Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет465/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   610
Экономикалык теория

- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер:
 облыстық бюджет, облысқа бағынатын 
қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана 
бюджеті, аудандар бюджеті.
Экономикада  мемлекеттік  бюджет  жүйесі  төмендегідей  негізгі 
қызметтерді атқарады:
1)  қаржы  ресурстарын  мемлекет  пен  қоғам  қажеттіліктеріне 
жұмылдыру;
2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
3)  қаржы  ресурстарын  қайта  бөлу  (аймақтық,  салааралық, 
ведомствоаралық, әлеуметтік);


277
4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
6) әлеуметтік қорғау;
7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау 
жасау.
Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:
1) бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет 
заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;
2) толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп 
түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс 
табуы;
3) шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономиканың 
ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республикасының 
және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері 
мен бағыттарына сәйкес келуі;
4)  ашықтылық  принципі  –  бюджет  заңдылығы  аясындағы 
нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын-
ала  қабылданған  шешімдерді  мемлекеттік  басқару  органдарының 
қадағалауы;
6) нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетілген 
белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджет-
терді әзірлеу және орындау;
7) тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана 
отырып,  ең  жақсы  нәтижеге  жетудің  қажеттілігіне  байланысты 
бюджетті нақты іске асыру;
8) жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін 
бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;
9)  бюджеттердің  дербестілігі  принципі  –  әртүрлі  деңгейдегі 
бюджеттер  арасындағы  түсімдердің  тұрақты  түрде  бөлінуін 
қамтамасыз ету.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының  құры-
лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
1. Бюджет табыстары:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- трансферттердің келіп түсуі.
2. Бюджет шығындары.


278
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік несиелеу:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
- қаржылық активтерді иелену;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):
- қарыздардың келіп түсуі;
- қарыздарды жабу;
- бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.
Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, 
оларға мыналар кіреді:

мемлекеттік қызмет көрсетулер;

қорғаныс;

қоғамдық  тәртіп,  қауіпсіздік,  сот  қызметі,  құқықтық  және 
қылмыстық-атқару іс-әрекеті;

білім беру;

денсаулық сақтау;

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;

ауыл,  су,  орман  және  балық  шаруашылықтары,  ерекше 
қорғалатын табиғи территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар 
әлемін қорғау, жер қатынастары;

отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;

өнеркәсіп,  сәулет,  құрылыс  және  қала  құрылысы  қызметі, 
көлік және байланыс;

қарыздарды өтеу;

арнайы трансферттер;

басқалары.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау