Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



жүктеу 4,68 Mb.
Pdf просмотр
бет27/110
Дата19.01.2023
өлшемі4,68 Mb.
#40973
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110
3.1.5.
 
Датчиктер 
2.2.2 
бөлімінде бутербродты дайындау алгоритмі қарастырылды. 
Бұл тармақталған алгоритм және атқарылатын әрекеттер нансалғышта 
нанның бар-жоқтығына байланысты. Оны қалай тексереміз? 
Егер алгоритмді сіз орындайтын болсаңыз, онда сізге нансалғышты 
ашып қарау жеткілікті. Ол жерде нан бар ма деген ақпаратты сіз көру 
мүшесі – көз арқылы ала аласыз. 
Машинада көз жоқ, сондықтан алгоритмді орындаушы машинаға 
оған қажетті мәліметтерді хабарлап отыратын құрылғы керек. Бұл 
жағдайда ол «бар-жоқ» секілді ақпарат болуы тиіс. Бұйымдарды 
сұрыптау алгоритмін орындау үшін 2.2.3. бөлімінде қарастырылған 
ұқсас құрылғылар қажет ( ол жерде конвейрде бұйымның бар екенін 
анықтау керек). Мұндай құрылғы қандай болуы тиіс және ол 
нансалғышта нанның бар не жоқ екенін немесе конвейрде бөлшектің 
бар-жоқтығын қалай анықтайды, оны әрі қарай қарастыратын боламыз. 
2.2.4 
бөлімінде бөлшектің қажетті температураға дейін қызу 
алгоритмі қарастырылған болатын. Бұл алгоритмде 
Егер температура 
t-
дан аз болса, онда...
алгоритмі бар. Бөлшектің температурасын қалай 
білеміз? Бұл үшін температура жайлы ақпарат алатын және оны әрі 
қарай алгоритмді орындау барысында пайдалану үшін жіберетін бір 
құрылғы қажет. Және бұл «бар-жоқ» секілді қарапайым ақпарат емес,


49 
кең диапозонда өзгеретін, температураның ағымдағы мәні туралы 
ақпарат. 
Осы мысалдарға қарап, атқарушы механизмдерден басқа 
алгоритмдерді жүзеге асыру үшін қоршаған әлем аймақтары жайлы 
ақпарат ала алатын құрылғының қажет екендігі туралы ой түюге 
болады, соның ішінде, бұл аймақтардың жағдайы мен құрамын 
сипаттайтын физикалық шаманы қабылдау ( жылжу, температура, 
ылғалдылық, қысым, электр кернеуі және т.б.). Алынған ақпартты оны
әрі қарайғы әрекет туралы шешім шығару үшін кім қолданса, соған 
беруі керек, яғни, операторға немесе басқарушы құрылғыға.
Автоматты 
жүйеде 
әрдайым 
электр 
сигналдары 
қолданылатындықтан, біз әрі қарай дәл соларды пайдалы ақпарттар 
тасымалдаушы ретінде қарастыратын боламыз. Сөйтіп, қарастырылып 
жатқан құрылғылар электр сигналдарын құрастыруы керек, онда 
қоршаған әлем аймақтарының жағдайы мен құрамы жайлы ақпараттар 
бар. Бұл қызметті атқаратын құрылғы 
датчик
деп аталады. 
 
Датчиктер
— 
бұл аймақтардың жағдайы мен құрамын 
сипаттайтын физикалық шамаларды сигналға жаңартатын құрылғы.
Егер технологиялық процестің автоматтануы жайлы сөз болса, онда 
датчиктер шығарылған бұйымдардың технологиялық процесін жүзеге 
асыратын өңделетін құрал-жабдықтардың, материалдардың жағдайы 
мен құрамы туралы ақпарат алады. Бұл құрамдар мен жағдайлар 
технологиялық 
процестің 
параметрі 
немесе 
технологиялық 
параметрлер деп аталатын түрлі физикалық шамалармен сипатталуы 
мүмкін. 
Аймақтардың құрамы мен жағдайын сипаттайтын физикалық 
шаманлар параметрлер деп аталады. 
Жылжу, жылдамдық, температура, қысым, ылғал және т.б. 
датчиктері бар (4-тарауға қар.). Автоматты құрылғыларда оларды 
технологиялық параметрлер деп атайды. Параметрлердің ұқсас және 
дискретті болғаны секілді, датчиктер де ұқсас (температура, жылжу 
датчиктері) және дискретті (қалып датчиктері, мыс: «қосылды-өшті») 
болып бөлінеді.

жүктеу 4,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау