146
адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адам-
ға белгiленген тəртiп бойынша берiлген жағдайда ғана өз бетiмен
салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады.
Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесi өзiнiң заңды
пайдалануында болған адамның өз бетiмен салынған құрылысқа
меншiк құқығын тануы мүмкiн. Бұл ретте құрылысқа меншiк құқығы
танылған адам оны жүзеге асырған адамды сот белгiлеген мөлшерде
құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейдi.
Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын
жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға əкелiп соқтырса не
азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, аталған
адамдардың өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануға
болмайды.
Ерекше жағдайларда əлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгi ескерiле
отырып, өз бетiнше салынған құрылыс сот белгiлеген мөлшерде
құрылыс шығындары өтелiп, коммуналдық меншiкке берiлуi мүмкiн.
Олжа – жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан
адамға немесе заттың меншiк иесiне немесе оны алуға құқығы бар
өзiне белгiлi басқа адамдардың бiреуiне дереу хабарлауға жəне
табылған затты оған қайтаруға мiндеттi.
Егер зат үй-жайдың iшiнде немесе көлiкте табылған болса,
ол сол үй-жайдың немесе көлiктiң иесi болып табылатын адамға
тапсырылуға тиiс. Мұндай ретте осы иеленушi затты тапқан адамның
құқықтарын иеленiп, оның мiндеттерiн мойнына алады.
Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзi немесе оның
тұрған жерi белгiсiз болса, затты тауып алушы олжа туралы iшкi iстер
органдарына немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент,
ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмдеуге
мiндеттi.
Затты тауып алушы оны өзiнде сақтауға не iшкi
iстер органдары-
ның, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ əкiмi аппаратының немесе олар көрсеткен
адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе
сақтауға кететiн шығындар оның құнына сəйкес келмейтiн затты та-
уып алушы түсiм сомасын растайтын жазбаша дəлелдемелер алып,
сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға жəне зат-
ты алуға заңды құқығы бар адамға қайтарылуға немесе бұл заттың
өзi үшiн белгiленген тəртiп пен жағдайларда басқа адамдардың
меншiгiне берiлуге тиiс.
147
Егер олжа туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы ау-
дан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық)
округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмденген кезден бастап алты ай өткенше
жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса жəне затқа
өзiнiң құқығы туралы оны тапқан адамға не iшкi
iстер органдарына
немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмделмесе, затты
тауып алушы оған меншiк құқығын алады.
Егер затты тауып алушы тапқан затын меншiгiне алудан бас тарт-
са, ол коммуналдық меншiкке өтедi.
Қараусыз жануарлар – қараусыз немесе қаңғып жүрген малды
жəне басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарлар-
ды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның
өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған
кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы
iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, облыстық, аудандық
маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң
аппаратына мəлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шарала-
рын қолданады.
Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарлар-
ды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында жəне пайдалануында
қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа
адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi
бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар
адамды iздеп табуды жəне оларға жануарларды берудi қаладағы ау-
дан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық
(селолық) округ əкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.
Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мəлiмдел-
ген кезден бастап алты ай iшiнде жəне басқа үй жануарлары жөнiнде
– екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса жəне оларға өзiнiң
құқығы туралы мəлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жану-
арларды баққан жəне пайдаланған адамға көшедi.
Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас
тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi жəне тиiстi
қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл
(село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппараты белгiлейтiн тəртiп
бойынша пайдаланылады.
Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың
бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi