Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет26/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68

82
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
3)  заңдарда  белгiленген  жағдайларда  тауарлар  сатудан, 
жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар жəне салым-
дар  (депозиттер)  бойынша  алынған  дивидендтер  (кiрiстер,  сыйақы 
(мүдде);
5)  заңмен  тыйым  салынбаған  басқа  да  түсiмдер,  заң  актілерiне 
сəйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай жəне өзге де 
нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көз-
дерiне заң актiлерiмен шектеулер қойылуы мүмкiн.
Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қар-
жы  жəне  өзге  де  қаражат  түсiмдерiнiң  тəртiбi  коммерциялық  емес 
ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, 
заттай  жəне  өзге  нысандарда  құрауға  құрылтайшылардың  салымда-
ры  барлық  құрылтайшылардың  келiсiмi  бойынша  ақшалай  нысанда 
бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың АЕК тең со-
мадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растауға тиiс.
Коммерциялық  емес  ұйымдардың,  мемлекеттiк  мекемелердi 
қоспағанда, құрылтай құжаттарына сəйкес олардың басқару орган-
дары мыналар болып табылады:
1)  жоғары  басқару  органы  (жалпы  жиналыс,  съезд,  конферен-
ция, құрылтайшы) – коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген 
мəселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) 
–  коммерциялық  емес  ұйымның  құрылтай  құжаттарымен  жоғары 
басқару  органының  ерекше  құзыретiне  жатқызылған  мəселелердi 
қоспағанда,  коммерциялық  емес  ұйымның  қызметiн  ағымдағы 
басқаруды           жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
3)  коммерциялық  емес  ұйымның  басқару  органдары  сайлай-
тын  немесе  тағайындайтын  тексеру  органы  (тексеру  комиссиясы, 
тексерушi);
4)  коммерциялық  емес  ұйымның  құрылтай  құжаттарына  сəйкес 
басқа да органдар.
Коммерциялық емес ұйымдардың түрлері
Басқару,  əлеуметтiк-мəдени  немесе  өзге  де  коммерциялық  емес 
сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған жəне 
қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.


83
Өзіне  бекітіліп  берілген  мүлікке  деген  мекеменің  құқығы  аза-
маттық заңнамаға сəйкес айқындалады.
Меншік  нысанына  қарай  мекемелер  мемлекеттік  жəне  жеке  деп 
жіктелінеді.
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  жəне  заңдарына 
сəйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Ре-
спубликасы  Үкіметінің  жəне  облыстар  (республикалық  маңызы  бар 
қалалар,  астана),  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  əкімдіктерінің 
нормативтік  құқықтық  актілерімен  мемлекет  құрған  жəне  егер  заң 
актiлерiнде        қосымша  қаржыландыру  көздерi  белгiленбесе,  тек 
мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi  бюджетiнiң  (шығыстар  сметасының)  есебiнен  ғана  ұсталатын 
мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
Мемлекеттiк  меншiктi  иелену,  пайдалану,  билiк  ету  құқығы 
белгiленген тəртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк 
мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрыл-
тайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Мемлекеттік  мекеменің  шарттық  міндеттемелерді  қабылдауы 
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес жүзеге асы-
рылады.
Басқарушылық,  əлеуметтiк-мəдени  немесе  коммерциялық  емес 
сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке жəне (немесе) 
мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның 
бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке мекеме деп танылады.
Жеке  мекеменiң  мүлкi  оған  оралымды  басқару  құқығымен  бекi-
тiлiп берiледi.
Жекеменшiк  мекеме  өз  мiндеттемелерi  бойынша  өзiнiң  билi-
гiндегi ақшамен жауап бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда 
мемлекеттiк  емес  мекеменiң  мiндеттемелерi  бойынша  оның  құрыл-
тайшысы жауапты болады.
Қоғамдық  бiрлестiктер  болып,  азаматтардың  Қазақстан  Рес-
публикасының  заңнамасына  қайшы  келмейтiн,  өздерiнiң  ортақ  мақ-
саттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған ұйымы танылады.
Қоғамдық  бiрлестiктерге  қатысушылардың  (мүшелерiнiң) 
осы  бiрлестiктерге  өздерi  берген  мүлiкке,  соның  iшiнде  мүшелiк 
жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын 
қоғамдық  бiрлестiктердiң  мiндеттерi  бойынша  жауап  бермейдi,  ал 
аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап 
бермейдi.


84
Азаматтар  жəне  (немесе)  заңды  тұлғалар  ерiктi  мүлiктiк  жарна-
лар негiзiнде құрған, əлеуметтiк, қайырымдылық, мəдени, бiлiм беру 
жəне өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ 
коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
Қорды  құрған  кезде  құрылтайшылардың  (құрылтайшының)  ше-
шiмiмен  тұрақты  жұмыс  iстейтiн  алқалы  басқару  органы – қордың 
атқарушы  органы  тағайындайтын  қамқоршылық  кеңесi  құрылады, 
ол  қор  қызметiнiң  оның  жарғылық  мақсаттарына  сай  келуiне  бақы-
лау  жасайды,  сондай-ақ  қордың  жарғысында  бекiтiлген  өзге  де 
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Жұбайлық жəне жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың 
қамқоршылық  кеңесiнiң  көпшiлiк  мүшесi,  сондай-ақ  осы  қордың 
штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.
Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының жəне 
тұрақты  жұмыс  iстейтiн  алқалы  басқару  органының  (қамқоршылық 
кеңестiң)  шешiмдерi  негiзiнде  жəне  оларды  орындау  мақсатында 
жұмыс iстейдi жəне соларға есеп бередi.
Қордың  атқарушы  органының  басшысы  мен  мүшелерi  қордың 
құрылтай құжаттарын, осы заңды жəне Қазақстан Республикасының 
басқа да заң актiлерiн бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң 
салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. 
Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған 
немесе  отырысқа  қатыспаған  адамдар  шығынның  орнын  толтыру 
мiндетiнен босатылады.
Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен 
байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi 
қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, 
қорды  басқару  органының  шешiмдерi  негiзiнде  қордың  атынан 
мəмiлелер жасауға құқылы.
Қорға  оның  құрылтайшылары  берген  мүлiк  қордың  меншiгi  бо-
лып табылады.
Қор  құрылтайшыларының  қордың  мүлкiне  мүлiктiк  құқығы 
жоқ  жəне  оларды  мiндеттемелерiн  орындамағаны  үшiн  жарғыда 
белгiленген тəртiппен құрылтайшылардың жалпы жиналысы қордан 
шығаруы мүмкiн.
Қор  жарғыда  белгiленген  мерзiмде  қаржы  қызметiн  тексерудi 
жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым 
жүзеге  асырады.  Тексерушiнi  сайлау  тəртiбi  жарғыда  белгiленедi; 
аудиторлық ұйымдар заңдарда белгiленген тəртiппен тартылады.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау