Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет90/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Топырақ аэрациясы


Ол т5


  1. кесте



Атмосфера жəне топырақ ауасының құрамы, көлемдік %





Газдар

Атмосфера ауасы

Топырақ ауасы

Азот (N 2)

78,08

78,08-80,24*

Оттегі (02)

20,95

20,90-0.0

Аргон (A r)

0,93




Көмір қышқыл газы (СО2 )

0,03

0,03-20,0

Басқа газдар (Ne,He,CH4, Kr,
N2О,О3, ж.т.б)

0,04




Азот + аргон. Топырақауасындағыазоттың, атмосфера ауасындағы азоттан өзгерісі шамалы. Топырақтағы азот бекітуші түйнекті бак- терияларымен жəне денитрификация процесінің əсерінен кейбір өзгерістер ғана байқалады. Топырақ ауасы құрамында органикалық жеңіл газдар (этилен, метан) жəне аммиак, сутегі, болуы ықтимал.


Қоршаған ортаның əсерінен жəне топырақтағы микроағзалардың əрекетінен өсімдік тамырларының, жəндіктердің тыныстануымен органикалық қосылыстардың тотығуының ықпалынан топырақ ауа- сынын құрамы құбылмалы болып келеді. Ауамен жақсы қамтамасыз етілген, құнарлы топырақта көмір қышқыл газының мөлшері 1-2%- дан аспайды, ал оттегінің мөлшері 18%-дан кемімейді. Ал артық ылғалданған, батпақты топырақ көмір қышқылы газы 4-6%-ға дейін артып, оттегі мөлшері 15 жəне оданда кем болуы мүмкін. Егістік алқапта орташа есеппен 1 кг топырақ 1 сағатта 0,5-5 мл оттегін өзіне сіңіреді жəне қолайлы жағдайда осындай мөлшерінен көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Топырақтан бөлініп шыққан көмір қышқыл газының (С02) топырақ сіңірген оттегіне (О2) қатынасы топырақтың тыныстану коэффициенті деп аталынады (Тк).
Тк = СО2 О2
Құнарлы, құрылымы жақсы топырақта тыныстану коэффициенті 1-ге тең. Топырақта көмір қышқыл газы негізінен биологиялық құбылыстар кезінде түзіледі. Егер топырақ құрамында көмір қышқыл газы 2-3%-дан асса, өсімдіктердің өсіп дамуы тежеледі.
Топырақ бойынан атмосфераға көмір қышқыл газының бөлінуі топырақтың тыныстануы деп аталынады. Осылай бөлініп шыққан көмір қышқыл газы өсімдік жапырақтарымен сіңіріліп, фотосинтез құбылыстарының пəрменді жүруіне ықпалын тигізеді. Қара топырақ тыныстануы арқылы жылына əр гектар алқаптан атмосфераға 40-70 т көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Топырақтың экологиялық қызметі пəрменді жүруі үшін топырақ ауасымен атмосфера ауасы арасында газ ал- масу құбылысы тұрақты өтіп жатуы қажет. Осы екі ауа арасындағы алма- су құбылысын газ алмасу немесе аэрация деп атайды. Аэрация топырақ құнарлылығының анықтаушы жағдайының бірі болып саналады. Газ ал- масу топырақтың ауасы бар қуыстарының атмосфера ауасымен қатынасуы арқылы өтеді. Газ алмасу құбылысының жүруіне диффузия, топыраққа ылғал түсу, температураның жəне ауа қысымының жел, ыза сулардың деңгейінің өзгеруі əсер етеді. Осылардың ішінде аэрация жүруіне басты ықпал жасайтын – диффузия құбылысы.
Топырақ ауасында атмосфера ауасымен салыстырғанда оттегі концентрациясы кем, ал көмір қышқыл газы мөлшері сондықтан диффузия əсерінен топыраққа оттегі сіңіп, ал одан көмір қышқыл газы ауаға бөлініп газ алмасу тұрақты жүреді.
Аэрацияның қарымталы жүруіне топырақтың ауа қасиеттері өткізгіштігі жəне ауа сыйымдылығы қасиеттері əсерін тигізеді. Топырақтың ауа өткізгіштігі оның өз бойынан ауаны қабілетімен сипатталады. Оның мөлшері топырақ гранулометриялық құрамына, тығыздылығына, ылғалдылығына, құрылымына байланысты. Қылтүтікті жəне қылтүтікті емес қуыстары мол, құрамында топырақтың ауа өткізгіштігі жақсы болып келеді.



жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау