Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



жүктеу 6,41 Mb.
бет31/147
Дата05.12.2022
өлшемі6,41 Mb.
#40466
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Графикалық материал. Графикалық материалды стандарт мәтінінде (сұлба, диаграмма, суреттер, т.б.) оны жақсы түсіну үшін және объект қасиеттерін немесе сипаттамаларын белгілеу мақсатымен орналастырады. Графикалық материалға сілтеме стандарт мәтінінде берілуі тиіс.
Кестелік материал мәтінде бірінші рет ескерілген соң, тікелей мәтіннен кейін келесі бетте, ал қажет болса, қосымшада орналасуы тиіс. Мәтінде орналасқан суреттер, сұлбалар, диаграммалар, т.б. құрылымдық құжаттамалардың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Стандартта графикалық материалды толықтыратын кестелер болса, оларды графикалық материалдан кейін орналастырған жөн. Графикалық материалдың тақырыптық атауы болуы мүмкін, оларды графикалық материалдың астына, келесі түрде орналастырады:
Мысалы – 1-сурет – Аспап бөлшектері
Қажет болған жағдайда, графикалық материалдың астына түсіндірме деректері орналасады. «Сурет» сөзімен атауын түсіндірме деректерден кейін қояды. Графикалық материал, қосымша графикалық материалын қоспағанда, толассыз араб сандарымен нөмірленеді. Егер сурет біреу болса, онда ол «1-сурет» деп белгіленеді. Графикалық материалды бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Сурет нөмірі бұл жағдайда бөлім нөмірі мен суреттің реттік нөмірінен тұрады.
Мысалы – 1.1- сурет, 1.2-сурет, т.б.


1.15. Бірдейлендіру және агрегаттау


Бірдейлендіру – бұл ғылыми-техникалық сұрыптау әдісі және бірдей қызмет жасауға арналған объектілерді тиімді қолдану мәліметтері негізінде олардың санын қысқартуға және белгіленген нышаны бойынша бірыңғайлау. Машина жасауда бірдейлендіруді бұйым конструкциясын, олардың қолданылуын және бұйымның конструкциясы мен өлшемінің, оның құрастыру бөліктерін және тетіктерін, берілген қолданыс саласы мен тағайындалған белгісі бойынша бірыңғай оңтайлы типтік конструкцияға келтірілуін талдау жолымен жүргізеді.
Бірдейлендірілген бұйымдар, олардың құраушы бөлшектері мен тетіктері сапа көрсеткіштері (немесе үйлесу) және біріктіруші өлшемдері бойынша толық өзара ауыстырымдылыққа ие болуы керек. Бірдейлендіруде жоғары сапа көрсеткіштеріне қол жеткізген минимум қажет, бірақ жеткілікті саны бар типтер, түрлер, типтік өлшемдер тағайындалады. Бірдейлендіру – кеңінен тараған және тиімді стандарттау пішімі. Бірдейлендіруді стандарттау алдында жүргізуге болады, бірақ бұйым мен оның құрамдық бөліктерін стандарттау міндетті түрде бірдейлендіру болуын қажет етеді. Егер өнеркәсіптің бернеше саласында қолданатын стандарт жасалынатын болса, онда типтік өлшемдердің көп болуына рұқсат етіледі. Олардың кейін қысқартылуына салалық және зауыттың ішкі бұйымының типтік өлшлемдерінің шектеулі тізімін құру жолымен жүзеге асады.
Бірдейлендіру алдында объектілерді жүйелейді және жіктейді. Заттарды, құбылыстарды немесе ұғымдарды жүйелеу, оларды қолдануға ыңғайлы, анық жүйе құратын, нақты бір ретпен және бірізділікпен орналастыру мақсатын көздейді. Жүйелеу объектілерінің өзара байланысы да ескеріледі. Объектілерді алфавиттік жүйемен орналастыру жүйелеудің қарапайым пішімі болып келеді. Объектілерді реттік нөмірлеу немесе оларды хронологиялық ретпен орналастыру да қолданылады. Машиналардың және олардың құрастыру бөлшектерінің өлшемі мен параметрлерін жүйелеуде тәуір көретін сандар қатарын жиі қолданады.
Жіктеу жүйелеудің бір түрі болып келеді. Заттарды, құбылыстарды немесе ұғымдарды олардың ортақ белгілеріне қатысты класс, төменгі класс және разрядттар бойынша орналастыру, атап айтсақ бір-біріне бағынышты объектілер жүйесін құру мақсатын көздейді. Жіктеуді көбінесе, ондық жүйе бойынша жүргізеді. Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) ғылыми және оқу әдебиеттерінің индекстерін рубрикациялау халықаралық жүйесі ретінде қабылданған. Мысалы, ӘОЖ 62 – тех­ника, ӘОЖ 621 – жалпы машина жасау және электротехника, ӘОЖ 621.3 – тау-кен ісіндегі электротехника т.б.

жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау