Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет108/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   610
Экономикалык теория

2. Акцияларды сату,
 яғни кәсіпорын капиталындағы үлестерді 
сату. Бұл жерде тендерлер жарияланып, үміткерлер қатысатын жабық 
сауда инвестициялық конкурс арқылы жүргізіледі. Инвестициялық 
конкурс – коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс өлшемдері 
жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып 
табылатын сауда-саттық.
3.  Жалға  берілген  кәсіпорындардың  мүлкін  сатып  алу. 
Бұл  жерде  кәсіпорындарды  сату  аукциондар  арқылы  ашық  сауда 


58
тәсілдерімен  жүргізіледі  және  сатып  алушыға  максималды  баға 
қоюдың талабы ұсынылады.
Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды. 
Бұл  үдерістің  негізгі  бағыттары  үш  кезеңнен  өтті.  Үкіметтің 
бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру 
және жекешелендіру жоспарланды.
1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекеше-
лендірудің  алғашқы  ұлттық  бағдарламасы  мемлекеттік  меншікті 
басқа  нысандарға  айналдыруды,  азаматтардың  мемлекеттік 
кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды мақсат етіп 
қойды.
1993-1995  жылдарға  арналған  екінші  ұлттық  бағдарлама  кіші, 
жаппай  және  жеке  жобалар  бойынша  жекешелендірудің  түрлерін 
қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат 
етті.
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен 
жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың 
басымдылығына қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.
Бірінші кезең.
 Кіші жекешелендіру 1991-1992 жылдары жүргізіл-
ді.  Бұл  кезеңде  сауда,  қызмет  көрсету  аясындағы  кіші  және  орта 
кәсіпорындардың 50%-ы жекешелендірілді. Мемлекеттік меншіктің 
мөлшері  мен  құрамын  белгілеу,  меншік  құқығын  беру  тетіктерін 
әзірлеу шаралары жүзеге асырылды.
Екінші  кезең.
  Үлкен  және  жаппай  жекешелендіру  1993-1996 
жылдары  жүргізілді.  Бұл  кезеңде  орта  және  ірі  кәсіпорындар 
жекешелендірілді. Бұл кезең кіші жекешелендіру бағдарламасының 
аяқталуын,  жаппай  жекешелендіру  және  жеке  жобалар  бойынша 
жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. Бұл жерде жаппай 
жекешелендірудің мынадай артықшылықтарын көрсетуге болады, 
біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмысбастылықты 
көтеруге жағдайлар туындайды, екіншіден, жаппай жекешелендіру 
шаралары үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпейді. Сонымен 
қатар,  жаппай  жекешелендіру  мемлекеттің  халыққа  ұлттық 
мүлікті  қайтару  шарасын  мақсат  тұтып,  кәсіпорындарды  кең 
көлемде қайта құрылымдауды, оларды басқаруды жетілдіруді және 
қаражаттардың қосымша көздерін қамтамасыз етуді қарастырады. 
Республиканың  жұмысқа  жарамды  халқының  17%-ның  тағдыры 
жаппай жекешелендірудің нәтижелеріне тәуелді болып табылды.
Үшінші  кезең.
  Жеке  жобалар  бойынша  1997-2000  жылдары 
жүргізілген  жекешелендіру  жекешелендірудің  аяқталу  кезеңі  деп 


59
аталады.  Күтілген  оң  нәтижелері:  экономикалық  тиімділіктің 
өсуі,  кәсіпорындарды  басқаруды  жетілдіру,  жекешелендірілген 
кәсіпорындардың және олардың өндірген тауарларының бәсекелік 
қабілеттілігін көтеру.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау