Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет19/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68

жөніндегі кәсіпорындар, тұрғын үй жэне өндіріс инфрақұрылымын 
жасау  және  пайдалану  жөніндегі  кэсіпорындар,  көлік  жэне  ақпа- 
рат  желілері,  энергетикалық,  қорғаныс  жэне  экология  объектілері 
мен  құрылыстары  кіреді.  Тиісінше  мемлекет  ғимараттарды,  құры- 
лыстарды  және  мемлекеттік  мекемелердің  басқа  да  мүліктерін 
иелікке  берген денсаулық  сақтау,  білім  беру  мекемелерін,  гылыми- 
зерттеу, 
күштік 
ведомстволарды, 
мемлекеттік 
холдингтерді 
(Самрұқ-Қазына,  КазАгро)  қоса  алғандағы  ұйымдар  мемлекеттік 
меншік  субъектілері  болады.  Осылайша  Қазақстанда  мемлекеттің 
атынан  қоғамдық  өндірістің  эртүрлі  аспектілеріне  араласуга  жэне 
ықпал етуге уәкілетті мемлекеттік органдар бар болып отыр.
Бұлардан  бөлек  акционерлік  қоғамдар,  жарғылық  қорында 
мемлекет  әртүрлі  формада  қатысатын  кәсіпорындар,  қазыналық 
кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, республикалық мемлекеттік 
кэсіпорындар (Қазақстен Темір Жолы) сияқты кэсіпорындар да бар.
«Казатомпром»  АҚ ¥А К  канадалық UraniumOne  жэне  Comeco 
жапондық  Sumitomo  жэне  KansaiElektricPower,  француздық  Areva 
жэне  ресейлік  «Эффективная  энергия  НВ»  эріптестерімен  уран 
өндіру жэне өңдеу жөніндегі бірқатар біріккен кәсіпорындар құрды. 
¥АК-тағы  БК-дар  тиісті  ядролық-отындық  қорды  қайта  бөлу  мен 
жаңа  нарықтарға  жол  ашатын  өндіру  жөніндегі  принцип  бойынша 
құрылды.
Жақын  жылдары  «Казатомпром»  жаңа  кен  орындарын  салуға 
және  істеп  тұрғандарын  дамытуға  600  миллион  доллар  инвести­
ция  салуды  жоспарлап  отыр,  бүл  компанияның  әлемдегі  ірі  уран 
өндіруші  болуына  мүмкіндік  береді.  Компания  өз  ұсыныстарымен 
тек қазақстандық нарыққа ғана  емес  әлемдік нарыққа да эсер  етіп, 
жүмыс  орындарын  беруші,  жүмыскерлерді  дайындаумен  жэне 
қайта дайындаумен айналысушы болады.
Осылайша, қазіргі замануи мемлекеттің жэне оның мемлекеттік 
меншігінің  ұлттық  байлықтың  эрбір  компонентіне,  атап  айтқанда 
әлеуетті  және  пайдаланудағы  табиғи  қорларға,  жинақталған  және 
қызмет  атқарып  тұрған  капитал  мен  адам  ресурстарына  қатысы 
болады.  Мемлекеттің  ұлттық  байлықты  қолдауға  және  арттыруға 
ықпалы  үдайы  артады  жэне  орнықты  айқындағыш  мэнге  ие  бола­
ды.  АҚШ  Сауда  министрлігі  Экономикалық  талдау  бюросының 
деректері бойынша  1998 жылы ЖІӨ өсіміне мемелекеттің «сіңірген 
еңбегі» 0.72% құраған, ал ЖІӨ-нің бүкіл өсімі 3.9% құраған. Егер бұл
59


параметрлерді  ЖІӨ  өндірісіне  және  оның  жүмсалуына  мемлекет- 
тің  қатысуы  жөніндегі  деректермен  шендестірсе,  олардың  пропор- 
циялары  шамамен  бірдей  болып  шығады.  Бірақ  бұл  үдерістегі  ба- 
сты  нэрсе  пропорциялар  емес,  мемлекеттің  ұлттық  экономикалық 
өсімнің шешуші факторларының бірі ретінде айқындалуы -  дейді В. 
Б. Супян өзінің «АҚШ экономикасына» жазған еңбегінде (М.2003.СЦ 
166).  Мұның  бэрі  ұлттық  байлықтың  жинақталатын  капиталдық 
бөлігінің  қомақты  үлесін  өндіретін  жекеменшік  кэсіорындардың 
рөлі мен мэнін жоққа шығармайды.
Мемлекет  меншік  иесі  ретінде  мемлекеттік  бюджетке  иелік 
етеді.  Мемлекеттің  бюджет  арқылы  көрініс  беретін  экономикадағы 
маңызды  рөлі  өндірісті  субсидиялау  болып  табылады.  Қоғамдық 
өндірісте  мемлекет  өндірушіде,  тұтынушы  да  болмайтын,  бірақ 
жекеменшік  өндірушілерге  жан-жақты  ықпал  ететін  салалар  бар. 
Бұл  ықпал  субсидиялар  беру,  салықтық  реттеу  және  жекеменшік 
өндірісшілердің қызметін реттеу арқылы жүреді.
Еуропа  мен  Американың  бірқатар  мемлекеттері  ауылшаруа- 
шылығы  бағдарламаларының  негізінде  ауылшаруашылығына  ті- 
келей  субсидиялар  бөледі.  Бұл  орайда  ол  субсидиялар  ауылшар- 
уашылығы  тауарларына  бағаны  жоғары  деңгейде  ұстап  тұруға 
кетеді.  Бұл  аграрлық  сектордағы  мемлекеттік  шығындар  жиынтық 
шығындардың  бөлігі  болатынын  білдіреді.  Шығындардың  негізгі 
бөлігін жоғары баға қою механизмі арқылы тұтынушылардың мой- 
нына жүктейді.
Кез  келген  мемлекеттік  бағдарламада  шығындардың  екі  түрі 
болатынын  қаперде  ұстау  керек.  Қоғам  үшін  шығындардың  бірі 
ресурстарды  жете  пайдаланбау  немесе  тиімсіз  пайдалану  болып 
табылады.  Екіншісі  -   трансферттік  төлемдер,  яғни  қоғамдағы 
эртүрлі  топтар  арасында  кірісті  бөлісу.  Сол  ауылшаруашылық 
бағдарламасында  ауылшаруашылығы  секторына  кететін  транс- 
ферттер  бар  (Қазақстанда көктемгі  және күзгі  уақыттардағы ЖЖМ 
бағасының мәселелері жэне т.б.).
Өндірісті  субсидиялауды  мемлекет  салықтық  жүйе  арқылы  да 
жүргізеді.  Егер мемлекет кәсіпкерге дотация ұсынатын  болса,  онда 
ол  бюджеттен  болатын  шығындар.  Егер  мемлекет  оған  шамамен 
сол  сома мөлшерінде  салықтық жеңілдіктер  берсе,  онда  бүл  опера­
ция  бюджетте  көрсетілмейді  жэне  ешбір  шығын  болмайды.  Бірақ 
мақсатқа  қол  жетеді.  Мүндай  жанама дотация  әдебиетте  салықтық
60


шығындар  деген  атқа  ие  болған.  Бүдан  бөлек  мемлекет  ашық 
субсидиялау  механизмін  кеңінен  қолданады.  Айталық  импорт- 
ты  шектеу  арқылы.  Бұл  жерде  шығындар  баға  механизмі  арқылы 
тұтынушыларга жүктеледі.  Жасырын субсидиялау төмен пайыздық 
ставкамен  несие  беру,  зайымдарды  кепілдендіру  жэне  т.б.  арқылы 
жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтің аталган түрлерінен  басқаларын  іскерлік 
белсенділікті реттеуді,  қаржы нарығындағы қызметті, тауарлар мен 
қызмет  көрсетулерді  сатып  алуды,  кірістерді  бөлуді,  мемлекеттік 
жәрдем  бағдарламасын,  әлеуметтік сақтандыруды, жасырын бөлуді 
реттеудің тетігі деп атауға болады.
Барлық  елдердегі  үкіметтері  өзінің  жыл  сайынғы  бюджетінде 
жоспарланатын  шығындар  мен  күтілетін  кірісті  мүқият  талдай- 
ды.  Бізде,  Қазақстанда  Қаржы,  экономикалық  даму  жэне  сау- 
да  министрліктері  министрліктер  мен  мекемелердің  ұсынысы 
негізінде  мемлекеттік  жоспар  мен  бағдарламаларды  ескере  оты- 
рып,  жоспарды  жыл  сайын  белгілейді  жэне  жамап-жасқап  отыра- 
ды.  Үкімет деңгейінде  талқылайды  жэне  Парламенттің талқысына 
алып  шығады.  Мэжіліс  өз  түзетулерін  енгізе  отырып  үшінші 
оқылымында қабылдайды және Сенатқа береді. Сенаттың заң жоба- 
сын қабылдауы немесе қабылдамауы,  өз түзетулерін  енгізе  отырып 
Мэжіліске  қайтаруы  да  мүмкін.  Соңгысы  қайта  талқылайды  жэне 
Сенатқа қайта береді.  Сенат қабылдағаннан кейін  бюджетті Прези­
дент бекітеді. Ел бюджетінің орындалуы мемлекеттік міндетті заңға 
айналады.
Елдің бюджеттік саясаты кіріске ғана емес,  ел экономикасының 
жағдайына,  оның  жоспарлары  мен  бағдарламасына  да  байланы- 
сты  болады.  Дамыған  елдердің  тэжірибесі  рецессия  жағдайында 
бюджеттің  дефицитін,  ал  рецессия,  соғыс  жэне  т.б.  болмаганда 
теңестірілген бюджетті ұстап тұру қажеттігін көрсетеді.
4.  2. Мемлекеттік меншік пен мемлекеттік 
түтынуды реттеу.
Мемлекеттік  басқару  аппараты  қызметінің  тиімділігі  елдің 
экономикалық  дамуының  шешуші  факторларының  бірі.  Мемле­
кет  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  түтынушы  ғана  емес,  оны 
өндіруші  де.  Осыған  сәйкес  бұл  үдерістерде  туындайтын  қарым- 
қатынастарды басқарады жэне реттейді.
61


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау