Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет24/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68

76
Басқарма мен оның төрағасы кооперативтің атқарушы органы бо-
лып табылады.
Мемлекеттiк кəсiпорындар
Бұл  кəсіпорындар  мемлекет  тарапынан  құрылады  жəне  мем-
лекеттік меншік құқығына негізделеді.
Мемлекеттік кəсіпорындарға жүктелетін басты міндеттер:
Мемлекеттiң  қорғаныс  қабiлетiн  материалдық  жағынан  қамта-
масыз ету жəне қоғам мүддесiн қорғау;
Экономиканың  жекеменшiк  секторы  қамтымаған  немесе 
жеткiлiксiз  қамтыған  қоғамдық  өндiрiстiң  буындары  мен  салала-
рында  бiрiншi  қажеттiлiктегi  тауарларды  өндiру  (жұмыстар  атқару, 
қызметтер көрсету);
Мемлекеттiк  монополияға  жатқызылған  немесе  бақылау  жəне 
қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып 
табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.
Мемлекеттiк кəсiпорындардың түрлері:
Заттық құқықтардың түріне 
қарай:
Мемлекеттік меншіктің түріне 
қарай.
Шаруашылық жүргiзу құқығына 
негiзделген кəсiпорындар
Республикалық
Жедел  басқару  құқығына  негiз-
делген  (қазыналық  кəсiпорын) 
кəсiпорындар жатады.
коммуналдық
Мемлекеттік  кəсіпорындар  туралы  заңнама  Азаматтық  кодекс-
тен, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңынан тұрады.
Мемлекеттiк  кəсiпорын  уəкiлеттi  мемлекеттiк  органның  шешiмi 
бойынша  құрылады.  Республикалық  мемлекеттiк  кəсiпорындарға 
қатысты  республикалық  меншiк  құқығы  субъектiсiнiң  функцияла-
рын  республикалық  мемлекеттiк  меншiкке  билiк  етуге  Қазақстан 
Республикасының  Yкiметi  уəкiлеттiк  берген  мемлекеттiк  орган, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкi (уəкiлеттi  ор-
ган) орындайды.
Министрлiктер,  ведомстволар  жəне  уəкiлеттiк  берілген  өзге 
де  мемлекеттiк  органдар,  сондай-ақ  ҚР  Ұлттық  Банкi  мемлекеттік 
басқару органдары болып табылады.
Коммуналдық  меншiк  құқығы  субъектiсiнiң  коммуналдық  мем-


77
лекеттiк  кəсiпорындарға  қатысты  функцияларын  тиiсті  əкімшілік-
аумақтық бөліністің əкімшілігі (уəкілетті орган) жүзеге асырады.
Тиiстi  əкiмшiлiк-аумақтық  бөліністің  əкімшілігі  не  жергiлiктi   
бюджеттен қаржыландырылатын, əкiм уəкiлеттік берген атқарушы ор-
ган коммуналдық мемлекеттiк кəсiпорындарды мемлекеттiк басқару 
органы болып табылады.
Республикалық  мемлекеттік  кəсіпорындардың  тізімі  ҚР  Үкіметі 
тарапынан  бекітіледі.  Коммуналдық  кəсіпорындардың  тізімін 
жергілікті тиісті атқару органдары тарапынан бекітеді.
Жарғы мемлекеттiк кəсiпорынның жалғыз құрылтай құжаты бо-
лып  табылады.  Мемлекеттiк  кəсiпорынның  жарғысын  мемлекеттік 
басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уəкiлеттi 
органы) бекiтедi.
Мемлекеттiк  кəсiпорынның  жарғысында  кəсiпорынның  түрi, 
оның  фирмалық  атауы,  құрылтайшысы  (уəкiлеттi  органы)  туралы 
мəлiметтер қамтылуы тиіс.
Мемлекеттік кəсіпорынды басқаруды уəкілетті орган жүзеге асы-
рады.
Мемлекеттік  басқару  органы  тарапынан  тағайындалатын  жəне 
соған  есеп  беретін  мемлекеттік  кəсіпорынның  жетекшісі,  кəсі-
порынның  органы  болып  табылады.  Кəсіпорынның  жетекшісі  же-
ке-дара  билік  негізінде  əрекет  етеді  жəне  өзінің  құзіретіне  сəйкес 
кəсіпорынның  қызметі  барысында  туындайтын  барлық  мəселелерді 
дербес шешеді.
Мемлекеттiк кəсiпорынның мүлкi:
1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң;
2)  өз  қызметiнiң  нəтижесiнде  сатып  алынған  мүлiктiң  (ақшалай 
табыстарды қосқанда);
3)  заңдармен  тыйым  салынбаған  өзге  де  қаражат  негiздерiнiң 
есебiнен қалыптастырылады.
Мемлекеттiк  кəсiпорын  тұтас  алғанда  мүлiк  кешенi  ретiнде 
жылжымайтын  мүлiк  болып  танылады  жəне  мемлекеттiк  меншiк 
құқығының объектiсi болып табылады.
Шаруашылық  жүргiзу  құқығына  негізделген  мемлекеттік 
кəсiпорын
Шаруашылық  жүргiзу  құқығы  мүлiктi  мемлекеттен  меншiк  иесi 
ретiнде алған жəне осы мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету 
құқықтарын заңнамалық актілерде белгiленген шекте жүзеге асыра-
тын мемлекеттiк кəсiпорынның заттық құқығы болып табылады.


78
Кəсiпорынның  қарамағында  тек  өзiнiң  жарғылық  мақсаттарын-
да көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiк қана бола 
алды. Кəсіпорын өзінің кірістерінің есебінен қамтамасыз етіледі.
Қызметiн  шаруашылық  жүргiзу  құқығы  негiзiнде  жүзеге  асыра-
тын кəсiпорынның уəкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз:
 
- өзіне  тиесілі  үйлерді,  ғимараттарды,  жабдықтарды  жəне  кəсі-
порынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге 
де əдiспен оларға билiк етуге, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға 
беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
 
- филиалдар, өкілдіктер мен еншiлес кəсiпорындар құруға жеке 
кəсiпкерлермен бiрге кəсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, 
оларға өзiнiң өндiрiстiк жəне ақшалай капиталын салуға;
 
- өзіне  тиесiлi  акцияларға,  сондай-ақ  дебиторлық  берешекке 
билiк етуге;
 
- үшiншi  тұлғалардың  мiндеттемелерi  бойынша  кепiлгерлiк  не-
месе кепiлдiк беруге;
 
- заемдар беруге құқы жоқ.
Кəсiпорын  өзiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  өзiне  тиесiлi  мүлiк-
тiң  бəрiмен  жауап  бередi.  Кəсiпорын  өз  мүлкiн  иеленушiнiң  мiн-
деттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Құрылтайшының  (уəкілетті  органның)  немесе  мемлекеттік 
басқару  органының  iс-əрекетiнен  банкротқа  ұшырағаннан  басқа 
жағдайда  мемлекет  кəсiпорынның  мiндеттемелерi  бойынша  жауап 
бермейдi. Мұндай жағдайда кəсiпорынның қаржысы жетiспеген рет-
те оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
Қазыналық кəсiпорын.
Жедел  басқару  құқығындағы  мемлекеттiк  мүлiкке  ие  кəсiпорын 
қазыналық болып танылады.
Қазыналық кəсiпорынның қызметi мемлекеттік тапсырысты бөле 
отырып,  мемлекеттiк  басқару  органы  бекiтетiн  смета  бойынша  өз 
табысының есебiнен қаржыландырылады.
Жедел басқару құқығы қазыналық кəсiпорынның меншiк иесiнен 
алған жəне өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары 
мен мүлiктiң мақсатына сəйкес осы Заң мен өзге де заң актiлерiнде 
белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету 
құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
Қазыналық кəсiпорынның шаруашылық қызметi оның жарғылық 
мақсаттарымен,  сондай-ақ  мемлекеттiң  тапсырыстары  арқылы 
анықталады.  Өзге  шаруашылық  қызметті  жүзеге  асыруға  жол 
берілмейді.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау