Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты ыза суларының химиялық құрамы



жүктеу 3,79 Mb.
бет16/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты ыза суларының химиялық құрамы


Ауадан түсетін ылғал топырақтан барлық тіршілік атаулыны жəне ондағы жүретін бүкіл химиялық реакцияларды қамтамасыз етеді, ерітеді, жуып-шайып тез еріген тұздарды топырақ қабатынан əкетеді. Ауадан түсетін ылғал, əдетте, таза су емес, ол өзімен ауа газдарын, шаң-тозаңдарды, тұздарды, қышқылдарды ілестіре келеді. Кей кез- дерде ауадағы топырақ бетінен немесе теңіз беттерінен ұшқан тұздар
ылғалмен еріп, топырақ бетіне қайта сіңіп жатады.
Мұхит пен теңіз беттерінен желмен ұшқан тұздар əдетте мұхит, теңіз жағалауларында кездесетіні таңғаларлық нəрсе емес Оның мəнісі: су толқындарынын жағалауға соғылуынан көптеген су там- шылары пайда болады. Бұл тамшылар желдің қатты күшімен ауаға ұшады да, су тез буға айналады, ал тамшы құрамындағы тұздар жел- мен əр тарапқа ұшады, кейін ауа ылғалымен топыраққа сіңеді.
Кейінгі жылдары жоғарыда айтылған табиғи құбылыстармен қатар, ауадан түсетін ылғалдың химиялық құрамдарына өндірістік күштердің де əсерлері тимей қойған жоқ. Əртүрлі жылу электростан- цияларынан немесе ірі-ірі зауыттардың биік мұржаларынан шыққан түтіндер ауаны ластауда. Аралға құятын екі ірі өзен Əмудария мен Сырдарияның суын түгел жер суаруға пайдаланғандықтан, Арал теңізі көп шегініп, бірте-бірте тайызданып, көлемі тіпті азаюда. Осыған байланысты, бұрынғы теңіз табанының көп алқаптары судан босап, құрғап, ал құрғаған жерлерден жыл сайын миллиондаған тонна тұздар мен шаң-тозаңдар ауаға көтерілуде. Бұлар көтерілген жерлерінен алыс аймақтарға тарап, қышқылды немесе тұзды жаңбырлар болып түсуі анық.
Топыраққа ауадан түсетін ылғалдармен қатар, оның бетіне жақын жатқан жерасты ыза суларының химиялық құрамдарының да тигізер əсері мол. Бірақ əлемде ондай жерлер аса көп емес, олар
өзендер, теңіздер мен мұхит жағалауларында, жерасты ағысы на- шар өзен бойларының төменгі атырауларында, суармалы егіншілік көптеп өріс алған, жерасты ағымы аз жазиралы алқаптарда орын алады.
Жерасты ыза суларының топырақтың механикалық құрамдарына қарай оған əсерлері əрқилы. Топырақ құрамы неғұрлым жеңіл құмды, құмдақ болса, жерасты ыза суының соғұрлым қылтүтіктер арқылы көтерілуі 0,5-1 м-ге жетеді. Ал жер балшықты, саз балшықты болса, жерасты ыза сулары 3-4 м-ге көтеріледі. Топырақтағы құбылыстарды жерасты ыза суларының тек көтерілу деңгейімен ғана емес, олар тұздану мөлшерімен жəне химиялық құрамдарымен сипатталады. Əдетте, тұщы сулар құрамында гидрокарбонат, ал ащы суларда сульфатты-хлорлы, хлорлы-натрийлі құрамды тұз мөлшері өте көп болады.
Тірі заттардың химиялық құрамы. Жер қыртысындағы, судағы жəне жер бетіне жақын, ауадағы элементтер тірі организмдермен (ағзалармен) сіңіріліп, қайтадан топталып, топыраққа бастапқы жағдайларына қарағанда басқа түр мен арақатынас күйінде қайтарылады.

Тірі ағзалардың орташа химиялық құрамы


(А. П. Виноградов, 1954, М. А. Глазовская, 1981 бойынша) Мол элементтер (n. 10-n.10-2):

О - 70

N - 0,3

S - 0,05

С – 18

Si - 0,2

Nа - 0,02

Н - 10,5

Mg - 0,04

С1 - 0,02

Са - 0.5

Р - 0,07

Fе-0,01

К - 0,3







Аз элементтер (n. 10-3-n.10-5):


n. 10-3 -Аl, Ва, Sг, Мn, В, Тһ, Р;
n. 10-4 - Ті, F, Zn, Рb, Сu, Ү, Сr, Вr, Gе;
n. 10-5 - Ni, Рb, Sn, Аs, Со, Li, Мо, Ү, Сs;

Өте аз элементтер n< 10-5 : Se, U, Нg, Rа.


Сонымен, келтірілген мəліметтер тірі ағзалар негізінен үш эле- менттен (оттегі, көміртегі, сутегі) тұратынын көрсетеді, олардың
қосындысы бүкіл тірі ағзалардың құрамының 98,5%-ын құрады. Азот мөлшері 0,3%, ал бактериялар құрамында олардың мөлшері бірнеше пайызға жетеді. Тірі организмдерде оларды өртегеннен кейін немесе ыдырағаннан қалатын күлде де элементтер бар. Олардың ор- таша көлемі 1,5%, алайда ол В тірі ағзалардың қай алқаптарға орна- ласуына байланысты. Күлдік элементтердің мөлшері 5-7%, ал кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер құрамында 20-25%-ға жетеді.
Өсімдіктер мен жануарлар химиялық элементтерді өздерінің биологиялық қажеттілігіне байланысты таңдап сіңіреді. Сондықтан күлдік пішіндегі элементтер құрамы жер қыртысындағы эле- менттерге қарағанда тіпті өзгеше. Тау жынысынан немесе топырақтан тірі организмдердің элементтерді биологиялық сіңіру белсенділігі Б. П. Полынов пен А. И. Перельманның енгізген сіңірудің биологиялық коэффициенті арқылы анықталады. Бұл ко- эффициент өсімдік қалдығындағы элемент топырақтағы немесе тау жынысындағы элементке қатынасынан алынады. Осы арқылы организмдердің химиялық элементтерді сіңіруінің биологиялық белсенділігі анықталады.



жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау