Ген репрессиясы
(лат. repressio – басу, ағ. gene repression) – ген активтігін
тежеу, көпшілік жағдайда транскрипция үдерісін шектеу арқылы жүреді.
Ген экспрессиясы
(лат. expressio - əйгілену, ағ. gene expression) – ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық информацияны жүзеге
асыру. Ол: транскрипция, процессинг, трансляция сияқты негізгі үш сатыдан
тұрады.
Гендер амплификациясы
(лат. amplification - өсу, көбею, ағ. gene
amplification) – гендер көшірмелері (копиялар) санының көбеюі.
Гендер банкі
(геномдар кітапханасы) – өз құрамына геномдағы гендердің
кемінде бір тізбегі кіретін, клондалатын ДНҚ молекуласының жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |