Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет44/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   216
биотехнология кітап (2)

4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
Алға  қойылған  мақсатқа  байланысты  ферментация  өнімі  ретінде  жасушалар
биомассасы  немесе  қандай  да  болмасын  жасушадан  тыс  метаболиттер  алынуы


69
мүмкін. Бірінші  жағдайда  қалдық  зат  ретінде  культуралды  ортаның  сұйықтығы
саналса, екіншісінде – жасушалық заттар қажетсіз (қалдық) ретінде тазартылады.
Ферментация  үдерісі  өткізілген  ортадағы  культуралды  сұйықтығы  құрамы
бойынша – биозерзатының  жасушасы  түрлерінен, олардың  ерітілген  күйдегі
метаболизм  өнімдерінен, ерітілмеген  компоненттерінен, автолизден  кейін  немесе
қабықтары  бұзылуы  салдарынан  жасушалардан  бөлінген  кейбір  бөліктерінен  жəне
толығынан  пайдаланыла  қоймаған  қоректік  орта  заттарынан  тұрады. Сондықтан,
культуралды  ортаның  сипатына (жасушалар  мен  олардың  метаболизмі
концентрациясына, қоюлығы, жасушалар 
мен 
олардың 
элементтерінің
морфологиясына) байланысты  сұйық  фазасынан  биомассаны  бөліп  алу  əдістері
таңдап алынады.
Қажетті  өнімнің  түріне  байланысты  оларды  бөліп  алудың  келесі  əдістері
қолданылады (кесте-3):
3-кесте. Сұйық фазасынан биомассаны бөліп алу əдістері
Жасушаларды алу
Ерітілген метаболиттер алу
1 Седиментация мен декантация
1. Экстракция
2. Сүзіп алу (фильтрлеу)
2. Сорбция
3. Центрифугалау
3. Тұндыру
4. Тұнба түзу
4. Хроматография
5. Флотация
5. Мембрана арқылы бөлу
Жоғарыда  келтірілген  əдістердің  қайсібірін  қолдану  үшін  қажетті, ерімейтін
заттар  мен  олардың  бөліктерінің (микробтық  жасушаларын  қоса  алғанда)
көлемдерінің градациялық мөлшерлері төменде келтіріледі:
1. Ірі көлемді бөлшектер – 01 ден 1 мм дейін;
2. Ұсақ бөлшектер – 0,01 ден 0,1 мм дейін;
3. Инфра майда бөлшектер – 0,001 ден 0,01 дейін;
4. Жоғары молекулалы заттар – 10 нан 1000 нм (10
-5
 – 10
-3
) дейін;
5. Төменгі молекулалы заттар – 0,1 ден 10 нм (10
-7
 – 10
-5
) дейінгі.
Ірі  жəне  ұсақ  бөлшектерді  бөліп  алу  үшін  седиментация, ұлпалық  жəне
маталық  сүзгілері, сит  жəне  торлы  сүзгілері, көбіктер  мен  көпіршіктерде
фракциялау  əдістерін  қолдану  мүмкін  болса, ерімейтін  төменгі  молекулалы  заттар
үшін – диализ  жəне  электродиализ, иондық  алмасу, еріткіштер  арқылы
экстракциялау, кері осмос реакциялары қолданылады.
Седиментация
  əдісі  гравитациялық  күштер  шеңберінде  жүзеге  асырылады.
Бұл  əдісті  кейбір  сүт  қышқылды  жəне  аралас  ашу (сүт  қышқылды  жəне  спиртті)
кездеріндегі «кефир дəндері» типті конгломенттерін бөлу мақсатында жəне белсенді
тұнба (иль) көмегімен қалдықтарды биологиялық өңдеу барысында қолданады.
Микорбты жасушалары поликатиондар немесе сырттан ендірілген полимерлер
əсерінен  оңай  ұйиды (коагуляцияланады). Осы  жұмыс  нəтижесінде  пайда  болатын
көбікшелер жасушалармен бірге седиментация əдісі арқылы жеңіл бөлініп алынады.
Декантацияны
немесе  тұнба  бетіндегі  сұйықтықты (декантант, супернатант)
құйып алуды вакуум-насосымен сору арқылы алмастыруға болады.


70
Сүзіп  алу (фильтрлеу)
əдісін  кіші  көлемді  культуралды  сұйықтықтарына –
рамалы  сүзгілері  арқылы, ал  көп  көлемді  сұйықтықтарында – барабанды  вакуум-
сүзгілері арқылы жүзеге асырады.
Центрифугалау  əдісі
 – бөлшекті  заттарды  центрифуга  қондырғысы  арқылы
үдемелі  айналдыру  кезінде  пайда  болатын  сыртқа  тебу (центробежный) күштерін
пайдалану нəтижесінде мəжбүрлі түрде тұндыру жолымен жүзеге асырылады.
Тұнба  түзу  əдісі –
  дəстүрлі  ашу  үдерістері  жəне  қалдықтарды  кең  көлемді
қайта өңдеу  кездерінде қолданылады. Бұны седиментация əдісінің жалғасы ретінде
де қарауға болады.
Флотация əдісін (ағылш .floatation – қалқып шығу)
– мысалы, диагностикалық
мақсатта патологиялық материялдан өкпе құрты микобактерияларын жинақтау үшін
қолданады. Микробиотехнологияда 
флотация 
əдісін 
кейбір 
қарапайым
микроорганизмдердің  ақуызын  өндіруде, сыра  ашытуда  қолданады. Көбікті
флотация  сырадағы  ерітілген  ақуыздарының «ауа-сұйықтық» арасындағы
көпіршіктерінде тұрақты түрде жинақталуына себепші болады.
Егер  де, қажетті  өнім  ерітілген  метаболит  немесе  ол  жасуша  ішінде
синтезделіп, сыртқа  шығарылмайтындай  болса, бөліп  алудың  басқа  əдістері, атап
айтқанда  жоғарыда  келтірілген: экстракция, сорбция, тұндыру, хроматография,
мембрана арқылы бөлу əдістері қолданылады.
Экстракция  əдісі –
жасушалардан (қатты  фаза) органикалық  еріткіштер
арқылы, мысалы  гризеофульвин  антибиотигін  ацетонмен, немесе  жасуша-
продуценті  бөлініп  алынған  культуралды  сұйықтығынан (сұйықтық-сұйықтық
жүйесіндегі) бензилпенициллиндерін  рН 2,0-3,0 – бутил-ацетат  арқылы, жəне
соңғысы – екі  фазалы  су  жүйесіндегі  ферменттерін, мысалы  глюкан-декстранды
жəне  онымен  сыйыспайтын  этиленгликольді (ПЭГ-6000) алу  мақсаттарында
пайдаланылады.
Сорбция  əдісі
 – қандай  да  бір  зат  арқылы  қоршаған  ортадағы  газдарды,
буларды немесе еріген заттарды сорып алуға негізделеді. Сорбцияға қатты дене беті
қатысатын  жағдайды –
адсорбция
  деп  атаса, сұйықтық  бетімен  қажетті  заттарды
сорып алу – абсорбция делінеді. Сонымен бірге,
хемосорбция
 – сорғыш зат пен газ
арасындағы  химиялық  əсерлер  болатын  газды  сорулар;
десорбция
 – қатты  заттың
немесе  сұйықтық  бетіне  сорылған  заттардың  қайта  бөлінуіне  негізделген, яғни
сорбцияға қарама-қарсы үдерістері болады.
Тұндыру əдісі –
микробиотехнологиядағы ақуыздарды (мысалы ферменттерді),
полисахаридтерді, бірталай  антибиотиктерін жəне  де  басқа  заттарды алуда  кеңінен
қолданылады. Мұнда  ақуыздарды  ажыратып-бөлуде, рН  көрсеткіштерінің
изоэлектрлік  деңгейге  дейін  өзгерулерінде, ерітіндінің  диэлектрлік  өткізгіштігінің
нашарлауы, ақуыз  молекуласының  сальватация  деңгейлерінің  төмендеуі  сияқты
жағдайларда пайдаланылады.
Хроматография 
əдісі
 – БАЗ-ды (биологиялық 
активті 
заттар)
ажыратуларының  əртүрлі  варианттарында  қолданылады: гель-фильтрация  немесе
гель-өткізгішті – молекулярлы  хроматография  ситаларында, ионалмасулы
(ионнообменная) хроматографияда.
Ген-фильтрациясын молекулалық  массасы əртүрлі  болып  келетін  қоспаларды
ажырату  мақсатында  қолданады. Бұлар  микроорганизмдердің  түрлі  метаболиттері,


71
соның  ішінде  полидисперсиялы  ақуыздар  жəне  полисахаридтер  болуы  мүмкін.
Мұнда, ажыратуға  арналған  заттардың  ішіндегі  кішірек  молекулалылары – гель-
тұтқыш (гель-насадка) құрамына  еніп  кететіндіктен  хроматографиялық  колоннада
ақырын жылжыса, ірілеу молекулалылары – гель құрамына кіре алмағандықтан тез
жылжып, колоннадан бірінші болып шығады.
Ионалмасулы (ионнообменная) хроматографияда  ионалмасушы  смола
жылжымайтын  қабат  болып  келсе, бұған  керісінше, мысалға  алғанда  ақуыздар
қоспасы  ертінділері – қозғалмалы  қабат  болады. Сондықтан, ақуыздар  катиондық
формада  целлюлозалық  матрицада  теріс  заядты  тасымалдайтын, катионалмасушы
карбоксилметилцеллюлозамен (КЦМ) байланысады. Мұнан  кейін, ақуыздардың
эллюциясын  иондық  күші  біртіндеп  арттырылатын  буферлік  ертіндісі  арқылы
жүзеге асырады. Нəтижесінде бірінші болып КЦМ-мен əлсіз байланысқан ақуыздар
эллюцияға ұшырайды.
Мембрана  арқылы  бөлу  əдісі
  биотехнологияда  кеңінен  қолданыла  бастады.
Мұнда  теріс  осмос  немесе  ультрафильтрация  əдістерін  таңдау  кездерінде,
ажыратушы заттардың молекулалары мен бөлшектерінің диаметрлері шешуші роль
атқарады. Мысал ретінде, кейбір заттар молекулалары мен жасушалардың шамамен
алғандағы  мөлшерін (көлемін) мкм  өлшемімен  көрсете  кетейік: су (ММ 18 ДА) –
0,0002, ММ 100 ден 500 ДА дейінгі органикалық  қышқылдар – 0,0004-0,0008, ММ
180 нен 400 ДА дейінгі моноза мен биозалары – 0,0008-0,001, ММ 300-ден 100 ДА
дейінгі  кейбір  антибиотиктер – 0,0006-0,0012, ММ 10000- нан 1000000 ДА  дейінгі
протеиндер  мен  гликандар – 0,002-0,01, көптеген  бактериялардың  жасушалары –
0,3-1, кейбір ашытқылар мен мицеллалардың жасушалары – 1-10.
Енді  жоғарыда  келтірілген  кейбір  химиялық  терминдердің  мазмұнын  еске
түсіре кетейік.
Ертінді  мен  таза  еріткіштер  құрамындағы  өткізбейтін  мембрана  арқылы
бөлініп  тұратын  қандай  да  бір  заттардың  химиялық  потенциалдарын  өзара
теңестіретін қасиеті –
осмос
 деп аталады.
Ертіндіге  жақындастырылған  одан  артық  осмостық  қысымды  еріткіштен
төмен  градиенциялы  ертіндіге  еріткіштің  жылжи  бастауы (ертіндіден – таза
еріткішке) басталады. Мұның нəтижесінде ертілген заттардың концентрациясы арта
бастайды, яғни
кері осмос
 құбылысы белең алады.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау