Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет46/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68

149
шартты жасасу кезiнде-ақ ол алушының иелiгiнде болса, зат оған сол 
кезден бастап берiлген деп танылады. Затқа коносамент немесе өзге 
де өкiмшi құжат беру заттарды беруге теңестiрiледi.
Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы 
өсиетке  немесе  заңға  сəйкес  мұрагерлiк  бойынша  басқа  адамдарға 
көшедi.
Заңды  тұлға  қайта  ұйымдастырылған  ретте  оған  тиесiлi 
мүлiкке  меншiк  құқығы  қайта  құрылған  заңды  тұлғаның  құқықты 
мирасқорларына – заңды тұлғаларға көшедi.
Егер, тұлға меншік иесінен заңи негіздер бойынша алынған мүлік-
ті  заңнамалық  актілерде  бекітілген  тəртіптерде  жəне  жағдайларда 
алатын болса, онда аталған мүлiкке меншiк құқығын осы тұлға алады. 
Жаңа меншік иесіне заттың өзі ғана емес, оған байланысты барлық 
құқықтар  мен  міндеттер  де  ауысады.  Мысалы,  меншік  иесі  затты 
иеліктен шығарған ретте кепіл, жалға алу құқықтары да бірге ауыса-
ды. Міне, осылайша, меншік құқығын алудың туынды əдістері кезінде 
əрдайым  құқықмирасқорлығы  орын  алады.  Иелiктен  айырылған 
заттардың  кездейсоқ  жойылу  немесе  кездейсоқ  бүлiну  қаупi,  сатып 
алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi. 
9.1.3. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi
Меншік құқығының тоқтатылуы да заңда көзделген заңи фактілер 
бойынша жүргізіледі.
ҚР АК 249 бабында меншік иесінен мүлікті мəжбүрлі алуға осы 
баптың 2-ші  тармағында  қарастырылған  жағдайларды  қоспағанда, 
жол  берілмейтіндігі  бекітілген.  Бұл  меншік  иесінің  мүлікке  деген 
құқығынан еркін алып қойылуына қарсы кепілдік болып табылады.
Меншік құқығы келесідей жағдайларда тоқтатылады:
Меншік иесі мүлікті өзге тұлғаларға иеліктен шығарған ретте;
Меншік иесі өзінің меншік құқығынан бас тартқан ретте;
Мүліктің жойылуы немесе бүлінуі орын алса;
Мүлікке  меншік  құқығын  заңдарда  қарастырылған  өзге  де 
жағдайларда жоғалтса.
Меншік  иесінің  өз  мүлкін  өзге  азаматтарға  иеліктен  шығаруы 
сатып  алу – сату,  айырбас,  сыйға  тарту,  рента  шарттары  бойынша 
жүзеге асырылады.
Меншiк  құқығынан  бас  тартуы – азаматтың  немесе  заңды 
тұлғаның өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тартатындығы 
жөнiнде  жариялауы  не  бұл  мүлiкке  қандай  да  болсын  құқықтарын 


150
сақтау  ниетiнсiз  өзiнiң  мүлiктi  иеленуден,  пайдаланудан  жəне  оған 
билiк етуден шеттейтiнiн айқын дəлелдейтiн басқа да əрекеттер жаса-
уы арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Затттың жоғалуы ешкімнің кінəсінсіз, кездейсоқ мəн-жайлардың 
немесе бой бермейтін күштің салдарынан орын алуы мүмкін. Осыған 
орай, заттардың кездейсоқ жойылу қаупі меншік иесіне жүктеледі.
Заттың  бүлінуі  меншік  иесінің  еркімен  не  еркінен  тыс  орын 
алуы  мүмкін.  Соңғы  жағдайда,  меншік  иесі  өзіне  келтірілген 
залалдың орнын толтыруды талап ете алады жəне егер, бүлінген зат 
сақтандырылған болса, сақтандыру төлемін ала алады.
Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк:
1)  азаматтар  мен  заңды  тұлғаларға  жекешелендiру  туралы 
заңнамалық  актiлерде  көзделген  жағдайларда,  шарттарда  жəне 
тəртiппен;
2)  мемлекеттiк  меншiк  объектiлерiн  заңды  тұлғалардың  жарғы-
лық капиталдарын төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру 
арқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген өз-
ге де жағдайларда иелiктен шығарылып, жекеменшiкке берiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тек мемлекеттік 
меншікте  бола  алатын,  сондай-ақ  мемлекеттік  меншіктегі  жəне  Қа-
зақстан  Республикасы  Президентінің  актілеріне  сəйкес  иеліктен 
шығаруға  жатпайтын  мүліктер  иеліктен  шығарудың  объектісі  бола 
алмайды.
Жекешелендiру  туралы  заң  құжаттарында  көзделген  реттер, 
жағдайлар  мен  тəртiп  бойынша  ақылы  немесе  ақысыз  шарттардың 
негізінде  мемлекеттiк  меншiктегi  мүлiк  азаматтар  мен  мемлекеттік 
емес заңды тұлғалардың жекеменшiгiне берiледi.
Меншік  құқығының  мəжбүрлі  түрде  тоқтатылу  негіздерін 
қарастырып көрелік.
Меншiк  иесiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  мүлiктен  ақы 
өндiрiп алу. Бұл ретте, мүлік меншік иесінің еркінен тыс жəне оған 
ешбір өтемақы төленбестен алынады. Меншiк иесiнiң мiндеттемелерi 
бойынша мүлiктен ақы өндiрiп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, 
сот тəртiбiмен жүргiзiледi.
Заң  құжаттарына  сəйкес  өзiне  тиесiлi  бола  алмайтын  мүлiкке 
адамның меншiк құқығының тоқтатылуы. Егер заң құжаттарымен 
жол  берiлетiн  негiздер  бойынша  заң  құжаттарына  сəйкес  адамның 
өзiне  тиесiлi  бола  алмайтын  мүлiк  оның  меншiгiнде  болып  шықса, 


151
бұл  мүлiктi меншiк иесi, осы мүлiкке меншiк құқығы  пайда  болған 
кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен айыруға тиiс. Егер меншiк иесi 
мүлiктi  көрсетiлген  мерзiмде  иелiктен  айырмаса,  ол  сот  шешiмiмен 
иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi 
иелiктен айыру жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi.  
Реквизициялау  –  дүлей  апаттар,  авариялар,  жұқпалы  аурулар, 
iндеттер  жəне  төтенше  сипаттағы  өзге  де  жағдайлар  болған  ретте 
мүлiк қоғам мүддесi үшiн мемлекеттiк органдар шешiмi бойынша заң 
құжаттарында  белгiленген  тəртiп  пен  жағдайларда  меншiк  иесiнен 
оған мүлiктiң құны төлене отырып алып қойылуы мүмкiн
Тəркілеу – заң  құжаттарында  көзделген  реттерде  мүлiк  меншiк 
иесiнен  жасаған  қылмысы  немесе  өзге  де  құқық  бұзушылығы  үшiн 
санкция түрiнде сот тəртiбiмен тегiн алынуы мүмкiн
Жер  учаскесiн  алып  қоюға  байланысты  қозғалмайтын  мүлiктi 
иелiктен айыру. Жер учаскесі меншік иесінен мемлекеттік қажеттілік 
үшін алып қойылуы мүмкін. Мұндай алып қоюларға қалалардың бас 
жоспарлары,  аумаққа  бөлу  схемалары  жəне  өзге  де  қала  құрылысы 
мен жерге орналастыру құжаттары негіз болуы мүмкін.
Күтiмсiз  ұсталған  мəдени  жəне  тарихи  қазыналарды  са-
тып алу. Мəдени жəне тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың 
меншiк  иесi  бұл  қазыналарды  күтiп  ұстамай,  бұл  олардың  өз  мəнiн 
жоғалту  қатерiн  төндiрген  реттерде  мұндай  қазыналарды  мемлекет 
меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу немесе жария саудаға 
салып сату арқылы алуы мүмкiн.
Ұлт меншігіне айналдыру – жекеменшіктегі мүлікті мемлекет-
тің меншігіне айналдыру болып табылады. Мұны меншік иесінің за-
лалын толықтай өтей отырып, ұлты меншігіне айналдыру туралы заң 
қабылдау арқылы жүзеге асыруға болады.
9.1.4. Меншік құқығының нысандары мен түрлері
Жеке
Мемлекеттік
Субъектілері:  жеке  тұлғалар  (аза-
маттар жəне мемлекеттік емес заң-
ды тұлғалар) 
Мемлекет 
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттiк  меншiк  пен  жекемен-
шiк танылады жəне бiрдей қорғалады (ҚР Конституциясы, 6 бап).


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау