Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет96/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   216
биотехнология кітап (2)

5. Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
Гендік инженерия жетістіктерінің қолданылуының негізгі бағыттарының бірі –
ауылшаруашылық  дақылдарының  арнайы  улы  заттарына (гербицидтерге)
төзімділігін  арттыру. Мұндағы  мақсат, ГМ  дақылдарында  басқа  дақылдарды
өлтіретін  гербицидтерге  қарсы  тұра  алу  қабілеттіліктерін  қалыптастыру. Сіздер,
гербицидті  қолдану  белгілі  бір  егістік  аумағынан  алынатын  өнім  көлемін  арттыру
үшін қажет екендігін білесіздер. Фермерлер егістік жерлерінде өсетін арам шөптерді
жоюдың  тиімді, əрі  арзан  əдістерін  қолдануға  өте  мүдделі. Сондықтан  егіс
алқабында  неғұрлым  арам  шөптері  азайған  сайын, қажетті  өнімнің  шығымдылығы
артатыны анық.
Ғалымдар, əсіресе  өсімдіктерде, қазіргі  кезде  көп  қолданылатын  кең  əсерлі
гербицидтерге  төзімділігін  артыру  жұмыстарын  қолға  алған  еді. Мұндағы  негізгі
артықшылық, кең  əсерлі  гербицидтер  барлық  дерлік  арам  шөптер  түрлерін  жоя
алады. Мұндай  гербицидтердің  негізгі  түрлеріне  раундап (глифосат) жəне  либерти
(глюфосинат) жатқызылады. Мұндағы айта кететін жайт, гербицидке төзімді өсімдік
сұрыптарын  шығарумен  айналысатын  компаниялар, дəл  осы  гербицидтерді
өндіруші компаниялар екендігі.
Шындығында  бұрыннан  өсіріліп  келе  жатқан  дақылдар, өсімдік
шаруашылығында  кеңінен  қолданылатын  гербицидтерге  төзімді  болып  келеді.
Əйтпесе  бұл  гербицидтерді  қолданудың  маңызы  болмас  еді. Бірақ  та, кең
қолданылатын дəстүрлі гербицидтерді шашқанда, олар тек қана белгілі бір арам шөп
түрлеріне  ғана  өз  əсерін  тигізеді. Сондықтан, вегетациялық  кезең  аралығында,
фермерлер  арам  шөптерге  арналған  бірнеше  гербицид  түрлерін  қолдануға  мəжбүр
болады. Ал  глифосат  пен  глюфосинатты  сирек  қолдануға  болады. Сонымен  бірге
бұлардың  улы  заттары  биодеградацияға  тез  ұшырауы  себепті, қоршаған  ортада
жинақталмайды. Мұндай кең ауқымды əсері бар жəне тез жойылатын гербицидтерді
неге бұрыннан қолданбады деген сұраққа жауап беретін болсақ, гендік модификация
жасалынбаған  қарапайым  ауылшаруашылық  дақылдары  да  бұл  гербицидтерге
шыдамды  емес  болып  келетін. Глифосат  пен  глюфосинат  тиген  барлық  жасыл
өсімдіктер, егер  де  оның  ішінде  арнайы  төзімділіктері  қалыптастырылмаған
дақылдықтары да болса, солып қалатын. Сондықтан, бұдан біршама жылдар бұрын,
раундап гербицидін ұшақ арқылы шашу жөнінде əңгіме қозғау да мүмкін емес еді.
Ауткроссинг
 деп трансгендердің басқа өсімдік түрлеріне, түр ішіндік топтары
мен  сұыптарына  спонтанды  түрде  көшуі (миграция) айтылады. Бұл  құбылыстың
көңілге  қонбауы  мүмкін  болғанымен, ДНҚ  бөліктерінің (фрагмент) көшіп  жүруге
қабілетті  екендігі  анықталған  жəне  мұндай  жағдайлар  нақты  тіркелген.
Биотехнологиялық  индустрия  алпауыттары, ауткроссинг  мүмкіндігі  қатты
үлкейтілген, мұндай  қауіп  жоқ  деп  түсіндіргенмен, жүгерінің  мексикалық  жабайы
түрлерінде  трансгендердің  табылуы, басыла  бастаған  күмəнді  қайта  жандандырған
еді. Ғылыми  қоғамды, көптеген  туыс өсімдіктердің геномында  тек  қана белгілі  бір
трасгендердің  кездесуі  салдарынан, биологиялық  көп  түрлілігінің  жоғалу  қауіпі
алаңдатады. Себебі, генетикалық  көп  түрлілігінің  жоғалуынан, егер  де  табиғатта


140
жаңа  патогенді  заттар  пайда  болса, өсімдіктер  бұл  кеселдерге  төзімсіз  болып,
жаппай  құртылу  мүмкіндігі  ұлғаяды. Сонымен  бірге, бұл  технологияның
қарсыластары, гербицидке  төзімділік  генінің  жабайы  популяцияларға  ауткроссингі
салдарынан, табиғатта  гербицидке  төзімді  супер  арам  шөптерінің  пайда  болу
мүмкіндігін жəне оны бақылау өте қиынға түсетіні жөнінде тұжырым жасайды.
Генетикалық модификацияға ұшыратылмаған деп есептелінетін өсімдіктерден
жасалынған  тамақ  құрамынан  трансгендерің  табылуы, олардың  адам  ағзасына
тигізетін  зиянды  əсері  дəлелденбесе  де, тұтынушылардың  көңілдеріне  белгілі  бір
дəрежеде күмəн ұялатуы мүмкін. Қоғам мүддесі сақтықты талап етеді жəне адамдар
немен  қоректенетіндерін  əрдайым  біліп  отырғанды  қалайды. Бірнеше  жағдайда,
трансгенді  емес  деп  сатылуға  қойылған  өсімдіктер  құрамынан, трансгендер
табылған  еді. Нəтижесінде, осындай  өсімдіктерді  сатуға  қойған  ауылшаруашылық
компаниялары, өте үлкен шығынға ұшыраған болатын. Сондықтан, осындай нəрсеге
салақтықпен  қарау  салдары, немесе  ГМ  өсімдіктерінің  заңсыз  таралу  мүмкіндігі,
əсіресе, Европа  мемлекеттері  тарапынан  ГМ  өнімдеріне  деген  қатаң  бақылау
талаптарын қабылдауға негіз болды. Америка құрама штаттарында, егер де мұндай
өсімдіктерге бір рет рұқсат берілген болса, олар қайтып бақылауға немесе зерттеуге
алынбайды.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау