Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері



жүктеу 4,09 Mb.
Pdf просмотр
бет102/216
Дата13.02.2022
өлшемі4,09 Mb.
#35813
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   216
биотехнология кітап (2)

1. Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктері
Мал  шаруашылығында  биотехнологиялық  əдістерінің  қолданылуына  сүт
қоректілерінің төменде келтірілген биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді:
1. Малдар  гаметасының  биологиялық  банкі.
  Малдар  гаметасының  биологиялық
банкі 
гонадаларында 
жинақталған. Гаметалардың 
морфогенетикалық
потенциалының  мүмкіндігі  соншалық, мысалға  алғанда, жаңа  туылған  ұрғашы
қозының  аналық  безінде 700 мыңдай  аналық  жұмыртқасы (фолликулалар) болса,
жыныстық жетілу кезеңіне дейін олардан 12000-86000 дана кішігірім жəне 100-400
дана  аралықтарындағы  ірі  жəне  жетілетін  аналық  жұмыртқалары  болады.
Ооциттердің  осындай  динамикасы  басқа  да  сүт  қоректілерінің  ұрғашы
жыныстарында  байқалады. Еркек  даралардың  аталық  жұмыртқаларында
сперматозоидтардың  мұнан  да  көп  саны  кездеседі. Жыныстық  жетілген
мерзімдерінде, орта есеппен, бір аталықтан бөлінетін спематозоидтардың саны 280-
450 трлн. құрайды екен. Осындай көп жыныс жасушаларынан табиғи жағдайда орта
есеппен  жалғыз  төлді  малдарда 5-10, ал  көп  төлділерде 40-80 жұп  гаметалары
(аналық жұмыртқасы мен спематозоидтар) ғана іске асырылады екен.
2. Эмбриондардың имплантацияға дейінгі дамуы.
Ұрықтанғаннан кейін эмбрион
зиготадан  гаструла  кезеңіне (стадия) дейін  сүт  қоректілердің  жыныс  мүшесінде
(жатыр  түтікшесінде) біршама  уақыт  бос (еркін) күйінде  болады. Ұрықтанған
жерден (жатыр  түтікшесі) имплантацияланатын  жерге (жатыр) дейін  орта  есеппен
шошқаларда 2-3, қойларда 4-5, қояндарда 5-7 жəне  сиырларда 7-8 тəулік  кетеді.
Имплантацияға  дейін  эмбрион  пеллюцид  аймағы (zone pellucid) деп  аталатын,
биологиялық  тұрғыдан  мықты, қабықты  болып  табылатын  аналық жұмыртқасында
дами  береді. Осы ерекшеліктер  сүт  қоректілер  эмбриондармен
in vitro
  жағдайында
əртүрлі манипуляциялар жасауға мүмкіндік береді.


146
3. Жалғыз  төлді  малдарда  бір  аналық  жұмыртқасынан  дамитын  егіздердің
туылуы.
 Бір аналық жұмыртқасынан дамыған егіздер (үшем немесе одан да көптері
сирек  кездеседі) имплантацияға  дейінгі  жыныс  мүшесінде  бос (еркін) күйінде
болған  кезінде  пеллюцид  аймағының (zone pellucid) бұзылуы  себебінен,
эмбрионның бөлінуі жүзеге асып, ажыраған бөліктер жеке-жеке дамуы нəтижесінде
пайда  болады. Мұндай  егіздердің  бастамасы (ұрықтанған  бір  аналық  жасуша) бір
болғандықтан, егіздер  түр-түсі  жəне  барлық  генетикалық, биохимиялық
көрсеткіштері  бойынша  бір-біріне  айнымай  ұқсайды. Осындай  ерекшеліктің
арқасында  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығында  өте  маңызды  көп  жасушалы
организмдер деңгейіндегі биологиялық көшірмелерді (биокопия) алу мүмкін болды.
4. Мал  шаруашылығында  асыл  тұқымды  топ (ядро) құру  мен  жетілдіру.
  Мал
шаруашылығында  асыл  тұқымды  мал  тобы  мен  тұқымы  жақсартылуы  қажет
топтарға бөлінетіні белгілі. Асыл тұқымды малға жату үшін ол малдардың дені сау,
көбею  қабілеттіліктері  мен  өнімділіктері  жақсы, бағалы  генотипті  жəне  ұрпақ
сапасы бойынша бағаланған болуы шарт. Биотехнологиялық зерттеулерінде бұларға
донорлар  мен  жақсартушы  аталықтарды  жатқызады. Асыл  тұқымды  мал
шруашылығындағы  көбею  үдерістерінде  қолданылатын  терминология  бойынша
д
онор дегеніміз
 – генетикалық тұрғыдан бағалы ооциттар мен эмбриондар алынатын
ұрғашы  дара  болса,
жақсартушы аталық
– ұрғашы  донорды  ұрықтандыруға
арналған еркек мал. Сондықтан жоғарыда аталған мал тобының (плем. ядро) санын
көбейту мақсатында донорлар мен жақсартушы аталықтар белсенді қолданылады.
Тұқымы жақсартылуы қажет мал тобы, генотипі бойынша бағалылығы төмендеу
болғанымен, физиологиялық  тұрғыдан  дені  сау  жəне  көбею  қабілеттіліктері  де
жақсы болуы қажет. Бұл топқа  реципиенттер жатқызылады. Осы тұрғыдан алғанда
реципиент  дегеніміз
 – құнды  мал  ұрпағын  өз  ағзасында (жатырында) өсіріуге
арналған, генетикалық жағынан басқа (жат) аналық.
Жалпы алғанда, ауылшаруашылық малдарының биотехнологиялық мүмкіндіктері
осы  сүт  қоректілерінің  биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  қалыптасады.
Түрге  тиесілі  биологиялық  ерекшеліктері  тұқым  қуалаушылық  арқылы  берілетіні
белгілі. Сондықтан, биотехнологиялық  мақсатта  пайдалану  үшін  генетикалық
мүмкіндіктердің анықталуы –
биотехнологиялық қор
 (ресурс) деп аталады.
Жоғарыда  айтылғандарды  қортындылай  келе, қолданылуына  байланысты
биотехнологиялық қорды шартты түрде үш класқа бөлуге болады:
1. Молекулалық қор – гендердің құрылымы мен қасиеттері арқылы көрінеді.
2. Физиологиялық  қор – гаметалар  банкі, имплантация  алдындағы  эмбриондар
дамуы (тотипотенттілік) арқылы байқалады.
3. Селекциялық қор – асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды топ
(ядро) құру мен жаңа мал тұқымдарын шығаруға байланысты.

жүктеу 4,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   216




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау