Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет64/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   189
стратегиялық менеджмент

Өзін-өзі басқару мен өзін-өзі 
қаржыландыру тұжырымдамасы
 
Республика  экономикасын  басқару  жүйесінің  әдістемелік 
негіздерінің  бірі  болып,  осы  тұжырымдамасы  берілген,  өзін-
өзі  басқаруға  көшудің  теориялық  алғышарттарының  жүйесі 
болып  саналады.  Құрылымы  бойынша,  ол  он  бес  бөлімнен 
тұрады,  оларда  стратегиялық  мақсаттар,  меншіктік  қатынас, 
қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, 
микродеңгейде жоспарлау, ғылыми-техникалық прогресті басқару, 
инвестициялар,  табиғатты  пайдалану  және  басқалары  құқығын 
кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын 
қамтамасыз ете отырып көздеген мақсаттарға жетуге бағытталған. 
Тұжырымдаманың  теориялық  қана  емес,  сондай-ақ  тәжірибелік 
мәні де бар.
Тұжырымдамада  анықталғандай,  Республиканың  өзін-өзі 
басқару  қағидасына  өтудің  басты  мақсаты  ретінде  экономикалық 
дамуды  жеделдету  және  аймақтардың  ресурстарды  қолданудағы 
құқықтарын дамыту болады. Сондай-ақ тұжырымдама басқарудың 
стратегиялық  мақсаты,  халықтың  өмірлік  деңгейін  қамтамасыз 
етуді анықтаған.
Аталмыш  тұжырымдаманы  нақтылы  іске  асыру  басқару 
саласында өзекті мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі 
заң жобалары ұсынылды: бірінші – «Қазақстан Республикасындағы 
жергілікті  мемлекеттік  басқару  туралы»,  екінші  –  «Қазақстан 
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» (қыркүйек 
– 2000 жыл).
Бұл  құжаттар  көптен  күткен,  әлеуметтік-экономикалық 
басқаруды  әрі  қарай  жетілдіретін  әдістемелік  негіздердің  бірі  деп 
ұғынған дұрыс. 
Бірінші  заң,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
сәйкес,  жергілікті  мемлекеттік  басқару  саласындағы  қоғамдық 
қатынастарды  реттейді,  жергілікті  өкілді  және  атқарушы 


79
органдардың  құзыретін,  қызметінің  ұйымдастырылуын,  тәртібін, 
сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгіледі. 
Заңда  бірқатар  анықтамалар  берілген.  Мысалы:  «Жергілікті 
мемлекеттік  басқару  –  жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар 
осы  заңмен  және  басқа  да  заң  актілерімен  белгіленген  құзырет 
шегінде  тиісті  аймақта  мемлекеттік  саясатты  жүргізу  және  оны 
дамыту  мақсатында  жүзеге  асырылатын  әрі  тиісті  аймақтағы 
істің  жай-күйіне  жауапты  қызмет».  Сонымен  қатар  өзін-өзі 
қаржыландыру  мәселесінде  қарастырылған  заңның  үшінші 
бабында  былай  деп  жазылған:  «Жергілікті  мемлекеттік  басқару 
қызметінің  экономикалық  және  қаржылық  негізін:  жергілікті 
бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік; Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  коммуналдық  меншіктегі 
өзге де мүлік құрайды».
Басқару  тұрғысынан  алғанда  мәслихаттардың  құзыреттері 
орынды  көрсетілген.  Оған  дәлел:  заңда  жазылғандай, 
мәслихаттардың  құзыретіне  тиісті  аймақты  дамыту  жоспарларын, 
экономикалық  және  әлеуметтік  бағдарламаларын,  жергілікті 
бюджетті және олардың атқарылуын бақылау берілген.
Ұғыну барысында екі Заңның айырмашылығын білу өте қажет. 
Бірінші, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екінші, 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы.  Соңғысы,  жергілікті  басқару 
органдарына  емін-еркін  бостандық  беру  негізі.  Әрине  заңдылық 
шеңберінде.
Қазақстан  Республикасы  «Жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы» 
Заңында мынадай анықтама берілген: «Жергілікті өзін-өзі басқару 
деп – Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына 
сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық 
құрылымдар  халық  қызметін  дербес  тұрғыда  жүзеге  асыратын 
халық билігін іске асырудың нысаны ұғынылады». Заңның ұтымды 
жағдайларының  бірі  өзін-өзі  басқарудағы  өзекті  мәселелердің 
жергілікті  қаржыландыруы  туралы.  Жергілікті  қауымдастықтың 
кірістері  келесідей:  жергілікті  бюджеттен  бөлінетін  қаражаттан; 
жергілікті  қауымдастық  құрған  коммерциялық  ұйымдардан  және 
оларға  тиесілі  мүлікті  жалға  тапсырудан  алынған  жергілікті 
қауымдастық  кірістерінен;  жергілікті  қауымдастық  халқының  өз 
еркімен  салық  төлеуі  нәтижесінде  алынған  кірістерден;  заңды 
және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылық қорларынан; заңмен 


80
тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау