Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет53/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   189
стратегиялық менеджмент

11. Сапаны көтеру стратегиясы
Сапаны басқарудың 
жалпы сипаттамасы
  
Барлық  экономикалық  процестерде,  әлеуметтік  аяда,  жалпы 
адами  қоғамда  сапаның  алатын  орны,  ерекше.  Тиісті  сапасыз 
әлеуметтік-экономикалық  дамуда  көңілге    қонатын  жетістіктерге 
қол жеткізу мүмкін емес, тиімді нәтиже шығару өте қиын. Еңбектің 
қандай  түрі  болмасын,  қандай  салада  болмасын  жемісті  болуы 
ақырында  соның  сапасына  байланысты.  Сондықтан  басқару 
стратегиясының негізгі проблемаларының бірі сапа менеджменті. Ол 
әрдайым менеджерлердің, технологтардың, қызмет көрсетушілердің 
назарында болуы тиіс. Экономикалық және әлеуметтік даму процесі 
сапаны  арттырумен  тікелей  байланысты.  Осыған  орай  сапаның 
теориялық  тұрғыдан  ғылыми  анықтамаларының  оған  қойылатын 
талаптарды, оны сипаттайтын көрсеткіштерді және оны басқарудағы 
шетел тәжірибесін білуі өте қажет. 
Сапаның стратегиялық мағынасына, біздің ойымызша, мынандай 
ғылыми  анықтама  беруге  болады.  Сапа  адамның,  өндірістің, 
әлеуметтік  қоғамның  бір  нәрсеге  мұқтаждығын  ойдағыдай 
қанағаттандыру құралы (процесі). Бұл анықтама елде болып жатқан 
негізгі үдерістердің бәріне тікелей қатысы бар және экономиканың 
барлық салаларын қамтиды. 
Нарық  жағдайында  әдетте  сапаны  тұтынушыларға  қажетті 
заттарға, нақтылау айтқанда, тауарларға байланысты қарастырады. 
Осы тұрғыдағы сапа анықтамасы бар. Сапа – тауардың немесе басқа 
объектінің өзіне тән қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы 
және оған жорамалды қажеттіліктерді анықтау мен қанағаттандыру 
қабілеттілігін беру тетігі.
Тауарды пайдалану тұрғысынан алғанда мынандай ұғымдарды 
айыра  білу  қажет:  «тұтыну  құны,  «сапа»  және  пайдалы  әсер». 
Пайдалану және бағалау процесінде бұларды дұрыс түсіну қажет. 
Тұтыну  құны  –  ол  тауардың  нақтылы  қажет  қанағаттандыру 
қабілеті. Сапа – тауардың нақтылы қажеттілігін қанағаттандыруының 


60
әлеуметті  қабілеті.  Пайдалы  әсер  –  ол  тауардың  шындығында 
нақтылы қажетті қанағаттандыру қабілеті. 
Өнім  сапасын  басқару  дегеніміз  тауар  сапасына  әсер  ететін 
фак¬торлар  мен  ахуалдарға  мақсатқа  сай  ықпал  жасау  жолымен 
өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті сапа 
деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Стратегиялық  өнім  сапасын  басқару  ісі  мынандай  негізгі 
міндеттерді шешуге бағытталады:
- ең жақсы әлемдік жетістіктерге сәйкес өнімнің жаңа, жоғары 
сапалы түрлерін жасау мен игеру;
-  өндірістің  жалпы  көлемінде  жоғары  категориялы  сапалы 
өнімнің, яғни бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін арттыру;
- шығарылатын өнім сапасының көрсеткіштерін жақсарту мен 
оны бәсекеге қабілетті топқа көтеру;
- заттық сапасы ескірген өнімді уақтылы алып тастау, ауыстыру 
немесе жаңғыртып, жетілдіру;
-  ұжымдар  мен  орындаушылардың  жұмыс  сапасын  жоспарлы 
түрде арттыру.
Өнім  сапасын  басқару  жүйесін  құру  қағидаларына  мыналар 
жатады:
- өнімді жасау, енгізу мен жетілдіру;
-  басқарудың  функциясы  мен  құрылымының  проблемалық-
мақсаттық бағытталуы.
Өнім  сапасын  басқару,  атқаратын  функциялар  жиынтығының 
мынадай белгілері бойынша, егжей-тегжейлі жетік қаралады:
а)  мақсат  түрлері  бойынша  –  басқарудың  стратегиялық, 
тактикалық  және    оперативті  нұсқасы  қызметтер  мен  тиісті 
мақсаттарға жетуіне орай;
ә)  басқару  процесі  фазалары  бойынша  шешімді  қабылдау, 
ақпараттық-бақылаушылық және қатынастық ықпалды басқарудың 
істеріне;
б) өнімнің өмірлік цикл сатылары бойынша (зерттеу-әзір¬леме, 
дайындау, жабдықтау мен тұтынуға айналдыру) – сатылар бойынша 
басқарудың міндетті қызмет аясына;
в)  мақсат  тобы  бойынша  –  ғылыми-техникалық,  өндірістік, 
экологиялық факторлар мен жағдайды басқарудың міндетті қызмет 
аясына.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау барысында 


61
мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
-  Саланы  басқарудың  міндетті  қызмет  аясының  құрылымы 
дамыған  және  басқарудың  жеке  буындары  арасындағы 
операциялардың  бірқатарын  бөлу  кезінде  функционалды  аралық 
және  анық  функционалды  ұйымдастырушылық  және  өндірістік 
атқару құрылымдары буындарының іс-әрекетін үйлестіру қажет.
- Басқарудың дәстүрлі жүйесін қолдану сапаны басқару істерінің 
шағын  номенклатурасында  ақталады  және  міндетті  іс  құрамын 
ұлғайту қажет болғанда тиімділігі мардымсыз болады.
- Көптеген жағдайларда үйлестіруді тиімді қамтамасыз ету үшін 
осы функцияны орындауға үшін мамандандырылған қызмет құруды 
қарастыратын  матрицалық  түрдегі  басқарудың  проблемалық-
мақсаттық әдісті қолданған жөн.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау