14
кетейік. ДНҚ үзіктерін құрайтын нуклеотидтер бір- бірімен фосфор қышқылы мен
дезоксирибозалар арқылы белгілі бір ретпен байланысады. Мысалы, адениннің (А)
бір үзігіне қарсы тиминннің (Т) екінші үзігі, ал гуанинге (Г) қарсы – цитозин (Ц)
орналасады. Екі нуклеотидтер сутегілік байланыстар арқылы бірігіп тұрады жəне де
мұнда олар бір-бірін толықтырып отырғандай болады. Сондықтан гуанинді –
цитозинге, ал аденинді – тиминге комплементарлы (лат. Complemente – толықтыру
деген мағынада) деп айтады.
ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің белгілі бір
ретпен орналасуы, олардағы
қандай да бір ақуыздың синтезделуі жөніндегі информациясын сақтайды. Егерде,
белгілі бір себептермен нуклеотидтердің біреуі кірмей немесе алмасып қалса, басқа
ақуыз синтезі жүре бастайды. Сондықтан ақуыз құрылымы жөнінде мəлімет
сақталған ДНҚ бөлігі –
геном
деп аталады.
Кейбір бактериялардың хромосомдар құрылымы толықтай белгілі болған.
Мысалы сенна таяқшасы деген атпен белгілі бактерияларының хромосомасы 200-
ден аса геннен тұрады. Ғалымдар осы гендердің хромосома шеңберінде
орналасуының картасын жасаған.
Гибридті ДНҚ алу барысында атқарылатын ген инженериясы жұмыстарының
дұрыс жүруіне, бактериалды жасуша бірліктеріне кіретін плазмидтер деп аталатын
құрылымдар үлкен роль атқаратындығы анықталған. Плазмида терминін
қолданысқа америкалық ғалым генетик жəне биохимик Джошуа Ледерберг 1952 ж.
енгізді.
Плазмидтер
дегеніміз – құрамына 2250-ден 400000 жұпқа дейін нуклеотидтер
кіретін ДНҚ молекуласы болып табылады. Олар бактериялар жасушаларында
бірден бастап бірнеше ондық жұп көлемінде кездесуі мүмкін жəне
хромосомалардан бөлек орналасады. Бактерия хромосомасы сияқты плазмидтер де
шеңбер тəрізді болып біткенімен, хромосомалардан əжептеуір кіші болады.
Плазмидтердегі ДНҚ саны бактериялды хромосомалармен салыстырғанда 20-1000
есеге дейін аз болады. Плазмидтер бактериялды хромосомаларға тəуелсіз екі
еселене алу (репликациялану) ерекшеліктеріне ие. Плазмидтер бактериялды
жасушаларының дəрілерге, мысалы антибиотиктерге қарсы тұру қабілеттіліктеріне
жауап береді. Бұлардың ең маңызды қасиеттері қатарына бір жасушадан екінші
жасушаға өте алу ерекшелігін жатқызуға болады.
Егерде плазмидаға ДНҚ-ның қандай да бір бөлігін ендірсе, ол плазмидамен
бірге репликацияланады. Осы ерекшеліктің арқасында адамдарды қызықтыратын
қажетті гендерді еселей көбейтіп (клондап) алуға болады.
Генетикалық инженерияның əдістерін дамытуда
эндонуклеазалар
деп аталатын
спецификалық ферменттер өте үлкен маңызға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: