Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Ұлпалық жəне жасушалық дақылдарды пайдалану



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет90/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   216
биотехнология кітап (2)

3.1 Ұлпалық жəне жасушалық дақылдарды пайдалану
Соңғы  жылдардағы  өнеркəсіптік  жəне  ауылшаруашылық  биотехнологиясы
саласының  кейбір  шаруашылыққа  маңызды  мəселелерін  шешу  бағытындағы
болашағы  зор  əдістерінің  бірі – өсімдік  жасушаларын  дақылдау  техникасы  болып
табылады, сондықтан оларды өсіру кезінде микробиологиялық дəстүрлі əдістер мен
құрал-жабдықтар қолданылады. Олардың ерекшелігі
in vitro
 жағдайында ұзақ уақыт
өсірген  кезінде, бастапқы  өсімдіктердің  негізгі  генетикалық  белгілері  мен
тотипотенттілігін  сақтап  қалуы, нəтижесінде  дақылданған  денелік (соматикалық)


131
жасушадан өсуге  жəне көбеюге қабілетті бүтін өсімдік пайда болу мүмкіндігі  бізге
белгілі. Жыныссыз  көбею əдісімен  пайда болған өсімдікті атауға 1903 жылы  АҚШ
ғалымы  Уэббер «клон» (грекше klon - өсімдікті  көбейтуге  қабілетті, сабақ  немесе
көшет) деген терминді ұсынды.
Қазіргі  кезде  жасушалық  дақылдау  жұмыстарында  келесі  бағыттағы  жаңа
технологиялар жасалынуда:
1.
Өнеркəсіптік əдіспен өсімдіктерден биологиялық активті бағалы заттар алу
.
Мұндай  өндірістің  негізінде – жасушалық  дақылдардың  бастапқы  өсімдіктердің
белгілерімен бірге, екінші реттік метаболиттерді синтездеуге қабілеттілігін сақтауы
жатыр. Жасушаларды 
дақылдаудың 
кəдімгі 
плантацияларда 
өсірілетін
өсімдіктермен салыстырғанда бірнеше артықшылығы бар. Атап айтқанда:
·
мутагенез, селекция  жəне  гендік  инженерия  əдістерімен  жаңа  жасуша
штаммдарын алу мүмкіндігі;
·
продуцент-жасушалардың  өнімділігінің  климаттық  жəне  маусымдық
жағдайларға тəуелсіздігі;
·
жасушаларды 
дақылдау 
жағдайларының 
стандартизациялау 
жəне
оптимизациялау мүмкіншілігі;
·
жасушаның өсуі мен өнімділігін бақылау мүмкіндігі.
Əлемдегі  көптеген  елдерде  жүргізілген  ғылыми  зертханалардағы  тəжірибе
жұмыстары, жасушалық биомассаны өнеркəсіптік деңгейде алуды іске асырып отыр
(мысалы  Ресейде – адамтамыр (женьшень), Жапонияда – шиконин). Мұндай
өндірістің  жоғары  өнімділігі (тəулігіне  бір  литр  қоректік  ортадан 13 грамм  құрғақ
масса  алу) жəне  үлкен  көлемде  жүргізіле  алуы, дақылдау  мүмкіндігінің  тиімді
екенін көрсетеді.
2.
Ұлпа  жəне  жасуша  дақылдарын  өсімдіктерді  сауықтыру  жəне  тез
клональды  көбейту  мақсатында  пайдалану
. Бұл  негізінен  өсімдік  меристемасын
дақылдау арқылы жүзеге асырылады.
Апикальды  меристема  дегеніміз  дифференциацияланбаған  жасушалардан
тұратын, сабақ ұшында орналасқан, əрқашан өсуші жəне өсімдік мүшелерін түзетін,
0,1 мм-ді бөлік екендігі бізге белгілі. Ол вирустан таза болып табылады. Меристема
жасушаларының бөліну кезінде 5-6 жапырақты кішкентай өсімдіктер пайда болады.
Бірнеше  апта  ішінде  өскен  сабақты, кейіннен 5-6 кішкентай  көшеттерге
бөлшектейді. Осы  көшеттерден, қолайлы  жағдай  жасау  арқылы, қалыпты  өсімдік
өсіріледі. Клонды  микрокөбейтудің  техникасы  көп  еңбекті  қажет  ететін  күрделі
үдеріс. Бірақ  та, бұл  əдісті  пайдаланудың  маңыздылығын  арттыратын  көптеген
ерекшеліктері бар.
Мысалы, таңқурайды  осы  əдіс  арқылы  өсіру  кезінде, өсімдік  саны  жылына
50000-ға  дейін  жететін  болса, ал  қалыпты  жағдайда 50-дей  ғана  өсімдік  алынады.
Ұлпалық  жəне  жасушалық  дақылдау  əдісі  арқылы  вируссыз  жертүйнек (картоп),
бақшалық  құлпынай, таңқурай, сəндік  өсімдіктерді  алу, əртүрлі  өсімдік сұрыптары
мен  түрлерінің  коллекциясын  құру  жəне  сирек  кездесетін, жойылып  бара  жатқан
өсімдіктердің геном қорын сақтау мақсатында да қолданылады.
3.
Жасушалық  жəне  гендік  инженерия  əдістерін  пайдалану  арқылы
жасушаны  генетикалық  өзгерту  жəне  оның  негізінде  өсімдікті  алу
. Жасушалық


132
жəне гендік инженерия негізінде жасушаға геномды, бір топ генді немесе жеке генді
енгізу үшін келесі əдістемелік мəселелерді ескеру керек:
- генді бөліп алу (геномнан бөліп алу, синтез жəне т.б.);
- өсімдік протопластарына қажетті гендерді енгізу үшін векторларды құру;
- экзогенді генетикалық материалды нуклеаза ферментінің əсерінен қорғау;
- өсімдіктерден функциональды активті протопластарды бөліп алу.
Қарастырылып  отырған  əдістер  өсімдіктердің  əртүрлі  фитопатогендерге
төзімділігін  арттыруда, өсімдік  ақуызының  аминқышқылдық  құрамын  жақсартуда
тиімді болып саналады.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау