Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Басқару әдістерін жіктеудің ғылыми негіздері



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет124/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189
стратегиялық менеджмент

27. Басқару әдістерін жіктеудің ғылыми негіздері
Менеджмент әдістерін қалыптастырудың 
жалпы ғылыми әдістері мен қағидалары 
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге 
қол  жеткізуі  үшін  басқару  объектісіне  ықпал  етуде  қолданатын 
құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару 
үрдісінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару үрдісін 
қалыптастыратын  жекелеген  операцияларды,  процедураларды, 
жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіндер:
- мақсаттарды анықтаудың ережесі;
- басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
- нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
-  жекелеген  міндетті  істерді  орындау  әдістері:  болжау  және 
жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу, бақылау және т.б.
Осылайша,  тек  жекелеген  жұмыстарды  орындауға  келетін 
басқару үрдісінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, 
ол  (басқару  әдістері)  басқару  объектісіне  ықпал  етудің  аяқталған 
актісін сипаттайды.
Жіктеудің  жалпы  тәсілдерінің  бірі  –  бұл  жалпы  ғылыми  және 
өзіндік ерекшелігі бар (жеке) әдістерін олардың білім салаларында 
қолданылу белгісі бойынша топқа бөлу болып табылады.
Жалпы  ғылыми  әдістерді  әдістемелік  нұсқаулықтардан  көруге 
болады.  Олар  менеджмент  әдістер  жүйесінің  негізін  құрайды, 
мәселені жүйелі әрі кешенді тәсілдемелермен шешуге негізделген 
оның  жалпы  ғылыми  әдістемесін  қалыптастырады.  Жалпы 
ғылыми  әдістерге,  сондай-ақ,  зерделенетін  құбылыстардың 
тарихи  тәсілдемесі,  үлгілеу,  тәжірибе  жүргізу,  экономикалық-
математикалық  алгоритмдерді  пайдалану,  әлеуметтік  зерттеулер 
және т.б. жатады.
Тарихи  тәсілдеме
  әсер  ететін  факторлар  мен  жағдайларды 
ескере  отырып,  мәселені  хронологиялық  тізбектілікпен  зерттеуді 
ұйғарады.


210
Үлгілеу
 мәселелердің үлгілерін жасауды ұйғарады. Бұл мәселенің 
өзгешелігін әрі ерекшеліктерін зерделеуді, яғни білуді жеңілдетеді.
Тәжірибе  жүргізу
  жалпы  ғылыми  әдіс  ретінде  эксперимент 
жүргізуді білдіреді (мысалы, шаруашылық реформалары, ұйымдық 
құрылымды жобалау және т.б.).
Әлеуметтік 
зерттеулердің
 
көмегімен 
жоспарланған 
мақсаттардан  ауытқудың  себептерін  зерделейді,  адам  мінез-
құлықтарының ықтимал мотивтерін (себептерін) және әрекет етудің 
бағыттарын анықтайды.
Жалпы  ғылымидан  басқа  басқаруда  қолданылатын  өзіндік 
ерекшелігі бар әдістер де болады. Менеджмент әдістерін жіктеудің 
белгілері: мазмұн, мотивация, ұйымдастыру түрлері және қолдану 
саласы.
Бірінші белгі – басқару әдістерінің мазмұны бойынша – ықпал 
етудің ұйымдастырушылық-өкімгерлік, экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық тәсілдерін топқа бөледі.
Мотивациялық  белгі  бойынша  мотивацияның  материалдық, 
моральдық және мәжбүрлеу әдістері бөліп көрсетіледі.
Ұйымдастыру  формалары  бойынша  басқару  әдістері  жалпы 
түрде жекешеге, ұжымдыққа және алқалық болып бөлінеді.
Қолданылатын  сала  бойынша  әдістер  жалпы  түрде  (барлық 
жүйеге  қатысты)  және  тұжырымды  түрде  (локальный)  –  оның 
жекелеген бөлімдерде қолданылуына қарай болуы мүмкін.
Менеджмент 
әдістерінің 
арсеналын 
қалыптастыратын 
негізгі  қағидаларды  бөліп  көрсетуге  болады.  Оған  жататындар: 
мәселені  анықтаудың  ғылыми  негізделген  тәсілдемесі  (мәселедегі 
басымдықтарды  бағалау);  толық  сипаттау  қағидасы  (мәні  мен 
мазмұнын және т.б. ашу); әрбір мәселені шешудің әдістерін толық 
ұсыну және басқару әдістерінің арсеналын ақпаратпен қамтамасыз 
ету  қағидасы  (шешілетін  мәселе  бойынша  ақпараттың  көлемі, 
құрамы).

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау