Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет137/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189
стратегиялық менеджмент

31. Менеджмент функциялары
Функциялар түсінігі
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген 
басқарылатын  және  басқарушы  бөліктерден  тұрады.  Осы  жүйе 
тармақтары  арасында  және  олардың  ішінде  қатынастар  пайда 
болады.  Менеджменттің  міндеті  –  бұл  қатынастарды  басқарудың 
функциясын  белгілеу  және  солардың  негізінде  басқарудың 
заңдылықтарын  ескеріп,  басқарушы  жүйенің  құры-лымын  жасап 
шығару.
Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны 
мен пішіні (формасы).
Функция  (латынның  –  «атқару,  қызмет»  деген  сөзі)  қызмет 
сияқты  анықталады,  ал  басқаруға  сәйкес  бұл  басқару  бойынша 
қызмет болады. Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі 
–  басқару  функциясын  атқару  үрдісі.  Шынында,  басқарылатын 
жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару 
үрдісінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында 
жүзеге асуы мүмкін. Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән 
белгілерді білу қажет.
Басқаруда әртүрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті 
басқару  проблемасын  ғылыми  талдаудың  ыңғайын  табуда  негізгі 
кезең болды. Алғаш рет басқарудың функционалды талдауын Ф. У. 
Тейлор мен А. Файоль жүргізді.
Басқарудың  функционалды  тәсілінің  басты  белгісі  –  басқару 
функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару 
қызметінің бөлігі болып табылады.
Функция  басқару  қызметінің  ерекше  түрі  ретінде  де  басқару 
саласындағы  еңбекті  бөлу  мен  мамандандыру  үрдісінің  нәтижесі 
ретінде де қарастырылады. Өндірісте – еңбек өнімділігін бөлу ҒТП 


229
(ғылыми-техникалық прогресс) нәтижесі.
Функцияның  мәнін  бейнелейтін  көптеген  анықтамалар  бар. 
Олардың бірі: «Функция – объективті қажетті, тұрақты қайталанатын 
іс-әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы 
біріктірілген жиынтық ретінде түсіндіріледі».
Басқаруды  жиынтық  ретінде  түсіндіру  көп  мәселелерді 
табысты  шешуге  мүмкіндік  берді.  Бастапқыда  басқаруды  бөлікке 
бөлген  А.  Файоль,  мұнда  функцияларды  уақыт  ішінде  өрістету 
үрдісінің дәйектілігі тұрғысынан: алдын ала болжау, ұйымдастыру, 
басқарушылық, келісу, яғни басқару кезеңдері бойынша бөлді.
Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір учаскелерінің, 
көбінесе,  мотивация  функцияларының  мазмұнын  тереңдетіп 
жасауға мүмкіндік берді.
Дегенмен  басқарудың  ең  басты  функционалды  түсіндірмесі  – 
бұл тұтас алғанда да, әрбірін жекелей алғанда да өндірісті басқару 
органдарын құру үшін объективті негіздеме.
Басқарудың функциялары жұмыстың дербес түрлері болуымен 
және  белгілеуге  сәйкес  біртекті  және  қайталануымен  өндірістің 
(өндірушілердің  өздерінің)  субъективті  факторы  мен  объективті 
факторларының  (оның  материалдық-заттық  элементтері)  өзара 
әрекетінің ерекше типі болып табылады.
Бұл өзара іс-әрекетте субъективті фактор анықтаушы болады. К. 
Маркс буржуазиялық идеологтарды «Өндірістің заттық элементтерін 
алға шығарады және олардың мәнін субъективті элементпен, жанды, 
тікелей еңбекпен салыстырғанда асыра бағалағаны» үшін сынайды.
Басқару  функцияларының  орны  басқару  ғылымының  негізгі 
категорияларымен қатар мынадай жүйемен анықталады:
Қоғамдық өндіріс заңдары – базистік қондырмалық қатынастар 
– басқару қатынастары – басқару функциялары – басқару құрылымы 
– басқару әдістері – басқару үрдісі – басқару объектісі.
Өндірісті  басқарудың  функциялары  басқару  ғылымының 
басқару қатынастарын жүзеге асыратын формаларының бірі болып 
табылады.
Дәл сол басқарудың функциялары басқару жүйесінде – кім не 
істеп жатыр немесе кім не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау