Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Басқарудың  психологиялық тәсілдері



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет133/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   189
стратегиялық менеджмент

Басқарудың 
психологиялық тәсілдері
Басқарудың  психологиялық  тәсілдері  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастарды  ұжымда  үйлесімді  ахуал  жасау  арқылы 
реттеуге бағытталған. 
Адам  еңбегі  әрқашан  адам  психикасының  жұмыс  істеуі,  яғни 
дүние таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде 
жүзеге  асады.  Сондықтан,  адамның  уақыт  сәтіндегі  психикалық 
ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер 
етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмет қорытындыларына 
да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде адамдардың 
іс-қызметтегі мінез-құлқы заңдарын ескеру қажет. Бұлар:
-  адам  әрқашан  өзі  аз  шығарып,  көп  нәтижелерге  жетуге 
ұмтылады; 
-  әрбір  адам  нәтижесінде  жарамды  формада  өзіне  ең  көп 
шамадағы  көтермелеу  мен  ең  аз  шамада  жаза  болатындай  әрекет 
етуге ұмтылады; 
- әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын 
орны не айтса, соны істейді.
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді: 
- шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау; 
- еңбекті ізгілендіру (гуманизациялау, ниетті ояту); 
- психологиялық себепкерлік (мотивация); 
- кәсіби іріктеу мен оқыту.
Шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау әдістері шағын 
топтардағы еңбеккерлер арасындағы оңтайлы сандық және сапалық 
арақатынастарды  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Арнайы  зерттеулер 
көмегімен  топ  ішінде  пайда  болған  бір-бірін  ұнату  мен  жек  көру 
сезімдерін, оның әрбір мүшесінің орнын топтағы қызметкерлермен 
психологиялық үйлесуі негізінде анықтауға болады.
Еңбекті ізгілендіру (гуманизация) әдістеріне мыналар жатады: 
түрлі  түс  пен  музыканың  психологиялық  әсер  етуін  қолдану, 
еңбектің бір сарындылығын болдырмау, шығармашылық үдерістерді 
(процесс) кеңейту және т.б.


223
Еңбеккерлердің  психологиялық  ынтасын  ояту  үлкен  мәнге  ие 
болуда.  Психологиялық  ынтаны  ояту  моральдық  ынталандыруда 
еңбеккерлерді  еңбекке  тартуға  бағытталуымен  айрықшаланады. 
Кәсіпорында 
еңбеккерлерге 
(кәсіби 
мүдделер, 
еңбектің 
шығармашылық  мәні)  себептеме  болатын  жағдайлар  жасау  мен 
еңбек  әдістерін  қалыптастыру  жолмен  қамтамасыз  етіледі.  Олар 
еңбеккердің еңбек етуге деген ішкі құштарлығына әкеледі.
Кәсіптік  іріктеу  мен  оқыту  әдістері  қажетті  психологиялық 
сипаттамаларды  дамытуға:  орындалатын  жұмысқа  неғұрлым  көп 
деңгейде сәйкес келетін психологиялық қасиеттері бар адамдарды 
іріктеуге бағытталған.
Әлеуметтік-психологиялық  әдістерді  қолдану  тетігі  қоғамның, 
ұжымның  және  жеке  тұлғалардың  мүдделерін  ескеру  мүмкіндігі 
басқару үрдісінде қамтамасыз етілетіндей болып құрылуға тиісті.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау