Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Гендік инженерияны қолдану əдістері



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет5/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   216
биотехнология кітап (2)

3. Гендік инженерияны қолдану əдістері
Биолог  зерттеушілері  үшін  бактериалды  жасушаларының  тұқым  қуалау
аппаратары үлкен қызығушылық тудырады. Бактерия жасушаларында ДНҚ-ы ядро
орналасатын  орта  тұсында  жайғасады. Бірақта, өсімдіктер  мен  жануарлар
жасушаларындағы  ядро  құрамына  кіретін  ДНҚ-мен  салыстырғанда, бактериялдық
ДНҚ  ядролық  қабықпен  қоршалмай, цитоплазмада  бос  күйінде  жатады. Бактерия
хромосомалары шеңберленіп біткен жіпшелерге ұқсас болады. Олар екі үзікті (цепь)
ДНҚ молекулаларынан құралады.
Біздерге, ДНҚ  молекуласының  əрбір  үзіктері  бірнеше  нуклеотидтерден
тұратыны, яғни  полинуклеотидті  болып  келетіні  жəне  өз  кезегінде  əрбір
нуклеотидтер  құрамына  көміртегі  дезоксирибозасы, фосфор  қышқылдарының
қалдықтары  мен  азот  негізді  заттар  кіретіні  белгілі. Нуклеотидтер  бір-бірінен  осы
азот  негізді  заттар  түрлерінің  кіруіне  байланысты  ерекшеленеді. Бұл  заттар
қатарында  аденин, гуанин, цитозин, тимин  болуы  мүмкін  екендігін  еске  түсіре


14
кетейік. ДНҚ үзіктерін құрайтын нуклеотидтер  бір- бірімен  фосфор  қышқылы  мен
дезоксирибозалар арқылы белгілі бір ретпен байланысады. Мысалы, адениннің (А)
бір  үзігіне  қарсы  тиминннің (Т) екінші  үзігі, ал  гуанинге (Г) қарсы – цитозин (Ц)
орналасады. Екі нуклеотидтер сутегілік байланыстар арқылы бірігіп тұрады жəне де
мұнда  олар  бір-бірін  толықтырып  отырғандай  болады. Сондықтан  гуанинді –
цитозинге, ал аденинді – тиминге комплементарлы (лат. Complemente – толықтыру
деген мағынада) деп айтады.
ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің белгілі бір ретпен орналасуы, олардағы
қандай  да  бір  ақуыздың  синтезделуі  жөніндегі  информациясын  сақтайды. Егерде,
белгілі бір себептермен нуклеотидтердің біреуі кірмей немесе алмасып қалса, басқа
ақуыз  синтезі  жүре  бастайды. Сондықтан  ақуыз  құрылымы  жөнінде  мəлімет
сақталған ДНҚ бөлігі –
геном
 деп аталады.
Кейбір  бактериялардың  хромосомдар  құрылымы  толықтай  белгілі  болған.
Мысалы  сенна  таяқшасы  деген  атпен  белгілі  бактерияларының  хромосомасы 200-
ден  аса  геннен  тұрады. Ғалымдар  осы  гендердің  хромосома  шеңберінде
орналасуының картасын жасаған.
Гибридті  ДНҚ  алу  барысында  атқарылатын  ген  инженериясы  жұмыстарының
дұрыс жүруіне, бактериалды жасуша бірліктеріне кіретін плазмидтер деп аталатын
құрылымдар  үлкен  роль  атқаратындығы  анықталған. Плазмида  терминін
қолданысқа америкалық ғалым генетик жəне биохимик Джошуа Ледерберг 1952 ж.
енгізді.
Плазмидтер
  дегеніміз – құрамына 2250-ден 400000 жұпқа  дейін нуклеотидтер
кіретін  ДНҚ  молекуласы  болып  табылады. Олар  бактериялар  жасушаларында
бірден  бастап  бірнеше  ондық  жұп  көлемінде  кездесуі  мүмкін  жəне
хромосомалардан  бөлек  орналасады. Бактерия  хромосомасы  сияқты  плазмидтер де
шеңбер  тəрізді  болып  біткенімен, хромосомалардан  əжептеуір  кіші  болады.
Плазмидтердегі  ДНҚ  саны  бактериялды  хромосомалармен  салыстырғанда 20-1000
есеге  дейін  аз  болады. Плазмидтер  бактериялды  хромосомаларға  тəуелсіз  екі
еселене  алу (репликациялану) ерекшеліктеріне  ие. Плазмидтер  бактериялды
жасушаларының дəрілерге, мысалы  антибиотиктерге  қарсы тұру  қабілеттіліктеріне
жауап  береді. Бұлардың  ең  маңызды  қасиеттері  қатарына  бір  жасушадан  екінші
жасушаға өте алу ерекшелігін жатқызуға болады.
Егерде  плазмидаға  ДНҚ-ның  қандай  да  бір  бөлігін  ендірсе, ол  плазмидамен
бірге  репликацияланады. Осы  ерекшеліктің  арқасында  адамдарды  қызықтыратын
қажетті гендерді еселей көбейтіп (клондап) алуға болады.
Генетикалық инженерияның əдістерін дамытуда
эндонуклеазалар
 деп аталатын
спецификалық  ферменттер  өте  үлкен  маңызға  ие  болды.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау