Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет66/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   216
биотехнология кітап (2)

Амин  қышқылдары
.
Амин  қышқылдары  дегеніміз – əртүрлі  ақуыз
молекулаларын  түзетін  мономерлі  жеке  заттар. Амин  қышқылдары  органикалық
қышқылдар, яғни  маңызды  табиғи  қосылыстар  түрлерінің  бірі  болып  табылады.
Амин қышқылдары түссіз қатты заттар болып келеді. Көпшілігі суда жақсы ериді.
Табиғатта жүзге тарта амин қышқылдары бар екені белгілі болса, олардың тек
жиырмадан  астамы  ғана  ақуыз  молекуласы  құрамына  кіреді. Ақуыздарды  түзетін
амин  қышқылдарының  жалпы  құрылысын  келесі  формула  түрінде  көрсетуге
болады:


99
R  CH
COOH
               NH
2
Бұлардың  молекуласында  карбоксильдік (-СООН) жəне  аминдік (-NH
2
) топ
бар.
Зат  алмасуы  барысында  ағзадағы  ыдыраған  ақуыздардың  орнын  толықтыру,
ескірген жасушалардың орнына жаңа жас жасушалар түзу жəне т.б. жағдайлар үшін
ағза  əр  уақытта  тамақпен  бірге  жеткілікті  мөлшерде  ақуызды  заттарды  қабылдап
отыруы қажет.
Қоректік  бағалылығына  қарай  ауыстырылатын (тирозин  жəне  т.б.) жəне
ауыстырылмайтын (адамның  жəне  жануарлардың  ағзасында  түзілмейтін) амин
қышқылдары 
деп 
ажыратылатыны 
белгілі. Ауыстырылмайтын 
амин
қышқылдарының  негізгілері  қатарына  лейцин, изолейцин, лизин, метионин,
фенилаланин, треонин, валин, триптофан  жататынын  біз  білеміз. Бұл  амин
қышқылдарының  жоқтығынан  немесе  жеткіліксіздігінен  адам  мен  жануарлар
əртүрлі ауруларға шалдығатыны анықталды.
Амин  қышқылдарын  өндірісте  əртүрлі  əдістер  мен  өсімдік  тектес
шикізаттардың  ақуыздық  гидролизаттарын  экстракциялау, химиялық  синтез  жəне
микроорганизмдердің ортада көп мөлшерде амин қышқылдарын түзе алу қабілетіне
негізделген  микробиологиялық  синтез  арқылы  алады. Амин  қышқылдарының
өндіруіне
Corynebacterim, Micrococcus, Arthrobacter, Brevibacterium
  жəне  т.б.
туыстарының Грамм оң, спора түзбейтін бактериялары жатады.
Амин  қышқылдары  халық  шаруашылығында  жəне  медицинада  кеңінен
қолданылады. Амин  қышқылдарды  əртүрлі  полимерлер (синтетикалық  тері,
полимерлері  талшық (волокналар), тағамдық  өнімдерді  салатын  қаптағыштар,
пленка  жасауда) алу  үшін, ауылшаруашылығында  мал  азығын  амин
қышқылдарымен  байытуда  жəне  медицинада  метионин  мен  гамма-амино-май
қышқылдарын  дəрілік  заттар  ретінде  қолданылады. Амин  қышқылын  бір  жылда
өндірудің деңгейі бірнеше миллион л. дейін жетсе, олардың ішіндегі көп мөлшерде
синтезделетіні L-глютамин  қышқылы, L-лейцин, D,–L-метионин, L-аспарагин
қышқылдары  жəне  глицин  болып  табылады. Медицнада  да  амин  қышқылдары,
мысалы  аргинин  қолданылады. Аспартат  немесе  глутаматпен  бірге  ол  бауыр
ауруларын  емдеуде  пайдалы  əсер  етеді. K-Na-аспартаты  шаршауды  басады  жəне
жүректің  шаншуын  жеңілдетеді, оны  бауыры  ауыратын  адамдарды  жəне  сусамыр
науқасын  емдеуде  де  ұсынады. Цистеин  бауырдағы SH-ферментін  тотығудан
қорғап, уланудан сақтайды. Ол тіке түскен күн сəулесінің күйдіру жарақаттарының
да əсерін азайтуға көмектеседі.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау