жадының 256 кбайт интеграцияланған, ал аналық тақтада көлемі 512
бастап 2 048 кбайт болатын үшінші деңгейлік кэш-жадысы орналасады.
Жетінші буын процессорлары 1 ГГц астам жеке жиілігіне ие жəне
тактілік жиілігі 400 МГц дейін болатын жаңа жүйелік шинасын
сүйемелдейді. AMD корпорациясының CPU K-7 Athlon деп аталады.
Бірінші буындағы CPU Athlon технологияның 0,22 мкм негізделген
жəне тактілік жиілігі 700 МГц болады, ал екінші буын 0,18 мкм
технологиясына өту кезінде 1000 МГц жиілікті құрайды.
Intel корпорациясының Pentium IV (Willamate) СPU сөздің
шындығына келгенде Pentium Pro жаңартылуы болып табылады. 2,6
ГГц дейін тактілік жиілікке ие жəне тактілік жиілігі (100 МГц х 4 = =
400 MD
J
,) бір такт ішінде деректердің 4 пакетін бере алатын Quard
Pumped жүйелік шинасын қолданады. Екінші деңгей кэш-жадысының
көлемі 256 Кбайт құрайды. Процессордың ядросы 0,18 мкм
технологиясы бойынша орындалған.
Pentium IV(Northwood) СPU оның ядросы 0,13 мкм технологиясы
бойынша дайындалуымен ерекшеленеді, тактілік жиілікті 3,06 ГГц
дейін арттыруға мүмкіндік жасады, 512 кбайт дейін жəне жүйелік
шинаның тактілік жиілігін 533 МГц мобильді қосымшаларға
бағытталған. Intel Pentium M процессоры мобильдік ДК-де қолдануға
бағытталған.
Intel Celeron процессоры Pentium IV нұсқасының қысқартылған
нұсқасын бейнелейді. Алғашқы Celeron процессорлары — екінші
деңгейлік кэш-жадының қымбат микросхемаларының болмауымен
ерекшеленген Pentium II аналогтары. СPU Celeron шығарылымы
Pentium III жəне Pentium IV пайда болғаннан кейін де жалғасты.
Олардың тактілік жиілігі — 2,88 Ггц дейін; жүйелік шинаның жиілігі
— 400 МГц дейін; екінші деңгейлік кэш-жадының көлемі — 256 кбайт;
технология — 0,13 жəне 0,18 мкм.
54
Intel Celeron D СPU негізінен үй мультимедиалық қолданысқа ие,
0,065 жəне 0,09 мкм технологиясы бойынша жасалған, тактілік жиілігі
3,2 ГГц дейін, жүйелік шина жиілігі 533 МГц жəне екінші деңгейлік
кэш-жадының көлемі 512 кбайт дейін.
Сегізінші буын процессорларына AMD Opteron процессоры жəне
Athlon 64 (Turion 64) түрлі модификациялары, сондай-ақ Intel Itanium
жатады. Athlon 64 СPU бастапқыда үстелдік ДК-де жəне ноутбуктерде
қолдану үшін арналған болатын. Athlon 64 (2 800+, 3 000+, 3 200+, 3
400+, 3 500+, 3 700+, 3 800+ и 4 000+) процессорларының туысы 0,09
жəне 0,13 мкм технологиялары бойынша жасалған жəне 32- мен 64-
разрядты процессорлар арасында аралық буын ретінде тұрақтанады.
Олардың тактілік жиілігі 2,4 ГГц дейін жəне екінші деңгейлік кэш-
жадының көлемі 1 024 кбайт дейін.
Intel Itanium — үлкен дерек қорларымен, деректерді жəне бизнес-
талдауды,
күрделі
техникалық
есептеулерді
орындайтын
автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖЖ) жинауға арналған
қосымшалармен жұмыс істейтін серверлер мен компьютерлерге
арналған алғашқы 64-разрядты процессор. Оның негізгі артықшылығы
болып процессор жүгіне алатын адерстелетін жады көлемі табылады.
Салыстыру үшін: Pentium Pro/II/III/IV СPU 64 Гбайт жедел жадыға
жүгіне алады, Itanium — 16 Тбайт-қа, ол шамамен 270 млн есе көп. Intel
Itanium 2 сериясы жоғары өнімді серверлер мен жұмыс
станцияларының
жұмысына
арналған.
Itanium
2
(MP)
модификациясының ең үлкен тактілік жиілігі бар, жүйелік 128-
разрядты шинаның ең көп жиілігі 667 МГц жəне Itanium 2 (MP), Itanium
2 (DP) модификациялары үшін бірінші (L1) жəне екінші (L2) деңгейлік
кэш-жадының көлемдері 32 жəне 256 болғанда тиісінше үшінші
деңгейлік кэш-жадының (L3) ең көп көлемі 9 Мбайт.
Тоғызыншы буынға көпядролы процессорларды жатқызады, олар
үшін арнайы көпядролы микроархитектура жасалған. Intel фирмасының
мұндай
процессорларына
К-10
микроархитектура
базасында
орындалған Intel Core 2 сериясы, AMD фирмасының — Phenom сериясы
жатады.
Алғашқы Intel Core 2 процессорлары 65 нм технологиясы бойынша
орындалған.
Intel фирмасы Intel Core 2 туысы процессорларының бірнеше
нұсқаларын біруақытта жасап шығарумен айналысты. Алғашқы болып
4 Мбайт кэш-жадысы жəне 291 млн транзисторлары болатын екі
ядролы процессорлар Conroe жəне Merom пайда болды. Conroe
процессорлары үстелдік жүйелерге (ДК) арналған еді жəне тактілік
жиіліктері 1,86 ... 3 ГГц дейін шығарылды. Процессоры Merom
процессорлары мобильдік жүйелерде (ноутбук) қолдануға арналды,
сондықтан оларды шығарған кезде ерекше назарда төмендеген энергия
пайдалану болды, сəйкесінше оларда тактілік жиіліктер төмен болды —
1,06 ...2,4 ГГц.
55
Достарыңызбен бөлісу: |