Еңбек өнімділігі
- өнімнің жалпы көлемінің соның өндірісіне
жұмсалған еңбек санына қатынасы; еңбектің орташа өнімі немесе бір
жұмысшының бір сағатта орындайтын еңбегінің нәтижесі.
Еңбек сиымды тауар
– өндірісіне салыстырмалы түрде еңбек
ресурсы-ның көлемі көбірек жұмсалатын өнім.
Ереуіл
– жұмысшылар тобының (кәсіподақтың) өзара ұйымдасып
жұмысты тоқтатуы.
Еуропалық одақ
– жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалуын
қалыптастыру, жалпы экономикалық саясатты жүргізу, тауарлардың
ағылуына салынатын жалпы кеден тарифтері мен импорттық
квоталарды біртіндеп жою үшін 1958 жылы құрылған еуропалық
мемлекеттер ассоциациясы.
Жабық экономика
– тауарлар мен қызметтерді экспорттамайтын
және импорттамайтын елдің экономикалық жүйесі.
Жалақы
– уақыт (сағат, күн, т.б.) бірлігіне шаққандағы еңбек
қызметінің қандай да бір түрін қолданғаны үшін төленетін бағасы
немесе төлем.
Достарыңызбен бөлісу: |