Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет7/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   610
Экономикалык теория

гуманитарлық,
 әрі 
қоғамдық
 ғылым 
деп біле аламыз.
Экономикалық  теорияның  зерттеу  пәніне  қатысты  көптеген 
анықтамалар бар. Солардың негізгілерін төмендегідей қарастыруға 
болады.
Экономикалық  теория 
–  адамдардың  шексіз  қажеттіліктерін 
қоғамның  шектеулі  ресурстары  арқылы  қанағаттандыру  үшін 
материалдық  және  материалдық  емес  игіліктерді  өндіру,  бөлу, 
айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалық теория
 – шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану 
жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды 
және  олардан  туындайтын  экономикалық  мәселелерді  зерттейтін 
қоғамдық ғылым.
Экономикалық теория
 – байлық туралы ғылым. 
Американ  экономисі  Пол  Самуэльсон  экономикалық  теорияны 
барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы 
тұрғыда,  экономикалық  теорияны  зерттеу  шаруашылық  өмірде 


7
адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық 
уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. 
Экономикалық теорияның пәні нені және қандай құбылыстарды 
зерттейтіндігін  түсіндірсе,  оның  зерттеу  әдістері  экономикалық 
құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Кез келген басқа 
ғылымдар  сияқты  экономикалық  теория  қоршаған  ортаны  танып 
білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады.
Экономикалық теория әдістерінің алғашқы ғылыми әзірлемелері 
ежелгі  грек  ғалымы  Аристотельдің  еңбектері  арқылы  танылды. 
Ол  экономикалық  ғылымды  танып  білудің  негізгі  қағидаларын 
қалыптастырды. Аристотельмен жасалған анализ, синтез, индукция, 
дедукция,  аналогия  және  басқа  да  таным  әдістері  бүгінгі  күнге 
дейін экономикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауда кеңінен 
қолданылып келеді. Әрине, бұл жерде экономикалық теория пәнінің 
дамуы мен әрі қарай күрделенуі барысында оны танып білудің әдіс-
тәсілдері  үнемі  жетілдіріліп  отырады.  Экономикалық  ғылымның 
әдісі  деп  кең  мағынада,  біз  экономикалық  үдерістердің  нақты 
ақиқаттылығына жету жолдарының және экономикалық құбылыс-
тарды  зерттеу  құралдарының,  айла-амалдарының  жиынтығын 
айтамыз.
Экономикалық теория адами, қоғамдық ғылым ретінде қоршаған 
ортаны  және  өмір  тіршілігін  танып  білудің  көптеген  әдістерін 
қолданады.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау