Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым - бейболмыс



жүктеу 5,05 Mb.
бет225/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым - бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық.

Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің тұп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.

Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм ағымында болмыс «дао» үғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға бөлінеді: ол «бірінші дао» - абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» - көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре алмайсың, қанша тыңдасаң да, ести алмайсың, оған ат кояйын десең де, коя алмайсың, өйткені көне Қытай ойшылдары айтқандай оның аты жоқ. Демек, ол не деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол -ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті - бірінші дао ғана. Ал Дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дәні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с.

Енді Шығыс философиясынан Батыска назарымызды аударсақ, көне грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ»- Яғни Дүниеде бар нәрсе - бар, жоқ нәрсе -- жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ осы ойды айтқаннан кейін, Парменид қозғалысты, дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені бір нәрсенің дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни болмыс дегеніміз - ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.

Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады, - деген пікір айтады. Яғни ойлау мен болмыс - бір-біріне тең. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.

Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әртүрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.

Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, Жетілдіру де - мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат -адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік мәдени бағыт қалыптасты.



Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, Мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы - бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын шаңға айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені «Ұлы сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді.

Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі негізгі қиындық, бір жағынан, Дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске түссе де - өмір сүріп қала беруі. Бұл ахуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді: ол әрқашанда ағыста болғанымен - таусылмайды, өмір сүріп қала береді.

Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған үғым - бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық.

Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан алгғнда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.

Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм ағымында болмыс «дао» ұғымы аркылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға бөлінеді: ол «бірінші дао» - абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» - көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре алмайсың, қанша тыңдасаң да, ести алмайсың, оған ат қояйын десең де, коя алмайсьщ, өйткені көне Қытай ойшылдары айтқандай оның аты жоқ. Демек, ол не деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті - бірінші дао ғана. Ал Дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дәні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с.

Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқтапамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек кана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де ясок»- Яғни Дүниеде бар нәрсе - бар, жоқ нәрсе - жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ осы ойды айтқаннан кейін, Парменид қозғалысты, дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені бір нәрсенің дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни болмыс дегеніміз - ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.

Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады, - деген пікір айтады. Яғни ойлау мен болмыс - бір-біріне тең. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.

Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әртүрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.

Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де - мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат -адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана Жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста мәдени бағыт қалыптасты.



Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен кодтар идеалды, еш мінсіз, жетілген, Мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы - бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан альш қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм - кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол - жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.

Сонымен егер нақтылы емір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне келмеген Дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала коршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. XX ғ. өмір сүрген көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жок, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жетілдіретін негізгі күш - адамзат», - деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен үллтасып жатқанын байқауға болады. Сонымен Батыс мәдениеті экстраверттік (ехіга - латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болып шықты.

Бұл арада «Шындык қайда, кімнің колында: Батыста, я Шығыста ма?» - деген заңды сұрақ пайда болады. Батыс Рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын көріністері - ғарыштағы ушып жүрген жасанды Жер серіктері, бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі. өмірдің шын сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с.

Бірақ, сонымен катар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар XIX ғ. аяғынан бастап-ақ, бүкіл XX ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағаньш ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортега-и-Гассет, Э.Фромм, Г.Маркузе т.с.с.)- Материалдық Дүниені өз еркіне көндіріп, оны өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бугінгі таңда әбден көзі жетті. XX ғ. өткен екі дүниежұзілік соғыстар, сонын нәтижесінде кырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы экологиялык апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдык жағынан бай болғанымен,рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бәрі де Батыс өркениетінің тұйықтықка келіп тірелгенін көрсетеді.

Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны өз мәдениеті, дүниесезімімен ұштастыра білген елдерді саусақпен ғана санауға болады (Жапония, Малайзия, Сингапур, Онтүстік Корея). Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше тарихы болса да, көп Шығыс елдері жана ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады, өйткені онда кедейшілік пен кайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс елдеріндегі халықтар Батыс mass media туындыларын қабылдамайды, өйткені олардың рухани болмысына олар қайшы келіп, калың бұқараның наразылығын тудырады. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп, алшақтай түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдерді табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға мәжбүр етуі т.с.с. себептер, әсіресе ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде экстремизм мен терроризмнің етек алуына, сонымен қатар «ғаламдасу үрдісімен» бірге кіретін Батыстың зорлық-зомбылық, порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым адамдардың «таза исламға қайтып оралу» идеясын насихаттайтын ваххабизм сияқты кертартпа діни ұйымдардың құрамына кіріп, саяси экстремизмнің кайнар көзіне айналып жатканын байқауға болады.

Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ сияқты. Бүгінгі таңдағы адамзат болмыс тірегін, бір жағынан, ашынған, қорқынышты үрейлік сезіммен, екінші жағынан, бітпейтін үмітпен іздестіруде... Бұл адамзат ізденістеріне, кұрметті оқырман, сіз де, пісіп-жетіле келе, өз үлесіңізді қосарсыз деген үміттеміз.

Енді болмыс ұғьшын әрі қарай талдасақ, оның құрамынан негізгі екі шындықты табуға болады: оның бірі - айнала бізді қоршаған табиғат, материалдық әлем, екіншісі - рух әлемі, адамның жан дүниесі мен санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасынан тәуелсіз өмір сүрсе, екінші - рух әлемі -адамның, яғни субъектінің ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажеттіктерімен тығыз байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз. Уақытында ұлы Л.Фейербах айтқандай, «Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну, түсіну дәрежесіне кетеріледі».

Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіңі тудырады, яғни ол материалдық дене, сонымен қатар санасы бар өзінің сан алуан қажеттіктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатьің пенде - адам. Сонымен жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойьшда жинақталады екен. Адам дене ретінде өз қажеттіліктерің өтеп, басқа тіршіліктер сияқты, осы болмыста өмір сүреді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте болумен теңеле ме? Бул дүниеде құмырсқа да, жаңбыр құрты да өмір сүріп жатқан жоқ па? Әрине, адамды құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды шынайы адам қылатын - оның санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатьш шығармашылық іс-әрекеті емес пе?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол өз болмысын бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы Әлем жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап қоймай, сонымен қатар Дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның ар жағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді, «мен бұл Дүниеге не үшін келдім» деген сұрақты өз алдына оқтын-оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған сұрақ Болу ма, я болмау ма? - Міне, негізгі сүрақ! адамзат қаншалықты өмір сүрсе, соншалықты өміршеңді болып қала бермек. XX ғ. ортасында бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті американ философы Э.Фромм қазіргі Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі болмысын баю, иелену арқылы көреді деген тұжырымға келіп, оның тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің трагедияға толы тарихында өз жолынан таймай, «жігіт бір сырлы, сегіз қырлы» болу керек, әр күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан, өнер-сайысқа айналдыру керек деп есептеген, бұл оның даналығын көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара жолдан тайып, Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарай ауысып бара жатқан жоқпыз ба? деген сұрақ та ойландырмай қоймайды.

Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде жер бетінде «екінші табиғат» болмысы пайда болды. Егер «бірінші табиғат» деп біз адам қолымен өзгеріске түспеген тағы табиғатты айтатын болсақ, «екінші табиғат» адамның саналы іс-әрекеті арқылы өзгеріске түскен. Егер жануар өзіне кажеттінің бәрін таза табиғаттан тауып алатын болса, адам оған қанағаттанбайды. Сон-дықтан ол табиғатты өзгертіп, өз мүддесіне сай етіп өмір сүреді. Оның бүгінгі таңдағы көріністері - альш қалалар, асфальт және теміржолдар, жасанды көлдер мен ормандар, мәшинелер мен неше түрлі техникалық жабдықтар т.с.с. Олардың бәрі де - саналы іс-дрекеттің туындылары. Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғаттың туындыларында сөнген, яғни заттанған. Қайсыбір адамның қолымен жасалған заттың негізінде белгілі бір идея жатыр. Сол жасалған затты пайдаланып, оны игерген кезде, сөнген идея дереу «лап етіп жанып», тағы да сол адамның ішкі рухани өмірінің құрамдас бір бөлігіне айналады, яғни заттанған идея өзінің материалдық қабығынан босап, тағы да санаға айналады. Екінші табиғаттың бұл терең сырын жете түсіну үшін, оқырманға бір қарапайым мысал келтірейік. Егер сіздің мәшинеңіз сынып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең алдымен ол қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, бұл жайтты түсінген кезде, соны ойлап шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған идеясын тағы да «тірілтіп», өз сананыздың байлығына айналдырасыз. Егер сіздің техникаға икеміңіз болса, сол бөлшектің жетілмеген жерін анықтап, оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін. Оны қоғам рационализаторлык әрекет деп бағалайды. Идеяның затқа, заттың қайта идеяға айналу диалектикасын осы мысалдан көруге болады. Қорыта келе айтарымыз: мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыкқан туындыларда оның барлық дүниеден алған тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған. Әрбір Дүниеге келген жаңа үрпақ соларды игеріп, оны әрі қарай дамытып, өзінің рухани байлығына айналдырады.

Енді, міне, сол «екінші табиғатты» тудырған адамның рухани болмысын талдауға да уақыт келіп қалған сияқты. Алғашқы жақындағанда, оны екіге бөлуге болады. Біріншіден, ол тарихи сахнада өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адамның рухани өмірі, оны субъективті рух деуімізге әбден болады. Тірі адамның түйсіктері, сезім тебіреністері, ырқы, өзіндік сана-сезімі, ғылыми түсініктері, тіпті бейсаналық инстинктері - бэрі де оның ішкі рухани өмірін құрайды. Адамның ішкі өмірі сыртқы Дүние сияқты тұңғиық, Шексіз. Сондықтан да көне гректер адамды «микрокосм» ретінде Қарап, оны «макрокосмға», яғни Дүниеге теңеген болатын. Бір адам басқа адамның ішкі дүниесін толық білмек түгіл, кейбір кезде өз ішінен бұрын білмеген қасиеттерді тауып алып таңғалады!!

Әрине, адамның ішкі рухани болмысы сыртқа шығуға өне бойы талпынады, өйткені адам басқа адамдармен қарым-қатынаска түсіп барып өмір сүре алады: Д.Дефоньщ «Робинзоны» тек киялдан шыққан көркемдік бейне ғана емес пе?

Олай болса, қоғам өмірінде интерсубъективтік (іntеrлатын сөзі, екіаралық, көпаралық деген мағына береді) рух дүниеге келеді.Ол жеке өмір сүретін бір адамның ғана қазынасы емес, ол қоғамның, яғни бір-бірімен байланыс, қарым-қатынасқа түскен көп адамдардың ортақ байлығы. Мысалы, сізге қоғамның белгілі бір саласын жетілдіруге бағытталған ой келді, ол - тек сіздің ғана ойыңыз. Бірақ сіз оны ақпарат кұралдары арқылы қоғамға жария еттіңіз. Сіздің ойыңыз өзекті болып, оны көп адамдар колдады, енді, міне, ол сіздің уысыңыздан шығып, коғамның рухани құндылығына айналды, өйткені ол басқа адамдардың санасына да ұялап, олардың ой-өрісіне өзінің әсерін тигізді. Сонымен интерсубъективтік, яғни объективтік рух қоғамның үстінде аспандағы бұлт сияқты, жеке адамның санасынан бөлініп, дербес өмір сүріп жатқан идея емес, ол - көп адамдардың санасында өмір сүріп жатқан, солардың мойындаған, ішкі рухының бөлігіне айналған құбылыс.Философияда объективтік рухтың формалары ретінде ғылым, өнер, дін, мораль, құкықтық нормалар т.с.с. айтылады.

Енді субъективтік және объективтік рухтың өзара байланысы қандай? деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Әрине, жеке адамның тұлға болып қалыптасуында қоғамдық сананың, яғни объективтік рухтың маңыздылығын асыра түсіну өте қиын. Дүниеге келген сәби ананың ақ сүтімен бірге оның сүйіспеншілігін, әлди-әлди өлеңдерін, неше түрлі ертегілерін бойына сіңіріп, тілі шығып, өсе келе бала бақшасы, мектеп, жоғары оқу орнына барып, тәлім-тәрбие алып, тұлғаға айналады. Сонымен қатар пісіп-жетіле келе, оның бойында жаңа идеялар, туындылар пайда болып, оларды жарыққа шығарып қоғамдық сананы әрі қарай дамытады. Тек бұл арада айта кететін нәрсе, өкінішке қарай, осы уақытқа шейін адамзаттың көпшілігі қоғамдық сананы пайдаланады да, тек элитарлық (еlitе - франц. сөзі, қоғамның үстем білімді, өнерлі азшыл тобы деген мағына береді) аз топ қана оны әрі қарай дамытады. Осыған өкінген XX ғ. ұлы испан философы Х.Ортега-и-Гассет халық бұқарасын тобырға теңеп, қазіргі кездегі рухани дағдарыстың себептерін «тобырдың көтерілісінен» көреді. К.Маркстің ойынша, тек қана жер бетінде коммунизм орнаған кезде ғана, әр адам жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтеріліп, қоғамдық сананы дамытуға қол жеткізеді.



Қоғамның рухани болмысын талдауда әдебиетте «абсолюттік рух» деген ұғым да кездеседі. Көбінесе оны философия тарихында Құайға әкеліп тірейді. Гегельдің ойынша, абсолюттік рухка «өнер», «дін», «философия» жатады. Өнер арқылы абсолюттік рух өзін толық еріктіктің негізінде адлайды; дін арқылы өз-өзіне беріліп қабылдайды; тек философия сатысына жеткен кезде ғана өз-өзін ұрымдар арқылы жете түсінеді, сондықтан Гегельдің ойынша, философиядан биік рух жоқ, ол - рухтың ең биік сатысы.

Қорыта келе, біз болмыс ұғымынын өз бойына бүкіл Әлемді (материя мен рухты, субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын қамтитынын байқадық. Бұл - шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Енді біз оларды өз қисынының негізінде «сыртқа шығарып» жайып, талдауымыз керек, сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі болмыс жөніндегі ілімді толыкқанды суреттейді.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау