42
жаттығулары кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі, глю-
коза жəне т.б. қажетті заттар дер кезінде жеткізіліп, организмнен
ыдырау өнімдері жедел шығарылады. Сондықтан тыныс алу жəне
жүрек-тамыр жүйелерінің қызметтері күшейеді.
Қарқынды жұмыс кезінде сүт қышқылы толық тотығып
үлгермейді. Сондықтан ол жұмыс аяқталғанда да оттегіні пайда-
ланып тотыға береді. Мұны «оттектік қарыздылық» деп атайды, ол
ауыр жұмыс істегенде 15-20 литрге жетеді (4-, 5-тарауларда толық
баяндалады).
Организм мүшелері қимыл рефлекстер арқылы əрбір əсерленіске
қатысады. Мұнда кері байланыстар қозғалыс жүйесінің вегетативтік
əсерленістеріне ерекше ықпалын айқындайды. Жұмыс (жаттықтыру)
туралы алдын ала ойлаудың өзі вегетативтік өзгерістер тудырады.
Ол қозғалыс əрекетінің ми қыртысы арқылы ұйымдастырылатынын
көрсетеді.
Дене жаттығулары ықпалынан қан айналысы қатты өзгереді.
Бұлшық ет жиырылуы əуелі қан ағысының жылдамдығы арқылы
қамтамасыз етіледі. Жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемі
4-8 есе артады, сөйтіп газ алмасуы 5-10 есе жеделдейді. Жүректің
систолалық көлемі ауыр жұмыстарда 1,5-3 есе көбейеді, ал
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) минутына 160-240 ретке жетеді.
Нəтижесінде қанның ағысына жеңілдік туады. Өйткені жұмысқа
кіріскен бұлшық еттердің ұсақ талшықтарының көбісі ашылып, та-
мырлар тонусы төмендейді. Дені сау жəне еңбекке жарамды адам-
дарда қанның диастолалық қысымы аз өзгереді немесе 5-15 мм
сынап бағанасына көтеріледі. Систолалық қысым 150 жəне тіпті,
200 мм сынап бағанасына жетеді, ол істелетін жұмыстың алымына
сəйкес келеді.
Жұмыс кезінде жүректің жиырылу жиілігіне организмнің сезім
күйі мен тұлға қалпы əсер етеді. Отырған кезбен салыстырғанда
тұрып жұмыс істегенде жүрек шамамен, 10-15 рет жиі жиырылады.
Ер адамдар мен əйел адамдарда жүректің жиырылу жиілігі қозғалыс
əрекеті нəтижесінде əртүрлі өзгереді. Мəселен, əйелдер мен ер
адамдарға бірдей жүктеме берілген кезде біріншілерінде жүрек жиы-
рылу жиілігі орта шамамен, минутына 10-15 рет артық болады. Дене
жұмысы кезінде жүректің жиырылу жиілігіне қоршаған ортаның
температурасы да əсерін тигізеді. Температура 25-30°С, не одан
жоғары болса, ол минутына 10-15-ке жоғарылайды. Жаттықтыруға
43
дейін жəне жаттығу барысында ЖЖЖ анықтау, тіркеу организмнің
физиологиялық күйін бақылауға мүмкіндік туғызады.
Дене жаттығуларымен айналысу кезінде организмнің газ алма-
суын қамтамасыз ететін тыныс алу жүйесі де өзгереді. Берілген
жүктемеге сəйкес өкпе вентиляциясы (желдетілуі) жəне оттегіні
пайдалану арта түседі. Қалыпты жағдайда өкпенің 5-8 л/мин. венти-
ляция көлемінен 3-4% оттегі пайдаланылады. Ал дене жүктемесінің
əсер етуі кезінде өкпе вентиляциясы минутына ондаған литрге
көбейеді, оттегіні пайдалану 4-8%-ға тең болады. Өкпе вентиляциясы
тыныстың тереңдеуі мен жиіленуі арқылы көбейеді. Жұмыс істегенде
тыныс тереңдігі адамға тəн өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30-
40%-нан тұрады. Тыныс жиілігі жұмыс кезінде тыныштық күйдегі
мөлшермен салыстырғанда 2-3 есе өседі.
Қарқынды жаттықтыру кезінде алғашқыда бейімделу кезеңі
байқалады, онда тыныс тарылып, жеткілікті дəрежеде өкпенің
желдетіліп үлгермеуінен тыныс жолдарында жағымсыз күй пайда
болады. Содан кейін бұл құбылыстар жойылады, алайда, 20-30 ми-
нуттан кейін «өлі нүкте» туады. Мұнда аталған жағымсыз жайлар
күшейіп, адам жаттықтыруды жалғастырудан бас тартуы мүмкін.
Егер оны жеңіп жаттықтыру жалғастырылса, бұл сезім тыйылады.
Сөйтіп, «екінші тыныс алу» ашылады. Мұның физиологиялық мəні
вегетативтік əрекеттің қайта құрылуында (4-тарауда толық баян-
далады).
Жаттықтыру кезінде жұмысқа қабілеттілікті қамтамсыз ету үшін
энергия қорын іске тартатын эндокриндік жүйенің белсенділігі арта-
ды. Əртүрлі қозғалыс үдерістерін орындағанда гипофиз-бүйрекүсті
бездерінің (симпато-адреналдық жүйенің) белсенділігі күшейеді.
Көптеген жағдайда атқарылған жұмыстың ауыртпалық дəрежесіне
сəйкес келеді. Өйткені бұл ішкі секреция бездерінің гормондары
адамның бейімделу əрекетін жүзеге асырады.
Мəселен, жұмыс кезінде қанда тироксиннің мөлшері көбейеді.
Дене жүктемесінің ұзақ уақыт əсер етуі салдарынан қанда инсулиннің
мөлшері азаяды жəне оның ыдырауы күшейеді (16-сурет). Мыса-
лы, ОМП 65-70% тең қарқындылықты циклдік жаттығулар кезіндегі
қандағы инсулин деңгейін зерттеу барысында оның жаттығу бойы
уақыт артқан сайын біртіндеп төмендейтіндігін байқауға бола-
ды. Ал өсу гормоны, адреналин, норадреналин сияқты гормондар
деңгейлерінің ұзақ уақыттық дене жаттығуларын орындау бары-
44
сында бастапқы жаттығуға дейінгі мəндеріне қарағанда жоғарылап
отыратындығын көруге болады (17-сурет).
16-сурет. ОМП немесе VO
2max
65-70% тең қарқындылықты циклдік
жаттығулар кезіндегі глюкоза мен инсулин концентрацияларының
өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері бойынша)
17-сурет. Ұзақ уақыттық дене жаттығулары кезіндегі қан плазмасындағы
(А) кортизол мен БМҚ (бос май қышқылы) жəне (Ə) өсу гормоны,
адреналин, норадреналин мен БМҚ өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері
бойынша)