Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 2,02 Mb.
бет58/111
Дата21.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#44410
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Идеяның пайда болуы:
а) белгілі бір құбылыстың немесе бейненің, обьектінің түрткі болуынан;
б) жоба нәтижесіне жеткізетін жаңа құралдар пайда болуынан;
в) тарихи оқиға, сипаты немесе ерекше тарихи тұлғаның түрткі болуынан;
Идеяны жүзеге асыру арқылы: а) нәтижеге қол жетуі; б) идеяның жұмыс барысында күрделенуі арқылы оның бір жақты бөлігі бөлініп, жоба ретінде алынады. Идеядан бас тарту жағдайлары: орындау жасы тым жеңіл, әрі жедел орындалуы мүмкіндігі анықталғанда, орындау жолы өте күрделі, әрі қалыптасқан жағдайлар мен ресурстарға сәйкес келмеген жағдайда;
Аталған сипаттамалар-негізінен оқушылардың жобалау әрекеттеріне тән құбылыстар. Ал, егер оқушылардың жұмысына педагогтар немесе басқа да ересек адамдар араласқанда аталған жағдайларға өзгеріс енеді. Өйткені, педагог оқушыларға алға қойған жобалау әрекеті бойынша кездесуі мүмкін мәселелерді көрсетуі, ресурстардың шектеулілігі, т.б айқындап беруі. Мысалы, оқушыларға экскурсия алдында нақты тапсырма беруі арқылы мұғалім оқушыларға өз ойларын үнемі жинақтап отыруға үйренеді, сол арқылы экскурсия нәтижесінде жаңа жоба жасауға тартуға да мүмкіндік алады.
Жобалау ситуациясының барлық қырларын байланыстыра отырып, педагог идея мен оны орындау жолдарының тиімді құрылымын жасақтауға ықпал етеді. Сондай–ақ, мұғалімнің үнемі бақылап, түзетіп отыруы оқушыны өз ісін аяқтай білуге үйретеді.
Бұл жағдайлар, жобалау әрекетінде оқушымен қатар педагогтың жетекші рөлін тағы да дәлелдейді. Оқыту әрекеттеріне айырмашылығы–оның еркіндігінде. Сондықтан, жобалау әрекетінің тиімді болуының маңызды факторы–педагогтың кәсіби құзіреттілігінде. Жобалауға негізгі әрекеттерді сырттан байлап беруге де, нұсқаулықтар жасауға да болмайды. Оның басты құралдары–үнемі қадағалау және түзетіп отыру ғана. Мұғалім басшылығымен орындалатын жобалар да төмендегі өзгерістерге түсе алады, пайда болады, дами алады.
Мұғалім ұсынған жобалау идеясы, тақырыбы, оқушының шығармашылық жұмысын айналып, оның ізденіс тақырыбына, баяндамаларына айналады.
Мұғалім ұсынған шығармашылық жұмыс тақырыбы жобалау идеясына айналып, идея мен оны орындау бірігіп кетеді. Жобалау өнімі нәтиже ретінде айқындалып, ол орындау жолдары мен ресурстарын қамтиды. Бұл жағдайда идея мен оны орындау бірлігі тиімді болғанымен креативтік деңгейі төмен болуы мүмкін.
Жобалаудың күтілетін нәтижеге қатысты құрылуы. Бұл кезде нәтиженің сипаттамасы нақты беріліп, оны орындауға барлық жағдайлар жасалады, бұнда шығармашылық аспект аз қаралып, өнімнің сипатына көп көңіл бөлінеді. Оның оқушылар үшін маңыздылығы, өз әрекеттерін ұйымдастыруда сыртқы талаптар мен жағдайларды ескеруге, үйренуге мүмкіндік жасалатынында.
Қорыта келе, жобалау әрекетін ұйымдастыруда осы ерекшеліктерді ескере отырып топтар құру, оқушылардың өзгеріске түсетін жобаларға қатысуға мүмкіндік жасау қажет болады дейміз.
Жобалау және модельдеу. Жоба ұғымына түрлі анықтамалар берілуде. Модельге қатысты айтсақ, жоба – белгілі бір орындалатын, бірақ дәл осы кезеңде жасалмаған ситуациялардың моделі деуге болады. Белгілі бір жағдайдың ең әуелі болашақ моделі құрастырылады, тек содан кейін ғана техникалық амалдар жасалады. Осылайша, жобалау әрекетінің маңызды жағы-қалыптасқан жағдайды таңдау, оның қайта құрудың негізгі сипаттамаларын жасау, немесе модульдеу болатынын көрсетеді.
Оқушылар үшін жоба нәтижесі ретінде алынатын нұсқаның моделін жасау маңызды екенін айту керек.
Модельдеудің екі түрлі типі бар–ғылыми модельдеу және көркем модельдеу, олар танымның соған сәйкес екі түрі–ғылыми таным және көркемдік таным сипаттарын береді.
Ғылыми таным, кеңірек қолданылып жүрген таңбалық–белгілік түрде белгіленетін құбылыстар мен қарым–қатынастар. Мысалы: графиктер, формалар т.б белгілерде берілген құбылыстың мәні, пәндік ерекшелігі беріледі. Оқушы мәтінді оқи отырып, ондағы құбылыстар мен оқиғаларды ойша модель құрастырады.
Жалпы өмірде кездесетін кез келген құбылысты модельдеуге болады, бірақ ол модельдің барлығы да белгілі бір міндетті шешуге қажет болмауы мүмкін.
Оқушылардың жобалау әрекетін белгілі бір пәндерде оқыту барысында ұйымдастыруда да модельді жаңадан жасаудан бұрыннан бар модельді өзгерту, оны нақтылау көңіл аударады. Қарастырып отырған құбылыстың күрделілігіне байланысты модельдің бірнеше нұсқасы сипатталуы мүмкін.
Ғылыми танымға сүйенетін модельдеу талдауға құрылса, көркемдік модельдеу–жаңадан жасауға, қайта құруға негізделеді. Ғылыми модельдеуде құбылысты бір қырынан сипаттауға болатын болса, көркемдік модельдеу құбылыста тұтас қамтиды. Сондай – ақ көркем модельдеуде жобалық өнім ғана емес, оның авторы да маңызды рөлге ие болады. Ю. И. Лотманның айтуынша автор модель жасағанда өзінің ой–санасының жетегімен әрекет етеді және модель оның дүниетанымы мен өмірге көзқарасы негізінде құрылады. Сондықтан, көркемдік модель де екі обьектінің–құбылыстың және автор тұлғасының моделі» бола алады.
Көркемдік модельдеу барысында құбылыстың сұлбасы немесе формуласы арқылы ғана сипаттауға кейбір құбылыстардың күрделігі мүмкіндік бермейді. Соған орай, оқушылардың жобалауында сол құбылысқа олардың көзқарасын білдіретін модель жасау ыңғайлы және шығармашылық еркіндік береді. Осындай әрекеттер арқылы оқушыны қарастырылып отырған белгілі бір пәндер шеңберінен шығып, жобаны кеңінен қарастыруға да жағдай туғызылады. Бұлар оқушылардан нақты пәндер талап ететін қатаң шешімді ғана емес, өз бетіндік әрекеттерін дамыту арқылы өзінің құралдарын, әдістерін құрастыруға да еркіндік алады.
Оқушылар жобасының мәнісі, сипаттамасы неде, яғни жобалаудың ерекше қызметі ретінде сипаттайтын белгілері:

  • идеясы, түпкі ойы болуы;

  • жүзеге асыру жолы болуы;

  • нәтижесі белгіленуі, орындалуы;

Жоба–белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, нақты мақсатты орындауға бағытталған әрекет. Жобалау өнімі міндетті түрде қалыптасқан жағдайды өзгертуге ықпал етеді деп күтіледі.

жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау