Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет77/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   216
биотехнология кітап (2)

4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын емдеуде қолдану
Рибозимдер  деп
 – спецификалық  комплементарлық  мРНҚ  байланысқаннан
кейін олардан спецификалық үлескілер ала алатын ферменттік белсенділігі бар РНҚ
айтылады. Бұл  РНҚ  үзіктерінің  синтезі  əдістемелері (басқаша  атауы
олигорибонуклеотидтік  үзіктер) жақсы  үйренілген. Қазір  мРНК-ның  қажетті
үлескілерін кесіп ала алатын рибозимдерді құрастыру жолға қойылған.
Қарсы  мағыналы (антисмысловой) технологияларға  ұқсас, рибозимдер
вирусты  инфекцияларын  емдеуде  де  қолданыла  алады. Қазір  вирус  геномынан
тасымалданған  мРНҚ-на  қарсы  тұратын  рибозимдерді  құрастыру  мүмкін  болды.
Мысалы, коделейтін  гендері  бар  плазмидтер  инфекцияланған  жасушаға


116
ендірілгеннен кейінгі болатын əрекеттерін, рибозимдердің вирус гепатитінің мРНҚ-
на əсер етуі ретінде жасуша культурасында Вх гепатитінің спецификалық реакциясы
негізінде  көрнекі  түрде  көрсетуге  болады. Осындай  жүйелерді  қарапайым  герпес
вирусына қарсы қолдану да тиімді екендігін көрсеткен.
Рибозимдерді қолданудың басқа да  потенциалды аумағы – ісік ауруын емдеу
екендігін  айта  аламыз. Ісік  жасушаларының  емдік  дəрілерге  қарсы  тұруын
қамтамасыз  ететін  ақуыздар  класын  АВМ  антивакцина  мағыналы (АВС,
антивакцина смысловой)-транспортерлер деп атайды. Сондықтан, АВС-ақуыздарын
коделейтін  мРНҚ-ын  бөлшектеуге  бағытталған  рибозимдерді  ендіру, ісік
жасушаларының  дəрінің  əсеріне  сезімталдығын  арттырады. Бұл  əдісті  дəрілердің
əсеріне  өте  қарсы  тұра  алатын  бауыр  ісігі  жасушаларына  тексеру  жұмыстары
жүргізілген болатын. Мұнда  бауыр  ісігі жасушасының  культурасына  рибозимдерді
коделейтін  ген  жіберілген  еді. Нəтижесінде, аталған  жасушаларда  АВС-
ақуыздарының  синтезін  қамтамасыз  ететін  гендердің  экспрессиясы  төмендеп,
химиотерапия  дəрілерінің бірі  болып табылатын эпирубуцинге деген  сезімталдығы
артқан. Дəл  осыған  ұқсас  нəтиже  сүт  безінің  ісік  ауруында  кездесетін, дəрілерге
шыдамды  жасушаларды  синтездеуге  жауап  беретін  ақуыздарға  қарсы  қолдану
нəтижесінде  де  байқалған. Бірақ  та  мұнда, культурада  өсірілетін  жасушаларды
сынау  мен  ісік  ауруын  емдеу  арасында  үлкен  айырмашылық  бар  екендігін  айта
кеткен жөн.
Теломерлер  хромосомалардың  ұштарының  жасушалық  ферменттермен
бұзылуынан  қорғайды. Қалыпты  жағдайда  хромосомалардың  екі  еселенуі  кезінде
теломерлердің  ұзындығы  біршама  қысқарады. Болжам  бойынша, бұл  үдеріс
жасушалардың  қартайып, өлу  кезеңдерімен  байланысты  делінеді. Ісік
жасушаларында болса, теломераза деп аталатын фермент, теломерлерге жүйелілікті
қамтамасыз  етуі  арқылы, оларды  өлмейтін  етеді. Зертханалық  жағдайда  ісік
жасушаларындағы теломеразалардың белсенділігін арттыратын рибозимдер бөлініп
алынған. Рибозимдерді  қалыпты  жағдайда  қарапайым  жасушалардың  өлімін
тудыратын  апоптозды  ақуыздарды  қуаттайтын, сюрвивана (survivan) ісік
жасушаларына қарсы қолдануға болады.
Рибозимдерді  терапевтік  мақсатта  пайдаланудың  негізгі  қиындығы, олардың
жасушаға  түсуінің  жай  жүруі  мен  қажетті  сайтқа  қиын  жеткізілуі. Осындай
кемшіліктердің  болуы  оларды  ісік  жасушаларына  жеткізуде  қиыншылық  туғызуы
жəне  зиянды  жанама  əсер  тигізулері  мүмкін  деген  күдік  ұялатады. Сондықтан
рибозимдер  медициналық  мақсатта  қолданылуда  сенім  үрдісінен  шыға  алмады.
Мысалы, АҚШ  дəрмектер  мен  дəрілер  сапасын  қадағалау  Басқармасы (FDA)
жақында Genta жəне Aventis компаниялары  жасап  шығарған  антимағыналы
(антисмысловой) технологияны  қолдануға  негізделген Genasene дəрмегін
созылмалы ісік меланомасын емдеу үшін қолдануға рұқсат бермеген. Мұның басты
себебі клиникалық сынақ нəтижелерінің күмəн туғызуы еді.
Бірақ  та, қазіргі  кезде, клиникалық  сынақтардан  өтіп  жатқан  рибозимдер
арқылы  емдеудің  бірнеше  əдістері  жақсы  нəтиже  береді  деген  үмітті  ұялатады.
Мысалы, қазіргі кезде құрылымы «балға басына» ұқсас болып келетін рибозимдерді,
тоқ  ішегінің  метастикалық созылмалы  ісік  ауруындағы  эндотелиальді  өсу  факторы


117
рецепторына жəне адамның эпидермиальді өсу факторы-2 қарсы қолдану бойынша
зертханалық-клиникалық сынақ жұмыстары жүргізілуде.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау