3. «Прогрессистер» ағымындағы ойшылдар Шығыс елдері бұрынғыдай өмір сүре алмайтынына көздері жетіп, өзгеріс, жаңару, реформаларды қолдайды. Ол үшін Батыс қоғамында пайда болған көп жетістіктер кеңінен таратылып, қолданылуы қажет. Ол әсіресе экономика саласында керек-ақ. Бірақ, сонымен қатар ұлттық рухани құндылықтар жаңа өмірге бейімделіп сақталуы қажет. Олай болса, оларды бір-бірімен ұштастыру керек. Сонымен қатар, олардың ойынша, діни құндылықтарды жана өмірге сай етіп өзгерту қажет. Құдайға арнап құрбандық шалудан бас тартып, оны тек сүйіспеншіліктің негізінде сыйлау қажеттігін көрсеткілері келеді. Қазіргі өмірдің ритміне 5 реттей намаз оқу салты да сай келмейді. Араб тілін меңгермеген көп елдерде халық Құранның мазмұнын біле бермейді, сондықтан бұл құжат басқа тілдерге аударылып, намаз халықтардың өз тілінде өтуі қажет т.с.с.
Шығыс елдеріндегі мыңдаған жылдар ішіндегі философия саласындағы қалыптасқан дәстүр - ол сенім шеңберіндегі ойлау мен тебірену. Сондықтан Шығыс философиясын діннен бөліп алып қарау тіпті мүмкін емес.
Енді Шығыс елдеріндегі діни-рухани ахуалға келер болсақ онда «Құдай ашылған» діндермен қатар (Христиандық, Ислам) «Құдайды ашпаған» діндер де бар (Конфуциандық, даосизм буддизм). Бірінші діндерге келер болсақ, ондағы Құдай трансцедентті, абсолютті, кеңістік пен уақыттың шеңберінен ары жатқан мәңгілікті. Ол адамзатқа өзінің «сөзімен» ашылады.
Екінші діннің түрлеріне келер болсақ, ондағы Құдай - дүниенің рухани алғышарты болғанымен, бірақ ол тұлға емес. Құдай -болмыстың ең биік сатысы, ол табиғаттан бөлінбеген, бірақ Ол ұғымның тозағына тұспейді, Оны сөзбен жеткізе алмаймыз. Мұндай жағдай Құдай жөніндегі арнаулы ілімді (теологияны) талап етпейді. Сонымен қатар Табиғатқа деген табыну сезімін тудырып, оны қайта өзгертуге бағытталған іс-әрекеттерді теріске шығарады. Егер христиандық дін Құдай өзі жаратқан жетілмеген табиғатты тарту ретінде адамға беріп, оны танып-біліп, қайта өзгерту, өз мүддесіне жарату, оған өз билігін жүргізу құқын берген болса, «Құдай ашылмаған» діндерде Табиғатқа адам өз билігін жүргізе алмайды, оған табыну қайсыбір үстемдікті теріске шығарады, адам табиғатқа тиіспей, тек қана өз-өзін ғана өзгертіп, өне бойы жетілу үстінде болуы керек.
XX ғ. аяғына қарай дүниедегі ең жас дін - исламның рухани ықпалында өмір сүріп жатқан елдерде діни сананың күрт өсуі байқалады. Оның негізгі себебі осы діннің ерекшелігінде жатса керек. Ислам - тек қана адамның жан дүниесін баурайтын дін ғана емес, сонымен қатар ол қоғам болмысының әлеуметтік, саяси, құқтық салаларын да бақылауға алып отырады. Мысалы, Аятолла Хомейни (Иран революциясының көсемі) өзінің «Исламдық басқару» деген еңбегінде «Исламдық құқтық мемлекеттің» қазіргі Еуропа елдеріндегі құқтық мемлекеттерден артықшылығын Құран арқылы көрсеткісі келеді. Оның ойынша, Еуропа елдерінде заңдарды шығаратын арнаулы мекемелер, заңгерлер, депутаттар т.с.с. бар. «Олардың қол астынан шығатын заңдар әрқашанда жетілмеген, кемеліне келмеген, өйткені әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінін мүдделерін қорғау жолында заң қабылдайтын мекемелерге өздерінің ықпалын тигізіп, заңның бұрмалануына әкеледі. Сондықтан ол елдегі заңдар оқтын-оқтын қайта қаралып, өзгертіліп отырады. Ал ислам елдеріне келер болсақ, онда қоғамдық қатынастар шариғаттың негізінде ретке келтіріледі. Шариғаттың заңдарын адам жасаған емес. Олар Мұхаммед пайғамбарға Алланың берген аяты, сондықтан ол кемеліне келген, жетілген, барлық адамдар сыйлайтын, бұлжытпай орындайтын нормалары», - деп қорытады А.Хомейни Міне, осындай ғасырлар бойы шариғаттын негізінде қалыптасқан ислам елдеріндегі қоғамдық сана модернизация барысындағы біршама өзгерістерді қабылдай алмайды, өйткені олар шариғаттың көп нормаларына қайшы келеді. Олай болса, «діни фундаментализмнің» терең түп-тамырын біз осы тұрғыдан тұсінуіміз қажет.Ал енді XX ғ. ислам ойшылдарына келер болсақ, олардың қозғаған негізгі мәселелері - ол ислам цивилизациясының ерекшеліктері мен ислам дініндегі адам жөніндегі қағидалар.Мысалы, Иран философы Сеид Хусейн Наср ислам цивилизациясының символы ретінде өзеннің ағысы емес, Қағбадағы алты қырлы тасты көрсетеді. Яғни ислам қоғамы өне бойы өзгерісте емес, ол тұрақты да бір қалыпты. Алайда Батыста тараған «исламның тұрақтылығы іріп-шірумен тең» деген пікірге ол үзілді-кесілді қарсы шығады.
Екінші ерекшелік - Құдай, Ғарыш және адамның бірлігі мен өзара байланысын мойындау болып табылады. Оның үлгісі ретінде табиғаттағы заттардың бірлігі мен өзара байланысын алуға болады.
Үшінші ерекшелік — исламның тазалығы, Мүхаммед пайғамбардың аяндарының қатаң сақталуы.
Соңғы өте маңызды ерекшелік - исламның «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның пайғамбары» деген өзекті қағидасы.
Исламның негізгі қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср Құран дегеніміз - сөзбен, символдармен берілген табиғаттың сыры», - деген пікірге келеді.
Адам мәселесін талдай келе, өзінің «Білім және киелілік» деген еңбегінде С.Х.Наср «архирейлік» және «прометейлік» адамдарды бір-бірімен салыстырады. Архирейлік адам - жер мен аспан арасындағы көпір, ол Құдай алдында жердегі істеріне жауап беруге тиісті. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде шектелгенмен, Негізінен алғанда, құдіретті рухани күш.
Ал прометейлік адамға келер болсақ, ол - жердегі дүниенін туындысы, оның негізгі қамы—Құдайды ұмыт қылу. Киелілік сезімді жоғалтып, ол өз табиғатының ындынының кұлына айналады. Ол - өз қажеттіктерін өтеймін деп табиғатты ойрандатады, ең жоғарғы қазіргі технологиялар оның тәкаппарлығын әрі қарай өсіреді. Прометейлік адам тарихи Қайта өрлеу заманында дүниеге келеді. Оқтын-оқтын ол өз өміріне қанағаттанбай, киелілікті аңсайды, бірақ оның бүрмаланған табиғаты оған оны жеткізе алмайды. «Сондықтан Батыс елдеріндегі ішімдіктің, нашақорлықтың т.с.с дінге келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай көзқарастарды тарататын саяси-діни ұйымдар «Джан-Сингх», «РСС» (Индияда), Джамағаат -и- ислами (Пәкістан, Ауғанс-танда) т.с.с. Бұлардың бәрі де дінді «таза ұстауға», тек қана құранның негізінде өмір сүруге шақырады, «Қүран - біздің конституция» деген ұран көтереді. Олардың ойынша, мемлекетті Имам (қоғамның діни басшысы) шариғаттың негізінде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетін діни сотшы - қади болуы қажет. Жер бетіндегі бүкіл халықтардың арманы - теңдік пен әділеттілік тек қана саясат пен дін бір-біріне қосылғанда ғана келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |