Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтың гидролитикалық қышқылдығы



жүктеу 3,79 Mb.
бет62/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың гидролитикалық қышқылдығы – топырақтың сіңіру кешенінің қышқылдығы, оны топырақпен берік байланысқан, қиын алмасатын сіңірілген сутек иондары тудырады. Гидролитика- лық қышқылдық топырақты гидролитті сілтілі тұздың ерітіндісімен (CH3COONa) өңдегенде анықталады.
Гидролитикалық қышқылдықты 100 г топырақтағы миллиграмм-
эквивалентпен өрнектейді.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы алмасу жəне гидролитикалық қышқылдықтарының өлшеміне ғана емес, топырақтың негіздермен қанығу дəрежесіне де байланысты болады.
Егер топырақтың гидролитикалық қышқылдығының шамасын Н əрпімен, сіңірілген негіздердің қосындысын (Ca, Mg, K, Na жəне т.б.) S əрпімен белгілесек, онда топырақтың жалпы сіңіру сыйымдылығы T болғанда:
S + H = T.
Топырақтың сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақтағы милли- грамм-эквивалент түрінде өрнектеледі.
Топырақтың негіздермен қанығу дəрежесі (V) – сіңірілген негіздердің қосындысын (S) сіңіру сыйымдылығына (Т) қатынасын пайызбен өрнектеу:



12–1427
177



Топырақтың негіздермен қанығу дəрежесі жалпы сіңіру сыйымдылығының қандай бөлігі сіңірілген негіздерге, қайсысы гидролитикалық қышқылдыққа тиетінін көрсетеді. Негіздермен қанығу дəрежесінің шамасы топырақтың қышқылдығы мен сіңіру қабілетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы тұрақты болмайды. Əртүрлі биологиялық, химиялық жəне физикалық-химиялық құбылыстар- дың нəтижесінде топырақта қышқылдар немесе негіздер пайда бо- лып, топырақ реакциясы өзгеріп тұрады.
Топырақ реакциясы енгізілетін тыңайтқыштар əсерінен де өзгереді. Мысалы, физиологиялық қышқылды тұздарды
(NH4Cl, (NH4)2SO4, т.б.) енгізгенде топырақ ерітіндісі қышқылданады, ал физиологиялық сілтілі тұздарды (NаNO3, Ca(NO3)2) пайдаланғанда қышқылдығы азаяды немесе топырақ ерітіндісі сілтіленеді.
Физиологиялық қышқылды немесе физиологиялық сілтілі тыңайтқыштарды əрдайым енгізгенде топырақ ерітіндісінің ре- акциясы күшті өзгере алады да, өсімдіктердің жəне топырақ микроорганизмдерінің тіршілігіне үлкен əсер етеді.
Бірақ əртүрлі топырақтарда реакцияның өзгеруі бірдей болмай- ды. Біреуінде топырақ ортасы баяу, басқаларында жылдам өзгеріп тұрады.

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау