Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет99/188
Дата05.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36556
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   188
tebenova-arnaiy-psih

  
6.3. Психологиялық қорытынды жасау 
 
Дамуында  бҧзылуы  бар  баланы  тексеру  немесе  зерттеу,  сол 
баланың  отбасындағы,  мектептегі,  қарым-қатынасындағы  пайда 
болған  қиындықтарды  анықтау  мақсатында,  алдын-ала  жақсы 
ойластырылған  стратегиялар,  дҧрыс  қабылданған  шешімдер 
негізінде  жҥзеге  асады.  Стратегиялар  баланың  эмоционалды, 
мінез-қҧлықтық, тәртіптік және когнитивті қызметтерін зерттейді, 
сонымен  бірге,  әлеуметтік  ортаның  ықпалдарын  есепке  алады. 
Бҧл  стратегиялар,  даму  бҧзылуының  табиғаты  мен  себептерін, 
терапия  мҥмкіндіктерін,  сонымен  қатар,  тҥзетулердің  қажет-
қажетсіздіктерін анықтауды кӛздейді.  
Дамудағы ауытқудың немесе бҧзылудың  жеделдігін, жиілігі 
мен  тереңдігін  зерттеу,  баланың  жасына,  психикалық  дамуына 
әсер 
ететіндігін, 
болашақта 
мҧның 
қандай 
мәселеге 
айналатындығын, маңыздылығын кӛрсетеді. Мҧндай кӛріністерге 
тоқталатын  болсақ,  олардың  кейбіреулері,  бір  жас  шамасында 
ӛздігінен жоғалады, ал кейбір кӛріністер ҧзаққа дейін сақталады, 


 
105 
тіпті  асқыну  қаупі  туындайды.  Баланың  дамуындағы  пайда 
болған  мәселелер,  сол  жастағы  қалыпты  даму  кӛрсеткіштеріне 
сәйкес қарастырылады. Сӛйтіп, әртҥрлі симптомдар мен олардың 
иерархиясы туралы толық мағлҧмат қҧрастырылады.  
Психологиялық  зерттеудің  соңғы  кезеңі,  жҧмыс  нәтижелері 
бойынша  қорытынды  жасау  болып  табылады.  Психологиялық 
қорытынды,  тексерудің  барлық  бӛлімдері  бойынша,  алынған 
нәтижелерді  салыстыру  мен  талдау  негізінде  жасалады.    Ол 
зерттеу  кезіндегі  нақты  қойылған  сҧрақтарға  жауап  беруі  тиіс. 
Қорытынды  жасаудың  нақты  белгіленген  стандарты  жоқ,  бірақ 
шартты сызбасын келтіруге болады, ол ҥш бӛлімнен тҧрады: 
Бірінші бӛлім  – зерттеу мәселесін тікелей қою.  
Екінші  бӛлім  –  алынған  бағыттағы  зерттеу  нәтижелерін 
сипаттау.  
Ҥшінші  бӛлім  –  диагноз  қоюда  қажет  болатын  маңызды 
мәліметтерді жинақтау.  
Қорытындының  бірінші  бӛлімі,  ата-аналардың  шағымын 
талдауға  сҥйенеді  және  тексеруші  маманның  қойған  нақты 
сҧрағын қанағаттандырады.  
Қорытындының  екінші  бӛлімі  анағҧрлым  кӛлемді.  Мҧнда 
анамнездік  мәліметтер,  баланың  сырт  тҧлғасы  мен  әрекетін 
бақылаудың  нәтижелері,  психикалық  дамуын  эксперименттік 
тексеру  нәтижелері  кіреді.  Бҧл  бӛлімде,  баланың  психикалық 
әрекеттерінің ҧйымдастырушылық және орындаушылық жақтары 
талданып,  алынған  нәтижелер  қорытындыланады.  Психикалық 
әрекеттің 
ҧйымдастырушылық 
жағының 
сипаттамасында, 
баланың  ӛз  әрекетін  бақылауы  мен  реттеу  тәсілдері 
қарастырылып, тӛмендегі сҧрақтарға жауап береді: 
–  бала  ӛз  алдына  танымдық  міндеттерді  қоя  ала  ма,  оларды 
міндеттер жҥзеге асқанға дейін ҧстана ала ма; 
–  орындалатын  әрекеттерді  алдын-ала  жоспарлау  қабілеті 
бар ма; 
–  міндеттердің  жҥзеге  асуы  бақылана  ма  (алдын-ала, 
ағымдық, келесі); 
–  баланың ӛзінің бҧрын меңгерген әдістерін, жаңа танымдық 
мәселелерді шешуде қолдануы; 
–  баланың ӛз әрекетін қаншалықты дҧрыс бағалайтыны; 


 
106 
–    танымдық  мәселелерді  шешу  жолдарының  ӛзге 
нҧсқаларын қарастыруы, ӛз бетімен ізденуі, тапқырлық танытуы;   
–  қиындықтар  мен  сәтсіздіктер  кездескен  жағдайда,  бала 
қаншалықты кҥш жҧмсап, қажырлылық кӛрсете алады; 
–  басқалар  тарапынан  берілген  кӛмекті  қалай  пайдаланады 
және кӛмектің қай тҥрін қажет етеді. 
Психикалық  әрекеттің  орындалу  сипаттамасы,  психикалық 
қызметтердің 
кӛмегімен 
орындалатын 
ҥдерістерді, 
операцияларды,  тәсілдерді,  соның  ішінде  ойлау  мен  сӛйлеуді 
сипаттайды. Мҧнда, әсіресе, талдау мен жинақтау, салыстыру мен 
қорытындалау, классификация т.б. ерекше назар аударылады.   
Қорытындыда тӛмендегі сҧрақтарға жауап алынады: 
1)  баланың  психикалық  дамуының,  оның  биологиялық 
жасына сәйкестігі; 
2)  кеміс  дамудың  қҧрылымы  қандай:  қай  кемістік  алғашқы, 
қай кемістіктер заңдылықпен пайда болды және алғашқы кемістік 
негізінде дами бастады; 
3)  баланың  жоғары  психикалық  қызметтерінің  ӛзара 
байланысы қандай, әсіресе ойлау мен сӛйлеудің байланысы
4) бала дамуындағы кемістік пен оның жеке тҧлғалық дамуы 
арасындағы байланыс қандай
5)  тексеру  кезіндегі  баланың  білімі  мен  практикалық 
дағдыларының деңгейі; 
6) баланы оқыту мҥмкіндігі қандай? 
Баланы  тексерудің  нәтижелеріне  сипаттама  бере  отырып, 
қорытындыларды дәлелдейтін нақты мысалдар келтірген дҧрыс.  
Қорытындының 
ҥшінші 
бӛліміне, 
диагностикалық 
қҧндылығы бар қысқаша мәліметтер енгізіледі.  
Жоғарыда келтірілген шарттарды дҧрыс орындаған жағдайда 
психологиялық  қорытынды  баланың  психикалық  дамуы  туралы 
кешенді  қорытынды  жасауда,  маңызды  ҥлес  қосады.  Баланы 
психологиялық зерттеу, тиянақтылықты қажет ететін ӛте жауапты 
жҧмыс.  Оның  нәтижелері,  баланың  тағдырын  шешеді:  балаға 
деген  ӛзгелердің  кӛзқарасы,  қарым-қатынастары,  баланың  ӛзіне 
кӛзқарасы,  білім  алу  мекемесін  таңдау,  тҥзету  мҥмкіндігі  т.б. 
Зерттеудің  сапасы,  әрқашанда  психолог  маманның  кәсіби 
шеберлігіне  байланысты,  оның  дҥниетанымдық  парадигмасына, 


 
107 
баламен  тілдік  қарым-қатынас  орнату  қабілетіне,  оптимистік 
болжам жасау қабілетіне тікелей байланысты.  
 

жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау