|
Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. ДоғаловЭкономикалык теорияМемлекеттік қаржы
– мемлекеттік табыстар мен шығындарды
зерттей-тін экономикалық теорияның бір бөлімі.
Мемлекеттік қарыз
– осы уақытқа дейін жинақталған бюджет
тапшылықтарының жалпы сомасы; үкіметтік мемлекеттік бағалы
қағаздар иелеріне деген қарыздарының жалпы көлемі.
Мемлекеттік меншік
– орталықтандырылған мемлекетке немесе
үкіметке тиесілі жер және капитал түріндегі меншіктің белгілі бір
нысаны.
Мемлекеттік сатып алымдар
– мемлекеттің соңғы тауарлар мен
қызметтерді сатып алуына жұмсайтын ақшалай төлемдері.
Мемлекеттік сектор
– мемлекетпен және үкіметпен бақыланатын
ел экономикасының бір бөлігі.
Мемлекеттің дәрменсіздігі
– мемлекеттік сектордың (үкіметтің)
өз міндеттері мен қызметтерін экономикалық жағынан тиімсіз әдістер
арқылы орындау салдарынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шеше алмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|