127
тұратын жергілікті жердегі əкiмшілік аппараты, ол жұмыс iстейтiн
немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдала-
ну ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң əкiмшiлiгi
куəландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге
асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да
түрлерi арқылы жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куə-
ландырады.
Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның
құрылтай құжаттарымен уəкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы
қойылып берiледi жəне сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi. Ақша жəне
басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның,
коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан
берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға
тиiс.
Байланыс органдарының араласуынсыз, факс арқылы жіберілген
сенімхатты үшінші тараптардың түпнұсқа ретінде қабылдайтындығы
жөніндегі ереже ҚР АК бекітілген.
Сенімхаттың қолданысы мерзіммен шектелінген. Сенiмхат үш
жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұр-
лым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi
көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады.
Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады.
Сенімнің ауысуы мынадай жағдайларда орын алуы мүмкін:
а) егер, өкілге сенімхаттың өзінде осындай құқық берілген болса;
б) сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау үшін қалыптасқан
жағдайларға орай сенімді ауыстыруға мəжбүр болса.
Өз өкiлеттiгiн басқа бiреуге берген сенiм бiлдiрiлген адам бұл
жөнiнде сенiм бiлдiрушiнi дереу хабардар етуге жəне оған əлгi адам ту-
ралы, оның тұрғылықты жерi туралы қажеттi мəлiметтердi хабарлауға
тиiс. Бұл мiндеттiң орындалмауынан, сенiм бiлдiрiлген адамға нақ өз
əрекеттерi үшiн жауапкершiлiк жүктелетiнi сияқты, өз өкiлеттiгiн
берген адамның əрекеттерi үшiн де жауапкершiлiк жүктеледi.
Сенiм ауыстыру жөнiнде берiлген сенiмхаттың қолданылу
мерзiмi ол негiзге алынып берiлген алғашқы сенiмхаттың қолданылу
мерзiмiнен аспауы керек. Сенiм бiлдiрiлген адамның өз өкiлеттiгiн
басқа адамға беруi жөнiндегi сенiмхатты, жалақыны, почталық кор-
респонденцияны алуды қоспағанда, нотариат куəландыруға тиiс.
ҚР АК 170 бабында сенiмхаттың тоқтатылу негіздерінің тізімі
қамтылған. Ең алдымен, сенім білдіруші оның күшін жоя алады,
ал өкіл одан бас тарта алады. Сондай-ақ, сенiмхат мерзiмiнiң өтуi,
128
сенiмхатта көзделген əрекеттердiң жүзеге асуы, өз атынан сенiмхат
берген заңды тұлғаның тоқтатылуы, атына сенiмхат берiлген заңды
тұлғаның таратылуы, сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның
əрекет қабiлеттiгi жоқ, əрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-
ошарсыз кеттi деп танылуы, сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс бо-
луы, оның əрекетқабiлеттiгi жоқ, əрекетқабiлеттiгi шектеулi немесе
хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.
Сенiмхат берушi сенiмхаттың күшiн жойғандығы туралы сенiм-
хат берiлген адамға, сондай-ақ сенiмхат берiлгендердiң алдында
өкiлдiк ету үшiн өзiне белгiлi үшiншi жаққа хабарлауға мiндеттi.
Сенiмхат АК көрсетiлген негiздерге сүйенiп тоқтатылған реттерде дəл
сондай мiндет сенiмхат берушi адамның құқықты мирасқорларына да
жүктеледi.
Сенiмхат берiлген адамға сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлгенге
дейiн немесе бiлуге тиiс болған кезге дейiн оның жасаған əрекеттерi
нəтижесiнде пайда болған құқықтар мен мiндеттер сенiмхатты бер-
ген адам жəне оның құқықты мирасқорлары үшiн үшiншi жақтарға
қатысты күшiн сақтайды. Егер үшiншi жақ сенiмхаттың тоқтатылғанын
бiлсе немесе бiлуге тиiс болса бұл ереже қолданылмайды.
Сенiмхат берiлген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенiмхат
тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиiс.
7.3. Тапсырмалар
Есеп 7-1
2004 жылы 28 маусымында екі бөлмелі пəтерді сатуға сенімхат
берілген, сенім білдірген адам Токтаров, сенімгер Жакупов. Сол
жылдың 2 тамызында Жакупов қайтыс болады, ал 7 тамызда
Тоқтаров сенімхат арқылы пəтерді Ивановқа сатады. Пəтер ақшасын
Жакуповтың əйеліне тапсырған кезде Жакуповтың қайтқаны туралы
естиді. Жакуповтың қызы сотқа əкесінің қайтқанын кейін жасалған
деп сатып алу – сату шартын жарамсыз деп есептеуге талап арыз
береді. АК сəйкес сенімхат сенім білдірушінің қайтқанынан соң өз
күшін жояды.
Сұрақ:
Дауды шешіңіз.
129
Есеп 7-2
2009 жылдың 1 наурызында К. П. Саудабаев осы жылдың наурыз
айының жалақысын алуға өзінің 17 жастағы қызы П. А. Саудабаеваға
сенімхат берді.
2009 жылдың мамыр айында П. А. Саудабаева берілген сенімхат-
ты мекеменің əкімшілігіне ұсынып, заң бойынша сенімхат 1 жылға
дейін жарамды екенін айқындап, əкесінің сəуір жəне мамыр айлары-
на арналған жалақысын беруін сұрады.
Мекеме əкімшілігі П. А. Саудабаеваның қалауын қабыл алмады.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Сенімхатқа анықтама беріңіз. Бұл біржақты немесе екіжақты
мəміле ме?
2. Азаматтық кодекске сəйкес сенімхаттың ең ұзақ қолданылу
мерзімі қандай?
3. Берілген уақыты көрсетілмеген сенімхат жарамды болып
есептеледі ме?
4. Неліктен мекеме əкімшілігі жалақы төлеуден бас тартты?
5. П. А. Саудабаева кəмелетке толған қыз болса, мекеме əкімші-
лігі өзінің ұстанымын өзгертер ме еді?
Есеп 7-3
И. Есенбаева Д. Каракозовке автокөлік сатып алу жөнінде сенім-
хат берді. Бірақ Д. Каракозов ауыр сырқат салдарынан ауруханаға жа-
тып қалып, жекелей тапсырған міндеттемені орындай алмады. Ол өз
ретімен К. Сұлтановқа қайта сенім білдірді. Бұл сенімхат Д. Карако-
зов жатқан емхананың бас дəрігерімен куəландырылды. К. Сұлтанов
И. Есенбаевқа автокөлік сатып алды, бірақ оның бағасы сенімхат-
та ескертілген бағадан жоғары болды. Сенімхат білдіруші сатып
алынған көлікті қабыл алудан бас тартты. К. Сұлтанов И. Есенбаева-
ны міндеттеп жəне автокөлікті қабыл алып, оған кеткен шығындарды
төлеуді талап етуі жайымен сотқа қарасты.
Сұрақ:
Туындаған дауды қалай шешкен жөн?
Достарыңызбен бөлісу: |