251
- Баладан жасырын бас тарту, шеттету – мҧнда кемістік
масқара, ҧят болып саналады. Ата-аналар, ӛздерінің жиреніш,
жеккӛрініш
сезімдерін, шектен тыс қамқорлықпен бҥркемелейді.
- Баладан ашық бас тарту, шеттету – мҧндай ата-аналар
ӛздерінің жауығу, жеккӛру сезімдерін жасырмайды. Ата-аналар
ӛздерінің бақытсыздығына, қоғамды, дәрігерлерді, мҧғалімдерді
кіналайды, балаға, оның кемістігіне адекватты емес кӛзқараспен
қарайды.
Шектен тыс қамқорлық (протекция) пен бас тарту, жасырын
немесе ашық шеттету – мҧның барлығы, ата-ананың теріс
реакциялары, бҧлар баланың дамуын тежейді немесе дамуға
кедергі жасайды. Мҧндай отбасыларына психологиялық қолдау
қажет, сондықтан, мҧнда әлеуметтік қызметкерлер, арнайы
мамандар ҥлкен рӛл атқарады. Балаға әлеуметтік реабилитация
жасауды, оның ӛзінен емес, ата-анасынан бастаған дҧрыс, нақты
айтқанда, олардың даму мҥмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуге
деген психологиялық даярлығын қалыптастырудан бастаған жӛн.
Кемістігі бар бала, ата-ана ҥшін, теріс эмоционалды сезім
туғызып қана қоймайды, ол отбасының ҥйреншікті тҧрмысын,
ӛмір сҥру жағдайын ӛзгертеді, отбасындағы
басқа балаларға деген
кӛзқарас пен олармен қарым-қатынасты ӛзгертеді. Кейбір
отбасылар, ӛзінің кеміс баласымен, ел кӛзіне тҥспеуге тырысып,
тасаланады, аяушылыққа немесе мазаққа тап болудан қорқады,
басқа отбасылармен, туғандармен қарым-қатынастарын шектейді.
Мҧның барлығы, қоғамның кеміс балларды қабылдауға даярлығы
деңгейіне байланысты, ӛкінішке орай, қоғам әлі бҧған дайын
емес. Қоғам, қоғам болғалы, дені сау адамдар мен даму
мҥмкіндігі шектеулі адамдар арасында болатын, «психологиялық
кедергі» әлі жоғалған жоқ. Бҧл жағдайдан, кеміс балалар ғана
емес, қоғамның ӛзі зардап шегеді, себебі адамдардың моральды
қатігездігі арта тҥседі, ӛзге адамдардың бақытсыздығы мен
қасіретіне деген сезімталдық жоғалады. Ата-аналар сау баланың
дҥниеге келуін кҥткендіктен, кеміс баланы қабылдауға даяр
болмайды, оны тәрбиелеуді ҧйымдастыру бағыттарымен мҥлдем
таныс болмайды.
Даму мҥмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларының
проблемалары мен кезігетін қиындықтары бірдей. Отбасы, бала
ҥшін маңызды әлеуметтендіруші фактор, оның ықпалы ӛзге
252
қоғамдық орталардың ықпалынан анағҧрлым кҥшті. Отбасында,
бала ережелер мен тәртіп жҥйесін меңгереді, қоғамдық мәдениет
пен дәстҥрге сәйкес білімдерді, қҧндылықтарды игереді, ӛмірлік
тәжірибеде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: