181
бөлісі, билік, тәртіп, басшылықтың бірлігі, орталықтандыру, тәртіп,
қызметкердің тұрақтылығы және т.б.) басқарудың 14 қағидасын
әзірледі.
Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік әдістерімен, яғни
тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен
құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.
Тәжірибе менеджменті – менеджмент тұжырымдамасы. Ол
осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен қағидаларын нақты
пайдалануға бағдарланған. Басқару ісімен байланысты объективті
құбылыстарды түсіндіріп беретін қағидалар да жоқ емес.
Тәжірибе сипатында болатын менеджмент бар. Ол басқарудың
іс-тәжірибесінде пайдалануға болатын идеяны, ережені және
қағиданы қамтиды.
Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі
тәсілдеме бар. Біреуі – прагматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі
– мәселені құрамы бойынша шешуге және нәтижені жуық арада
тікелей алуға бағдарланған болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар
мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық
сызбаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсілдеме
әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.
Бұл менеджмент әр түрлі қызмет салаларында – өндірістік,
әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б.
жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасын жасауда,
оның негізгі ережелерін, басымдықтарын (артықшылықтарын),
тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айрықшаланады. Бірақ,
басқару саласында емес.
Өндірістік менеджмент – менеджмент типі. Оның негізгі
сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы – басқару
объектісінің
ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады.
Өндіріс – бұл қандай да бір өнімді немесе қызмет көрсетуді
әрқашан дайындап отырады. Өндірісті басқару адам қызметін
басқару болып табылады. Өндірісті басқаруды басқа да элементтер
қамтиды (материалдық техникалық қамтамасыз ету, ресурстар,
өнімді өткізу, технологиялық үрдістер).
Өндірістік менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйесінің
құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және
басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді. Өндірістік
менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты сапаға ие
182
қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкер белгілі бір
дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Стратегиялық менеджмент – менеджменттің әр түрлілігі. Оның
басты ерекшелігі – болжағыштық, мақсаттылық, келешектігі,
стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ол экономикалық
даму, өткір бәсекелестік, ҒТП, басқаруда адам факторы рөлінің арту
динамикаларының тереңдей түсуінің нәтижесінде пайда болды.
Оның артықшылығы ресурстарды, ең бастысы уақыт ресурсын
ұтымды пайдаланады. Стратегиялық менеджмент басқаруды
ұйымдастыруда және әдістемелерінде, басқарудың тетіктері мен
технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында
көрініс табады.
Бұл менеджменттің маңызды сәттеріне мыналар жатады:
- фирманы сипаттауға арналған мәртебе (статус), оның
әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму
әлеуеті;
- фирманың басқару мақсаты болып табылатын фирманың
мақсаты. Мақсат – болашақта болатын шындық, ол үлкен
талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі
болып
табылады;
- басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық
бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға
қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезеңдерін,
басымдықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы
зор. Стратегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы
ауытқитынын, қайсысы
ауытқымайтынын көрсетіп береді;
- басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-
ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы (тудырушы)
менеджмент болады («Мацусиба дэнки» (Жапония) – бүгін
кешегіден гөрі әлдеқайда жақсы жұмыс істеп қалуға ұмтылу) және
басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: