Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



жүктеу 6,41 Mb.
бет55/147
Дата05.12.2022
өлшемі6,41 Mb.
#40466
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Бақылау сұрақтары:

        1. Барлық стандарттарды қандай екі топқа бөлуге болады?

        2. Стандарттаудан жылдық экономикалық тиімділігі қалай анықталады?

        3. Стандарттауды енгізуден болған экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштері қандай?

        4. Экономикалық тиімділіктің әрбір көзі қандай көрсеткіштермен сипатталады?


4. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

Метрология дегеніміз – өлшемдер, олардың бірлігімен талап етілетін, дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым.
Адамдар қай уақытта болмасын, әрқашан өлшеу қажеттілігі туындайтын ортада еңбек етеді. Мысалы, өлшеуге жататын ұғымдар – арақашықтық, уақыт, салмақ, т.с.с. Адам мұндай мөлшерлік ақпаратсыз дұрыс әрекет ете алмайды және негізделген шешімдер қабылдай алмайды.
Адам өзінің саналы ғұмырын ылғи есептеу, өлшеу, анықтау, мөлшерлеу сияқты әрекеттермен өткізеді. Өйткені есепсіз жасалған әрекет көбіне, ысыранды шешімдерге, бостан-бос төгілген қаржылық шығындарға әкеп соғады.
Заманауи метрология ғылыми пән ретінде өзіне тән даму кезеңдерінен өтті.
Бастапқысы – отандық және шетел өлшем бірліктерінен эталондардан, үлгілерден басталады, оны өлшеу ғылымы дейді.
Ғылыми прогрестің, техниканың және технологияның даму қарқыны «бастапқы метрологияны» – өлшеу ғылымы пәрменін кеңейте түсіп, оны физика ғылымының бір өзекті тарауына жеткізді.
Сөйтіп, ғылыми метрология аясына математикалық әдістер енгізіліп, өнеркәсіпте заманауи жабдықтар құрылып, олардың мүмкіндігінде қоршаған ортамызда болып жатқын құбылыстарды өлшейтін өлшеуіш құралдары пайда бола бастады.
Осы үрдісті академик А. П. Александров:
«Біздің заманға ең қажетті ғылым метрология, ол арқылы физикалық әлем танудың фундамендалдық негізі құрылады, халықтың әл-ауқатының жетілуі де, оған байланысты» – деп сипаттады.
Заманауи метрологияның:
– өлшеудің жалпы теориялық проблемаларын қарастыратын теориялық метрология;
– тарихи метрология, оның даму барысы;
– өзара байланысты жалпы ережелерді, талаптар мен нормаларды, сонымен қатар мемлекет тарапынан бақылау мен регламенттеуді қажет ететін басқа да мәселелерді қамтитын заңнамалық метрология;
– өлшеу құралдары мен әдістерді тәжірибелік қолдану мәселелерімен айналысатын қолданбалы метрология сияқты түрлері бар.
Метрология өндіріс тиімділігін, техникалық деңгейді және өнім сапасын жетілдіруде үлкен мәнге ие болуда. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеу дәлдігінің тұрақты түрде жоғарылауын талап етуде. Қазірдің өзінде адам нанотехнологияны жасап шығарды, яғни молекулалар деңгейінде жұмыстар жүргізілуде, бұл дегеніміз – микропроцессорлы техниканы жасап шығару. Сол себепті метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдар мен қызметтердің жұмысын жетілдіру сұрақтарына ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің, өндірістік өнеркәсіптердің жетекшілері өте жоғары деңгейде мән беру керек. Жаңа өнімді жасап шығарудың, технологиялық үрдістерді дайындау мен үйренудің, өндірісті ұйымдастырудың бастапқы кезеңдерінде метрологиялық қамтамасыздандырудың мәселелері шешілсе, шығын азайып, тиімділік жоғарылайды.
Метрологияның негізгі қызметтеріне:
– мемлекеттік эталондардың және үлгілік өлшеу құралдарының (ӨҚ) физикалық шама бірліктерін орнату;
– теорияларды, әдістерді, өлшеу құралдары мен бақылауды дайындау;
– өлшеу бірыңғайлығын және бірүлгілік ӨҚ-н қамтамасыз ету;
– қателіктерді, ӨҚ-ның жағдайын бағалау және бақылау әдістерін дайындау;
– жұмысшы ӨҚ-на эталондардан немесе үлгілік ӨҚ-нан физикалық бірліктердің өлшемдерін беру әдістерін дайындау кіреді.
Физикалық шама – бұл көптеген физикалық обьектілер үшін сапалық қатынаста жалпы құрам, бірақ сандық қатынаста әрбір обьекті үшін жеке құрам.
Физикалық шамалар активті және пассивті келеді. Активті физикалық шамалар – бұл көмекші энергиялар көздерінің келтіруінсіз, өлшеуге болатын шамалар, мысалы, электр тогының күші. Пассивті физикалық шамалар – бұл өлшеу үшін көмекші энергия көздерін қолдануды қажет ететін шамалар, мысалы, электр кедергісі.
1960 жылы ұсынылған физикалық шама бірліктерінің халықаралық жүйесі бойынша (СИ) 7 негізгі физикалық бірлік бар (ГОСТ 8.417-81):
1. Метр (м) – ұзындық, 2. Килограмм (кг) – масса, 3. Секунд (с) – уақыт, 4. Ампер (А) – ток күші, 5. Кельвин (К) – температура, 6. Моль (моль) – зат мөлшері, 7. Кандела (кд) – жарық интенсивтілігі.
Негізгі бірліктерге тағы 2 қосымша бірлік бар:
1. Радиан (рад) – бұрыш, 2. Стерадиан ( ср) – қарсы бұрыш.
1960 жылдан кейін негізгі өлшем бірліктерін анықтау өнімділік талаптарына және заманауи ғылыми-зерттеулердің дәлдігіне жақсы сәйкес келу үшін өзгертілді. Бірінші кезде метр Солтүстік полюс пен экватор аралығында мередиан бойынша 1/10 000 000-дай қашықтықтың бөлігі ретінде анықталды. Бірақ, 1970 жылы метрді анықтаудың жаңа түрі қабылданды, яғни метр электрон криптон атомына өткенде алынған екі деңгейдің арасындағы нақты толқын сандарының жиынтықтық ұзындығы ретінде анықталатын болды. 1983 жылдан бастап метр – 1/299792458 секундта вакуумда өтетін жарықтың арақашықтығы ретінде анықталады.
Негізгі физикалық шамалардың негізінде туынды физикалық шамалар алынады, олар 50-ден асады.
Мысалы, 1 Ньютон (Н) күш 1кг массадағы денені 1 м/с2 жылдамдықпен айдауға қажетті күшке тең, яғни, масса бірлігі килограммды, ұзындық бірлігі метрді, квадраттағы уақыт бірлігі секундқа бөлгенде пайда болатын жылдамдыққа көбейгенге тең:


.

ӨҚ-ның бірліктері негізгі және қосымша бірліктерден алынады, он деңгейлік қысқартылған бірліктер қолданылады:


1018 – экса (Е – халықаралық белгіленуі, Э – орысша белгіленуі),
1015 – пета (Р,П),
1012 – тера (Т,Т),
109 – гига (G,Г),
106 – мега (М,М),
103 – кило (к,к),
102 – гекто (h,г),
101 – деци (d, д),
10-2 – санти (с,с),
10-3 – милли (m,м),
10-6 – микро (μ, мк),
10-9 – нано (n, н),
10-12 – пико (p, п),
10-15 – фемто (f, ф),
10-18 – атто (а,а).



жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау